Мо??олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуы
Сабақтың тақырыбы: Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Білімділік мақсаты: Оқушыларға моңғол мемлекетінің құрылуы,саяси-әкімшілік құрылымы, «Жасақ» заңдар жинағы,моңғолдардың қазақ даласына алғашқы жорықтары Қазақстанды жаулауы, «Отырар апаты», ұлыстардың құрылуы,моңғол шапқыншылығының салдары туралы түсінік беру.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке, патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ойлау, еркін сөйлеу, есте сақтау, қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабақ.
Технологиясы: Тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау элементтері.» «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»әдісі
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география
Көрнекілігі: слайдтар, бейне ролик,дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі Сабақ барысында оқушылар дидактикалық материалдар арқылы топқа бөлінеді .
І топ ІІ топ ІІІ топ
Сабақты жүргізу жоспарыІІ. Үй тапсырмасын сұрау1. Қожа Ахмет Иасауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген.(870 -950)3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)5. Қожа Ахмет Иасауидің қандай шығармаларын білесіңдер.(«Диуани – и хикмет »)6. «Диуани лұғат ат – түрік» еңбегінің авторы. (Махмуд Қашқари)– Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.
1. Сендер, патриот, патриотизм деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. . Шыңғыс хан Бұл есім туралы не білеміз?.Ендеше, сендер біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
Ендеше дұрыс айтасыңдар, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Моңғол империясының құрылуы»
«Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер.
ІІ Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1 Моңғол империясының құрылуы
2 Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
3 Шыңғыс ханның жорықтары
4 Шапқыншылықтың зардаптары5 Ұлыстардың құрылуы
Негізгі бөлім: Интерактивті тақтадан слаид тірек-сызба арқылы тақырыпқа шолу жасау.
1. Моңғол империясының құрылуы.
Моңғол ипмериясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
2. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы:
Шыңғысханның жорықтары
1207-1208 ж Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы1207-1209 ж Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы1211-1215 ж Қытай жерін бағындырылуы1217 ж Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы1218 ж Монғолдардың Жетісу жеріне енуі1219 ж 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы1219-1220 ж Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
1219-1224ж Орта Азия мен Қазақстан Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды
Жаулап алудың зардаптарыЖетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
Термин сөздермен жұмыс. Оқушылар ғаламторды пайдаланып, термин сөздердің мағынасын табады.«Жасақ» («Яса») – заң жинағы.«Құрылтай» – жылына бір рет болатын кеңес.«Барунгар» – оң қанат.«Кул» – орталық қанат.«Мыңбасы» – бір мың әскердің басқарушысы.«Жүз» – бірнеше ұлыстың бірігуі.«Хан» – тайпа көсемі, мемлекет билеушісі.
«Ұлыс» – бөліп берілген жерлер.
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға топпен жұмыс жүргізу.
I топ Фишбон немесе балық қаңқасы. (Оқушылар жаңа тақырыпты алып,осы схемаға салу арқылы өз ойларын ортаға салады.) Себептер, дәлелдер нәтижесі Балықтың бас сүйек қаңқасындағы проблеманы анықтайды.
Қаңқа сүйекшелерінің жоғары бөлігіндегі проблеманың себебін анықтайды.
Төменгі сүйекшелерінде себепті нақтылайтын дәлелдерді жазады.
Балықтың құйрығына қорытынды жазады.
II топ Жуан жіңішке сұрақтар құрастыру.
Жуан сұрақтар:Мысалы: Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті?
Жіңішке сұрақтар: Мысалы: Темучин қай жылы хан сайланды? 1206 жылыIII топ Кластер. «Монғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізетін зардаптары» туралы шағын жобаға түсіріп, қорғайды.
Хронологиялық диктант
1206 жыл 1155-1227 жыл 1207-1211 жыл 1215 жыл 1217 жыл 1210-1211 жыл 1219 ж қыркүйек
1219-1224 жылБекіту сұрағы.
1155 ж Жошы ҚұрылтайЕсукей Шағатай 150 мыңЯса Үгедей 1206 жылОтырар Төле СығанақҚайырхан Ашнас 1219 жыл
Эссе «Есте қалсын Отырардың жанқиярлық ерлігі»
VIII.Үйге тапсырма. Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру