Тарих п?нінен ашы? саба? К?шпелі мал шаруашылы?ы


Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Темір дәуіріндегі Қазақстанның тарихын, мал шаруашылығы жайлы толық мағлұмат беріп толықтыру.
Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы, тебіндік жайылым, төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімін арттыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ой өрісін, қабілетін дамыта отырып , жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
А)сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қола дәуіріндегі Қазақстан.
1.Өндіріске металл құрал саймандардың енуі.
2.Қола дәуірінің ерекшеліктері, негізгі сипаттамасы.
3.Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі.
Қола дәуірінің ерекшеліктері. Тірек сызбамен жұмыс.
1.Металл өңдеу игерілді.
2.Мал бағудың көшпелі түріне көшу.
3.Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Андрон мәдениеті. Тірек сызбамен жұмыс.
1.Егін шаруашылығы.
2.Мал шаруашылығы
3.Қолөнер.
Беғазы Дәндібай мәдениеті. Тірек сызбамен жұмыс.
1.Егін шаруашылығы.
2.Мал шаруашылығы
3.Қолөнер.
Тест.
1. Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл:
А) Темір.
В) Мыс.
С) Қола.
Д) Қорғасын.
2. Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі:
А) Б.з.б. 2 млн. 600 мыңыншы жыл.
В) Б.з.б. 40-12 мыңжылдық.
С) Б.з.б.1- 2 мыңжылдық
Д) Б.з.б. 7 мыңжылдық.
3. Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған жер:
А) Памир тауы.
В) Андроново селосы.
С) Тараз қаласы.
Д) Челябі облысы.
4. Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы:
А) Мал шаруашылығы.
В) Егіншілік.
С) бау бақша.
Д) Аңшылық.
5. Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатты.
А) Андрондықтардың баспаналарына .
В) Күркеге.
С) Сібірліктердің қосына.
6. Жеке меншік қалыптасқан кезең:
А) Ерте палеолит
В) Мезолит
С) Неолит
Д) Қола дәуірі.
7. Рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалағандар:
А) Әскери көсемдер.
В) Абыздар.
С) Ру ақсақалдары.
Д) Байлар.
8. «Тотемизм» ..........................
А) Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.
В) Жанға рухқа сену.
С) Жансыз дүниеге сеніп, оның қасиетіне табыну.
Д) Табиғаттың тылсым күшіне сену.
9. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі:
А) Көзе құмыралар жасау.
В) Микролит өндірісі.
С) Дәнүккіш жасау.
Д) Келі мен келсап жасау.
10. Ежелгі адамдар өз білімдерін не арқылы хабарлады?
А) Пиктография.
В) Нумизматика.
С) Топономика.
Д) Иероглиф жазуы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ерте темір дәуірі б.з.б 8 ғасырдан 5 ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең.
Темір берік, әрі салмақты металл. Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандықтар болған. Көшпелі мал шаруашылығының шығу себептері:
1.Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын- шашын азайды, егіншілікпен шұғылдану қиындады.
2.Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.
3.Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
Темір дәуірінде рулық қауымдық құрылыс одан әрі жетіле түсті. Рулар үлкен тайпаларға бірікті. Тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды.Ертеде темір қарапайым тәсілмен пеш-көрікпен өндіріетін.
Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.
Дегенмен де табиғаты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыды.Адамдар жылқыны азық ретінде де, мініс көлігі ретінде де пайдаланады. Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады. Жылқы шаруашылыққа көп пайда әкелді. Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса , қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді. Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет еді.
Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйенің маңызы аса зор болды.Мұнда сиыр аз ұсталды. Еліміздің солтүстігінде өсімдік пен су көздері анағұрлым мол. Ал елдің оңтүстігі қой өсіруге тиімді еді. Бертін келе көшпелілер арбамен көшу әдісінен бас тартты. Олар түйе мен атқа киіз үйін киім-кешегін, үй- тұрмыстық заттарын артты. Егіншіліктен мал шаруашылығына ауысуы климаттың өзгеруіне байланысты. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты, тікенді жантақ пен изенді сорға, құмдв жапан далаға айналды.
IV. Сабақты бекіту. «Ой қорыту»
1.Сәйкестігін тап:
Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді.

Тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға жемшөп әзірлеуді қажет етеді.

Жүк көлігі ретінде пайдаланады, жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.
1.Жылқы
2.Сиыр.
3.Қой.
4.Түйе.
2. «Ыстық орындық» Бір оқушы ортаға шығып орындыққа отырады. Қалған оқушылар сұрақ қою керек.
V. Үйге тапсырсырма.
&12 Көшпелі мал шаруашылығы.
Үрлеу әдісімен шикі темір қорытатын қазандық. Суретке әңгіме құрау.
VI. Оқушыларды бағалау.
Бекітемін
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.А. Сариева.
Январцев орта жалпы білім беретін мектебі.
Ашық сабақ.
Тақырыбы: « Ерте темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы»
6а сынып.
Дайындаған: «Тарих және география» пәндерінің
мұғалімі М.С. Беккулова.

2014-2015 оқу жылы.