?аза? хандары мен билері. 5-сынып


Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 5 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 09.12.2016 Уақыты:
Сабақ тақырыбы §13 Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Жоспары
Білім стандарты, пән бағдарламасы,  «Қазақстан тарихнан әңгімелер» оқулығы -5 сынып, автор Артықбаев Ж.О. Сабданбеков Ә.Ә, Әбіл Е.Н Интернет материалдары
Жалпы мақсатыМіндеттері 1.Қазақ хандары, билері және батырларының ерлігі,басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, елге атқаратын қызметі және Қазақ халқының коғамдык саяси құрылыстарымен таныстыра отырып, баға беру.
2. Өткен ғасырлардағы қазақ елінін сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту.
3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Қазақ хандары, билері және батырларының елді басқарудағы, қорғаудағы ерліктері туралы оқи отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.
Негізгі идеялар Оқушылар өткен ғасырларда қазақ халқының қалыптасуына негіз болған хандар,билер ,батырлардың өмір жолдарымен таныса отырып өз ойымен корытындылай білуге үйренеді.
Тапсырмалар
/Wiki материал-дары/ Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
Жұптық жұмыс (Кесте толтыру)
Жеке жұмыс (Жабық тест)

І.Ұйымдастыру
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу зейінін сабаққа аудару. (2минут)
Топқа бөлу (тарихи қала аттары арқылы үш топқа бөлу) ( 2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасы
Кесте толтыру Жұптық жұмыс
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дәуір Тайпалар Антропологиялық типі
Жабық тест жеке жұмыс
1. Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ орданы кім биледі?
А)Жошы Ә) Әбілқайыр Б) Керей В) Жәнібек
2. Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы кім болып саналды?
А) Жошы Ә) Алаш Б) Керей В) Жәнібек
3. Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1 млн –ға жетті?
А) Жәнібек Ә) Керей Б) Қасым В) Төле
4. «Қазақ» этнонимінің мағынасы
А) Хан, батыр Ә) еркін адам, ерікті қоғам Б) тәуелсіз ел В) қоғамдық билік
5. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтар қай мемлекеттен бөлініп кетті?
А) Әбілқайыр мемлекетінен Ә) Орыс хандығынан Б) Алтын ордадан В) Бәрі дұрыс
Дұрыс жауап
1 2 3 4 5
а ә б ә а
«Кім жылдам?» Сұрақ – жауап
1. Этнос ұғымын қалай түсінесіңдер?
2. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне тайпаларды атаңдар.
3. Қазақ халқы халық болып қалыптасуда қандай тарихи оқиғаны бастан кешірді?
4.Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың Әбілхайыр ханға бағынбай, Шу бойына үдере көшуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
5. Алғашқы қазақ хандығы құрылған аумақта картадан көрсетіңдер (контур картадан берілген тапсырманы тексеру)
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларға слайдтан суреттер көрсетіледі. (қазақ хандары мен билері)
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақыры қандай болуы мүмкін?
Слайд бойынша мұғалім түсіндірмесі.
Билер туралы Видео көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс мәтінмен танысып болғансоң постермен жұмыс (10 минут)
1 топ тапсырамасы
2-топ тапсырмасы 3-топ тапсырмасы
Хан, Жошы Қазақ хандары Ақылы асқан Әз Тәуке

Сыныпты қиылған сөйлемді құрастыру арқылы екі топқа бөлу.
1. Қазақ хандары тобына:
Р/с МазмұныКелісемін Келіспеймін1 Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті. 2 Ханның уәзірі болған жоқ3 Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс4 Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ2. Қазақ билері тобына:
Р/с МазмұныКелісемін Келіспеймін1 Би – әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам2 Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес3 Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады4 Би – жазалау құқығына ие болған жоқ Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын. (5 минут)
Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.
728 * 2 + 226 = 1682 (Әйтеке би дүниеге келді)
415 * 4 + 104 = 1764 (Қазыбек би қайтыс болған жыл)
560 * 3 + 76 = 1756 (Төле би қайтыс болған жыл)
680 + 3000 -2028 = 1652 (Тәукенің әкесі Салқам Жәңгір қаза табады)
860 * 3 +1115 = 1465 (Қазақ хандығы құрылды)
920 * 2 – 613 = 1227 (Жошы дүниеге келген жыл)
Сөз кімдікі?
Төмендегі нақыл сөздерді айтқан адамымен сәйкестендір:
1)Болмас іске қарыспа, 1) Әйтеке би
Біреуге ор қазыспа,
Жауыздық іске барыспа.
2) Сен - темір де, мен – көмір 2) Төле би
Еріткелі келгенмін!
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгенмін!
3) Атадан ұл туса игі, 3) Әйтеке би
Ата жолын қуса игі.
4) Бай болсаң халыққа пайдаң тисін. 4) Төле би
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
5) Шешендіктен не пайда, 5) Қазыбек би
Артында сөз қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса,
Сематикалық карта
Би Кіші жүздің биі 93 жасын
да қайтыс болған Абылай ханды босатуға қатыс
ты Әлім тайпа
сынан шық
қан Ташкентте жерлен
ген 84 жас өмір сүрген Ұлы жүздің биі Орта жүздің биі
Төле би Қазыбек би Әйтеке би Тарихи портрет
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Сұрақ - жауап
1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.
Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?
Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?
Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа катысты?
Жоңғарларға қарсы жүргізілген көптеген ұрыстарда Қабанбай қандай міндет атқарған?
Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен басқа қандай батырларды білесіңдер?
Рефлексия: Бәрі менің қолымда. Оқушыларға алақан суреті беріледі. Әр саусақтың сұрағына қарай оқушылар жауабын жазады.
Бағалау