«sin x = a, cos x = a ?арапайым тригонометриялы? те?деулерді шешу»
Сабақтың тақырыбы: «sin x = a, cos x = a қарапайым
тригонометриялық теңдеулерді шешу»Сабақтың мақсаты: Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше білу дағдыларын қалыптастыру.Білімділік: қарапайым тригонометриялық теңдеулер шығару дағдысын қалыптастыру және олардың дербес түрлерін анықтауды үйрету, есептер шығаруда формулаларды орынды қолдана білуге бағыттау.Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту,Тәрбиелік: өз пікірлерін жүйелі, еркін жеткізуге, бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бірін - бірі тыңдауға, жеке тұлғаның қабілетін дамытуға, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: компьютер, презентация, түрлі түсті сызба - суреттері.«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»Ахмет БайтұрсыновСабақтың жүру барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі:а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру;ә) оқушылар назарын сабаққа аудару;б) сабақ мақсатымен таныстыру;Алдын - ала бөлінген топ бойынша сыныпты «Синус», «Косинус», «Тангенс» және «Котангенс» - топтары бойынша отырғызу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8 мина) «Синус», «Косинус», «Тангенс» және «Котангенс» әрбір топ өзінің тобы туралы қысқаша таныстырады.1 – топ: синус; В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.2 – топ: косинус; В нүктесінің абсциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.3 – топ: тангенс; В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.4 – топ: котангенс. В нүктесінің абсциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.