Білім беру технологиялары ж?не оны о?у-т?рбие ?рдісіне енгізу жолдары


Білім беру технологиялары және оны оқу – тәрбие үрдісіне енгізу жолдары

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан да ғылыми – техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше бір түрі болып табылады. Жаңа инновациялық технологияны қалыптастыру үшін педагог өзіне шығармашылықпен қарайтын, іскерлікті қажет ететіндей тұлға болуы тиіс. Әрбір педагог жаңа технологияны игеру барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады.
Қазіргі таңда оқушылар жаңа әдістерді сабақта пайдалана отырып сабақтың қызықты, әрі сапалы өтуіне әсерін тигізуде.Дәстүрлі оқу үрдісінде дәріс барысында мұғалім басты рөл атқарған болса, қазіргі кезде оқушының іс-әрекеті маңызды. Бүгінгі таңда нені оқу емес, қалай оқыту маңызды болып отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің негіздерін меңгеруі аса маңызды мәселелердің бірі.
Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы заман талабына сай білім сапасын байытудың бірден-бір шарты. Білім беру – оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін – өзі дамытуына жағдай туғызу деген сөз.
Мектепте қызмет атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру қажет. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден жаңа педогогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін тексереді.
Қазіргі таңда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңа келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану арқылы түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Ұлы неміс педагогы А.А.Дистерверг: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсысы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»- деген.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор. Сыни тұрғысынан ойлау ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өз бетінше зерттеп, дәлелдеп,тұжырым жасауға қалыптасуы. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы оқушылардың қызығушылықтарын оятып, мазмұнды ашып, рефлексия жүргізуді қамтамассыз етіп, оқушыларға оқу үрдісін басқартып қана қоймай, дербес, ұжымдық білім игеруге үйретеді.
Ы.Алтынсариннің «Мұғалім мектептің жүрегі»,- деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі.Ойы жүйрік, бәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыра алады. Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлан –ғайыр еңбекті талап ететін жауапкершілік жүгі ауыр да салмақты сала. Осы тұрғыдан өзім жұмыс жасайтын мектепте әр сабағымды түрлендіріп, деңгейлеп-саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып өткіземін. Әр түрлі ойын арқылы сабақты түрлендіре өткізу тиімді деп ойлаймын. Төменгі сыныптарды сабақ қызықты өту үшін әдіс-тәсілдердің әр түрлерін қолданамын.

Осындай стратегиялар арқылы бала ойын еркін отырып жеткізеді. Бұдан оқушының ойлау, сөздік қоры жетіледі, әрі қызығушылығы оянады.
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса жерге еккен дәніңнің өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды да тәрбиелемесек өспейді. Ендеше бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология болып табылады.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бір сабақтың әр кезеңінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасындағы қарым-қатынастың нығаюына әсерін тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуына еріктілігі, оның өз күшін, шамасын білуге, қиындыққа дайын болуға жетелейді.