Ашы? саба? Т?ра?ты тіркестер


Күні:
Пәні: Қазақ тілі
І Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
ІІ Сабақтың мақсаты:
Тұрақты тіркестер жайындағы білімдерін пысықтай
1.Білім беру: отырып, жаттығу жұмысын орындау барысында
білімдерін одан әрі толықтыру.
Тұрақты сөз тіркестерінің синонимдік, антонимдік
баламалары болатынын және оларды мағынасына
қарап ажырата білуге үйрету, түсіндіру.
2.Дамыту: Тұрақты сөз тіркестерінің ойды бейнелеп айтудағы
мәнін түсіндіріп, оны өз сөздерінде қолдана білуге
машықтандыру.
3. Тәрбиелеу: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге,
өз ойын жүйелі жеткізе білуге тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV Сабақтың әдісі: «Куббизм» , «Ішіне сыртына», «Ой қозғау» әдістері
V Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
VІ Сабақтың көрнекілігі: Кубик, бәйтерек суреті
VІІ Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тәртіпке шақыру, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.
2.Үй жұмысын сұрау.
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Үй жұмысын «Куббизм» әдісі арқылы сұраймын.
І. Суреттеңіз.(Эвфемизм туралы түсінік)
ІІ. Салыстырыңыз (эвфемизм мен дисфемизм)
ІІІ.Ізденіңіз. (Бір сөзбен қалай айтамыз?)
3. Жаңа сабақ:
-Балалар, біз төменгі сыныптан бастап еркін сөз тіркесі жайында мағлұмат алдық.
- Ал, тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?
«Ой қозғау» стратегиясы.
Бірнеше мысалдар келтіру.
Еңбегі жану, айы оңынан туды, тас жүрек, тайға таңба басқандай, жүрегі зу ету,
Бетінен оты шығу. Осы тұрақты тіркестердің мағынасын ашу. Олай болса, біз
осындай сөздерді тұрақты сөз тіркестері дейміз.
-Балалар, тұрақты сөз тіркестері не үшін қажет?
-Олардың еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы қандай?
-Мына бәйтерек не үшін ілінді?



Тұрақты тіркестер –ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.(фразеологизм)
Сөз мағынасын ашу үшін фразеологизмдік сөздікпен жұмыс жасау керек.
Топтық жұмыс.
1-топ. 109- жаттығу.( мағынасын аш)
2-топ. 110- жаттығу.( сөйлем құра)
3-топ.111- жаттығу.(тұрақты тіркестерді тап)
«Ішіне-сыртына» әдісі(топтық тапсырма)
Ішіне-еркін сөз тіркесі
Сыртына-тұрақты сөз тіркесі
112-жаттығу.
Үлгі:
Түсінде ақ сақалы бетіне түскен, ақ таяғымен көк тіреген әулие қарт аян береді.
-Қорқыт кім?
-Ол жайында не білесіңдер?
Жауап ала отырып, тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.
4. Сабақты қорыту.
1-топ.Өздерің білетін әдеби кейіпкерге тұрақты тіркестерді қатыстырып, мінездеме бер(ауызша)
2-топ. Берілген суретке тұрақты тіркесті қатыстырып, сөйлем құра.
3-топ. «Бір сөзбен қалай айтамыз?»
4-топ. Тұрақты тіркестердің мағынасын аш.
5.Үйге тапсырма: 114-жаттығу.
6. Оқушы білімін бағалау.