Презентация по казахскому языку на тему “Т?ра?ты тіркестер ж?не оны? ерекшелігі”


Сабақтың тақырыбы: “Тұрақты тіркестер және оның ерекшелігі” Пәні қазақ тіліПән мұғалімі:Усманова Мафтуна Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркестер туралылингвистикалық білімдерін кеңейту және оныңерекшелігін айту жаттығу жұмыстары мен қосымшатапсырмалар арқылы бекіту.  Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгіліккебаулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалықдүниетанымдарын кеңейту, пәнге дегенқызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру.  Сабақтың типі: ашық сабақ Сабақтың түрі: Блум таксономиясы Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, мағынасын тану  Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;ә) Үй тапсырмасын сұрау: б) зейіндерін сабаққа аудару. Білу.  Өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында «Бастаңғы» ойынын ойнау. Балалар, үй тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексеру үшін, сендерді «Бастаңғы» ойынына қатысуға шақырамын. «Бастаңғы» сөзінің мағынасын көбіміз біле бермейміз.Әуелі түсіндіріп өтейін.  Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі – бастаңғы жасау. Үлкендер жолға шығып немесе қонаққа кеткенде үйде қалған қыз-бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра тартып, әзіл-қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Өнер жарысы болады.Балалар, сендер де бастаңғыға бара аласыңдар. Міне, бастаңғы дастарханы сіздерді күтіп тұр.Бірақ, онда бару үшін, мына үстел үстіндегі ұлттық тағамдарды дастархан үстіне апарып қою керек.Ал, ол тағамдарды апару үшін, артындағы сұрақтарға жауап беру керек.Қане, кім қай тағамды қояды?  Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар. Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін Еркін сөз тіркестері Тұрақты тіркестер Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам,кең бөлме, ашық есік, т.б. Тайға таңба басқандай (анық), жүрек жұтқан(батыр), тіс жармау(үндемеу), бармағын тістеу(өкіну), мұрнын көкке көтеру(менменсу),Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт),т.б. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады. 1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады. Түсіну. Енді оқулықта берілген түсінікті өзіміз оқып, түсінгенімізді айтайық. Әр топқа абзац бойынша тапсырма беріледі. Оқушылар тақырыпты өздері ашады. 1. Тұрақты тіркес құрамындағы сөздердің мағынасы фразеологизмнің мағынасымен сәйкес келмейді.Ол сөздер тұтасып барып бір ғана мағына береді. 2. Тұрақты тіркестер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды. 3. Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады. Бір ғана сұраққа жауап береді де, сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.  Қолдану. Тапсырма. «Сөзбен сурет құрау» Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған.Соны табу, мағынасын айқындау Сол сөздерге қатысты адамның дене мүшесінің суреттерін орнына қойып құрастыру. 1.....іне көк шыбын үймелету  2.....нын көкке көтеру 3.....і бүлк етпейді 4.....ын балта кеспейді 5.....етін жеді 6.....ы күйген үрлеп ішер 7....жармады 8Төбе ......тік тұру 9 ...... жар бермеу  Кітаппен, дәптермен жұмыс114-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.Мәтінге ат қойыңдарМәтіннен тұрақты тіркестерді табыңдар.Өздеріңе ұнаған сөйлем не сөз тіркестерін теріп дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.117-жаттығу. Түсініп оқыңдар.Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек,жай сөз тіркестерінбір бөлек көшіріп жазыңдар. Сегіту сәті Мысалдар Тұрақты тіркес Еркін тіркес Әдепті бала Бармағын тістеу Қол ұшын беру Үйге қайту Бір аттам жер Зәресі зәр түбіне кетті Орындалған арман Сабақ айту Таяқ тастам жер Домбыра тарту Қой аузына шөп алмас Ойын ойнау Сөзінің аяғын жұту Жинақтау.  Тапсырма.Берілген тұрақты тіркестерді пайдаланып, берілген тақырыптар бойынша мәтін құрау. «Отбасы». сүттей ұйыған, көрер таңды көзімен атыру, аузынан түскендей. «Достық». Жұлдызы жарасқан, арасынан қыл өтпес,қолы ашық, бетке айту, ағынан жарылды. «Менің әжем». Жүрегі жұмсақ, бес саусақтай білу, алпыс екі тамыры босады.  Нені білдім? Нені білгім келеді? 1.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?2.Тұрақты тіркестердің ерекшелігі неде?3.Тұрақты тіркестерді өмірде қандай жағдайларда қолдануға болады? Ереже жаттау және ереже дәптерге жазу.51-52 бет54 бет 115-жаттығу.Өлеңді түсініп оқып,жаттап алыңдар және тұрақты тіркестерді табыңдар.Бағалау