А?ылшын тілінен Ойыншы?тар та?ырыбы бойынша дидактикалы? ойындар


Ағылшын тілін үйретуге арналған дидактикалық ойындар
«The Magic bag»
«Ғажайып қоржын»
Мақсаты: балаларға ойыншық атауларын ағылшын тілінде қайталата отырып, қысқа сөйлем құрауға үйрету. Сөздік қорын байыту.
Ойын шарты: педагог ортаға ойыншықтар салынған қоржынды алып келеді. Қоржында ойыншықтар бар екенін хабарлай отырып, балаларды бір-бірден келіп, қоржыннан ойыншықты алуды ұсынады.
Бала сипап ұстау арқылы бір ойыншықты таңдайды да, барлығына көрсетіп: I have got a…. немесе It is a…. -дейді.
Педагог балалардың жауабын «Yes, it is», «No», «Right» немесе «Wrong» деп бағалайды.
«What is missing?»
«Не өзгерді?»
Мақсаты: балаларды педагог нұсқауын тындауға және түсіне білуге үйрету. Ойыншық атауларын ағылшын тілінде айтуға жаттықтыру. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Ойын шарты: педагог балалардың алдындағы үстелге ойыншықтарды қояды. Балалар қандай ойыншықтар бар екенін қарайды да, ана тілінде атайды. Педагог «Сlose your eyes!» деп нұсқау берген де балалар көзін жұмады. Сол сәтте педагог бір ойыншықты жасырып тастайды. Содан соң «Оpen your eyes!» деген нұсқау береді. Балалар көздерін ашып, қандай ойыншық жасырынғанын тауып, оның ағылшынша атауын айтады.
«Take the toy»
«Ойыншықты ал»
Мақсаты: балалардың зейінін, есту қабілетін дамыту. Ағылшын тілінде ойыншық атауларын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Көрнекі құралдар. Ойыншықтар немесе заттар: қуыршақ, машина, пирамида, балапан және т.б.
Ойын шарты: Балалар ойыншықтар қойылған үстелге қарсы, жарты шеңбермен құрылған орындықтарға отырады. Педагог жанында отырған балаға заттардың бірінің атауын ағылшынша сыбырлап атайды, ал бала әрі қарай көршісіне сыбырлауы тиіс. Сөз тізбек бойымен жалғасады. Сөзді соңғы естіген бала орнынан тұрып, үстелге жақындайды да, осы затты іздеп табады және оны дауыстап атайды.
Педагог барлық баланың сөзді сыбырлап айтса да, оны анық айтуын қадағалайды.
«Be quick and right»
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»
Мақсаты: балалардың үйренген сөздерін бекіте отырып, заттарды (ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар т.б.) жекеше және көпше түрде атауға жаттықтыру.
Ойын шарты. Педагог балаларға сөздердің жекеше және көпше түрде қолданылуын түсіндіреді. Бір затты жекеше айта отырып, оны көпше түрге айналдыруды сұрайды.
Педагог бір ойыншықты (сурет) көрсетіп атынатайды:
A bear!
Ал, балалар сөзді көпше түрде айтады:
- Bears! … және осылай жалғаса береді.