Саба? Ша??ы. Бір мезгілдегі бір адымды ж?ріс
Сабақ № Өтетін күні:
1.Сабақтың тақырыбы: Шаңғы. Бір мезгілде бір адымды жүріс.
2.Сабақтың мақсаты: жалпы төзімділікті арттыру және оқушылардың
шаңғы тебу техникасын жетілдіру.
3.Өтетін орыны: спорт алаңы
4.Керек құралдар: шаңғылар
№ Сабақтың мазмұныУақытыМетодикалық ескерту1.
2.
3.
1.
2.
1.
2.
3.
І.Дайындық бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызып және өтетін сабақты түсіндіру.
Жеңіл жүгіріс, аяқ және қол бұлшық еттерін қыздыратын жаттығулар.
Орында тұрып орындалатын жаттығулар.
ІІ. Негізгі бөлім
Екі шаңғы сырғанай отырып, бір қалыпты қимылмен екі таяқты ілгері шығарады, салмақты аяқтың ұшына түсіреді. Осы жағдайда тізені аз ғана бүгіп, бір аяқпен сырғанай отырып екінші аяқты ілгері шығарып осы аяққа салмақты салады, сонымен бір мезгілде таяқ қарға тіреледі. Аяқты сермеудің аяқталар кезінде сәл ілгері еңкейтілген жағдайда болады. Екі таяқпен итеріп, кейін тұрған аяқты алдынғы тұрған аяқтың жанына әкеледі.
Сәл ғана бүгілген аяқтағы тұрыспен тіктеліп, салмақты аяқтың ұшына сонан кейін екінші аяққа ауыстыру қажет. Осы аяқпен серпіле жылжитын адымға ұқсас етіп екінші аяқпен ілгері аттап басу керек. Сонан соң екі таяқпен итерілген сияқты қимыл жасап бір мезгілде аяқты екінші аяқтың жанына әкелу керек.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызып, жәймен жүргізу, орында тұрып дененің және қол, аяқ бұлшық еттерін қалпына келтірентін жаттығулар жасау.
Шаңғыларын тазалап, сүрту және жинастыру.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
15мин
25мин
5мин Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау
Шаңғымен жаттығулар орындаған кезде техника қауіпсіздігінің ережелерін естеріне салып, ескерту керек.
Төзімділікті жетілдіретін жаттығуларды орындау
Дене тәрбиесі мұғалімі: Жарқымбаев Т.К.