Т?рбие са?аты Аяулы анашым
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Аяулы анашым!»
Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың анаға, бар адамзат баласына деген сүйіспеншілігін ояту.
2. Оқушының бойындағы өнері мен дағдылығын дамыту3. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бақытты балалы шақ», «Ардақтайық ананы», «Мақтан етем анамды» және шарлармен әсем безендірілген үлкен плакатта «Аяулы анашым!» деп мерекелік тәрбие сағатының тақырыбы жазылған.
Үнтаспадан «Аяулы анам» әні қалықтайды.
Сахна: Жанатбек бұрын келіп, көрермендермен амандасты да, әрлі-берлі қайта-қайта қарап, Айзаданы күтіп жүреді. Бір шоқ гүлін, сыйлығын артына жасырып тұрады. Сосын көрермендерден сұрайды.
Жанатбек: -Кешірерсіздер осы жерге меннен бұрын қара торы, бұйра шашты бір қыз келген жоқпа екен?
Көрермендер: -Жоқ.
Жанатбек: -Осы қыздар неге үнемі кешігеді де жүреді? Түсінбеймін.
Жол жаққа қараймын
Сен жоқсың арайлым
Кешікпей келем деп ең…
Мен тұрмын елеңдеумен, - деп әндете бастағанда сахна артынан Айзада шығып, Жанатбекті шошытып жібереді.Айзада: — Сәлем, Жанатбек
Жанатбек: — Қалайсың Айзада! Көйлегің қандай әдеміАйзада: — Рахмет! Сен мені көп күтіп қалған жоқсыңба?
Жанатбек: — Жоқ. Меніңде келгенім осы. Айтпақшы… (гүлін артына жасырып , оны қалай ұсынарын білмей ұялып тұр)
Айзада: — Ия. Не болды?
Жанатбек: — Мен сені алда келе жатырған 8-ші наурыз мерекесімен құттықтайын деп едім. (деп қолындағы гүлді береді)
Айзада: — Рахмет! Жанатбек көрермендер бізді көп күтіп қалған жоқпа? Тәрбие сағатымызды бастайық.
Жанатбек: -Ендеше, бастасақ бастайық.
Айзада: Құрметті асыл аналар; ұлағатты ұстаздар; оқушылар!
Сіздерді алдағы 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Қар астынан қылқиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі де келді.
Жанатбек: Гүл мереке барлығыңыздың шаңырағыңызға құт береке, шат күлкі әкелсін. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Айзада: Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып ертеңгі күннен үміт артып отырған балаларыңыздың дайындаған «Аяулы анашым!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Жанатбек: Наурыз күні, ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірентер ана үні,
Анадай жан туған жоқ жер бетіндеҰғып ал құрдастарым сендер мұны.
Айнұр: Ана деген әлемнің гүлі емеспеАна деген сөздердің көркі емеспеАна деген әлемнің сұлулығыАнасыз бұл әлем бос емес пеАйзада: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарды құрметтепӘн маржанын шашайық.
Х О Р : «Ана тілім»
1-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттымТәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,
Өріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Жайсаң:Наурыздың бүгін сегізі.
Сұлулықтың негізіӘдемі сөз адамныңАнаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің.
Ұсынарлық бүгін біз.
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
2-оқушы: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз сіздердіҚұрметті аналар.
3-оқушы:”Айналайын анашым” Шығармасын оқиды.
Ән: Құттықтаймын.
4-оқушы: Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алган.
Қуанышың берекең.
5-оқушы: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам.
Айзада: Жанатбек,сен білесің бе?
Біздің сыныптың қыздарының барлығы мың бұралған бишілер екенін білесіңдерме?
Жанатбек: Жоқ, білмеймін. Ондай мүмкін емес.
Айзада: Сенбейсің бе? Сенбесең қазір сенесің.Енді тамашалайтындарыңыз “Балдәурен” биі.
Би: Балдәурен.
6-оқушы: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жылдар бұлақтай.
О адамдар қадірлей біл ананыЖат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
7-оқушы: Ана десем шешек атып жанарыӨмірімнің бастау алар жаңа әніАна деген тіршілікте пана бопӘрбір үйде жұлдыз болып жанары.
Жанатбек: Айзада, біздің сыныптың қыздары биші болса, ұлдары жез таңдай әншілер.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,-дегендей ендігі кезекті әнге береміз.
Ән: “Анаға сәлем”
8-оқушы: Әр сөзіңді жаттағамЖүрегіме сақтағам“Анашым”-деп мақтанамАйналайын ақ мамам.
9-оқушы: Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайгығ болса күңіренемТаусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әрбір күнім өлең.
Көрініс: “Тауық”
Жанатбек: Келесі кезекті биші қызымыз Аяулым орындауындағы түрік биі.
Би: “Түрік”биіАйзада: Ана! Ана! Ана! Не деген мейірім, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сөздер жатыр десеңші!
Жанатбек: Дұрыс айтасың Айзада. Өмірде жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Олай болса,келесі кезегімізді әнге берейік.
Ән: “Анашым”
Гүлденсін:Ана десем сезім билер тым ыстық.
Жарасымды адамдарға туыстықБар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
10-оқушы: Тау қопарып.тасты үгіпТұрғыздың сен не қалаСаған қандай жақсылықЖасай алам мен ана.
Айзада: Ендігі тыңдайтындарыңыз Айдананың орындауында ән: “Аяулы”
11-оқушы: Алақаны ақ самалМәпелеген жан анаКөкте күнім батса да
Өзің күнсің балаңаТеңдесі жоқ данасыңАрқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтаймынАман болшы анашым.
12-оқушы: Өзіңсің сүйікті ана құдіретімЖанымды жадыратып күлдіретінСендегі маған деген махаббаттыНұр толы қос жанарың білдіретін.
Би: Вальс.
Ән: Ана туралы.
Хор: “Мамочка”
Айзада: Сәл еңкейген нұр жүзіңнен әл тайып,
Қуат кешіп бара жатыр қартайып
Отбасында бала-шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр
Алғыс естіп қолбаңдайды баладай
Ниеті ақ,пейілі кең даладай
Мәпелеңдер қарт білгенді аялай, - дей келе ендігі кезегімізді әжелерімізге арнайық.
13-оқушы: Менің әжем бұл әжем,
Шуағы мол нұр әжем,
Ақ таяққа сүйеніпАман есен жүр әжем.
Ән: Асыл әжем.
Жанатбек: Қыздарды жігіттерден көп дейді,
Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі,
“Қыз”деген оләдемі ғой әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді.
Айнұр: Анасыз өмір өмір ме?
Көтерілмейді көңілдеТек мәңгілік жасасын.
Аналар бұл өмірде, - дей келіп, сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейік. Бұл береке,шат-күлкі әкелсін!Көктемгі күндей жарқырап тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
Айзада: Дендеріңізге саулық тілей отырып,е ртеңгі күннен үміт артып отырған балаларыңыздың “Аяулы анашым!” атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Хор: “Әрқашан күн сөнбесін”.