Дауысты дыбыстарды жат?а жазу. 
Атырау қаласы,Амангелді орта мектебі МАД мұғалімі 
Абуова Айгуль Сарсеновна
Сабақ тақырыбы: Дауысты дыбыстарды жатқа жазу.
Сабақтың мақсты: 1.Дауысты дыбыс түрлерін жатқа меңгеру,сөз ішінде ажырата білуге,сөз,сөйлем құрауға дағдыланады.
2.Оқушылар сауатты жазуға жуан ,жіңішке дауыстыларға қатысты сөз құрап 
Сөйлеу тілдерін қалыптастырады.
3.Оқушылар ұқыптылыққа,тазалыққа ,әсемдікке талпынады.
Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар,Жазу үлгі
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
                                    Сабақтың жүру барысы:
1.Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері
2.Ой қозғау:
                                 Дауысты дыбыстар
                      Жуан                                  жіңішке
                    А,о,ұ,ы,                             ә, е, ү, і,
3.Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс:
                     Әдептілік әлемі
           Қарсы ал ерте күн көзін,
          Төсегіңді жина өзің.
          Асықпай тамақты,
          Жалама аяқ табақты.
          Пышақты ұста оң қолмен,
          Шанышқыны сол қолмен.
          Саусағыңды сормағын,
          Салдыр-салақ болмағын.
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.
                     Шығармашылық жұмыс:
 Көп нүктенің орнына дауысты дыбыс әріптерін қойып жаз:
Б...л...м, ...қ...ш..., д...пт...р, ...қ...л....қ, т...б...ғ...т, қ...л...,к...т...п.
                   Жат жазу:Жаңылтпаш
                     Ұғымпаз бала,
                      Болар дана.
                      Ұғымсыз бала,
                      Қалар шала.
IY.Ой толғаныс:
-Ізеттілік сөзінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?
-Кішіпейілділік сөзінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?
Y.Үйге тапсырма: жіңішке дауыстыларды жаттау
YI.Қорытындылау
YII.Бағалау