Конспект Арыстан мен тышкан ертегісі
Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Ертегінің негізгі ойын ашып,
тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.
Балалардың ауызша сөздік
қорларын дамыту.
Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп
жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Ақтөбе облысының картасы,
сюжеттік суреттер, дидактикалық
материалдар
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі
Ән айтамыз көңілді
Би-билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты
-Балалар, бүгін біз сабақта Шалқар қаласынан облыс орталығы Ақтөбе қаласына саяхатқа шығамыз.
-Ақтөбеге барып көргендеріңбар ма?
-Ақтөбеге немен барамыз?
-Пойызды кім жүргізеді?
-Көмекшісін кім дейміз?
-Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?
-Балалар, Шалқар қаласынан Ақтөбеге жеткенше пойыз нелерге тоқтайды?
-Дұрыс айтасыңдар, Шалқар қаласынан Ақтөбеге жеткенше пойыз бірнеше аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек. Олай болса
Жолаушы азаматтар, № 6991 Шалқар-Ақтөбе жай пойызына қош келдіңіздер!
Пойызға міну үшін не керек?
Билет алу үшін жұмбақ жасырамын.
Нан атасы киелі
Барлығы ауыз тиеді
Ол не? ( бауырсақ)
-Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, бірінші аялдама Қаудауыл бекеті. Тапсырма: үй тапсырмасы: Қайдан келдің бауырсақ? өлеңінің мазмұнын айту.
-балалар бауырсақ бізге қалай келеді екен?
- дұрыс, бауырсақ бізге жайдан-жай келмейді екен, ол көптеген адамдардың еңбектенуі арқылы келеді екен.
Актуалдау
-жарайды балалар, үйге берілген тапсырманы да жақсы меңгерген екенсіңдер.
-балалар, бауырсақ ертегісі туралы қандай ертегіні ертегіні білесіңдер?
-ол ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?
-олар нелер?
-тағы қандай ертегіні білесіңдер?
-балалар еске түсірейікші, жыл басы не болып еді?
Я балалар, тышқан жылы көптеген бала бақшалар, мектептер салынды. Облыс орталығында үлкен «Нұр ғасыр» мешіті салынды. Балалар тышқан жылы өз ырыс несібесімен келген екен. Ал бүгін біз осы жыл басы тышқан менаңдардың бірі арыстан туралы ертегі өтеміз.
Келесі бекет Біршоғыр бекеті. Тапсырма: жаңа сабақ. Арыстан мен тышқан ертегісі. Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіремін.
-балалар ертегі ұнады ма?
-ертегіден не түсінгендеріңді білу мақсатында келесі бекеттің тапсырмаларын орындаймыз. Келесі бекет Мұғалжар бекеті. Тапсырма: кубизм стратегиясы арқылы сұрақ-жауап жүргіземін.
Сұрақтар:
-біз жайлап жолдың жар ортасына да жеттік. Келесі аялдама Ембі бекеті. Тапсырма: сергіту сәті
Бала,бала балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнат.
Келесі бекет Қандыағаш бекеті. Тапсырма: Кім жылдам? (топтық жұмыс) балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне арыстанның, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыртамын.
Келесі бекет Алға бекеті. Тапсырма: «Ұшқыр ой» сұрақтарға жауап беру арқылы бір сөйлем құрастыру.
Мынау не?( арыстан)
Ол қандай аң? (жыртқыш)
Ол қайда мекендейді? (орманда)
Бір сөйлем құра. Арыстан жыртқыш аң. Арыстан орманда мекендейді.
-балалар бірнеше аялдамалардың тапсырмаларын орындау арқылы да Ақтөбеге келдік.Тапсырма: өлең
Арыстан
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
өлеңді балаларға 3-4 рет айтқызамын да, жаттаған балалардан сұраймын.
Бекіту
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегі не туралы?
-Тышқан қандай аң?
-Сендерге тышқанның әрекеті ұнады ма?
-Ал сендер тышқанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
-Сонда балалар, айтқан сөзде, берген уәдеде тұру керек екенін ұқтық.
Бағалау
Міне ақтөбеге келіп жеттік, билеттеріңді таратып берейін. Билеттердің орнына қуанышты хабарлама таратамын.