?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Т?ра?ты тіркестер


Күні:
Сынып: 5
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың аты Тұрақты тіркестер
Сілтеме ЖоспарЖалпы мақсаты Тұрақты тіркестер туралы түсінік беру
Топта бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Тұрақты тіркестерді дұрыс ажыратады
мағыналарын анықтай біледі
Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар 1. Төбесі көкке жетті (қуану), төбе шашы тік тұрды (қорқу), қой аузынан шөп алмас (момын), он саусағынан өнер тамған (шебер)
2. Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркесін тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) дейміз.
3. Оқушылар өздері мысалдар келтіру...
4. Тұрақты тіркестердің ерекшелігі: сыңарлары тұтасып барып бір ғана мағына береді, тұрақты тіркесті құрайтын сөздердің орнын ауыстыруға келмейді, тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлем құрамына бір бүтін тұлға ретінде енеді.
5. Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, немесе оларды мағынасы жағынан жақын сөздермен түсіндіруге болады: көзге түртсе көргісіз, қараңғы/ аузы көпірді, аузын жимады.
6. Тұрақты тіркестер мағынасы жағынан бір-біріне антоним болып келеді: ат ізін салмады, ат ізін құрғатпады.
7. Тұрақты тіркестер – ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.
8. Сергіту сәті
9. 109- жаттығу. Тұрақты тіркестер қайсысы антонимдік қатар, қайсысы синонимдік қатар құрып тұр?
10. 110- жаттығу. Өздерің білетін әдеби кейіпкерлерге тұрақты тіркестер қатыстыра отырып мінездеме бер.
11.111- жаттығу. Үш ұйықтаса да түсіне кірмеген, су сепкендей басылып, құмға сіңген судай, сөзінің аяғын жұтып.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Топтық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
ІІІ. Талқылау үшін сөздер беріледі (3 минут)
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу 2 Міндетін атқару 3 Топтық жұмысқа атсалысуы Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. сергіту сәті (3 минут) (видео)
V. Топтық жұмыс «жаттығу» (15 минут)
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар Жаттығу жұмыстары
Кейінгі оқу Тұрақты тіркестер