?аза? тілінен саба? жоспары «Модульдік та?ырыпты пысы?тау». «?дебиет. Етіс т?рлері.»


Ашық сабақ 7Б сынып
Тақырыбы: «Модульдік тақырыпты пысықтау».
«Әдебиет. Етіс түрлері.»
Мақсаты:
Білімділік: "Әдебиет" деген тақырыпта өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың өткен модуль бойынша алған білімдерін, ой-өрістерін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, пікір алысуға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды қызықтырып, қазақ тілі мен әдебиетіне
деген ықыласын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, бір-бірін
тексеру, сұрақ-жауап, іздеңіс, оқушыларды топқа бөлу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау
II. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгін біз «Әдебиет» деген тақырыпта өткен 12 модульді қорытындылауда нәтиже сабағымызды өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдеріңізді көрсетесіздер.
III. Мәтінмен жұмыс.
I - топ
Ақын-ағартушы, жаңа жазба қазақ әдебиетінің негізін салушы. Қазақ сөз өнерінің әлемдік деңгейге көтерілген ұлы өкілі. Оның өлеңдері - тіл кестесі өзгеше, мазмұны терең шығармалар. Шығармалары халықты еңбекке, жарқын өмір жолындағы күреске шақырады.
II - топ
Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз, атақты ақын, білгір аудармашы. Өз халқын жанындай жақсы көрген патриот. Ол қазақ балалары үшін көп еңбек етеді. Балаларға арналған көптеген өлең, әңгімелер жазады. Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударады.
Тапсырма: Үзіндіні оқып кім туралы екенін айту
Венн диаграммасын құру.
Ы. Алтынсарин
А. Құнанбайұлы

Ортақ

IV. Грамматикалық тақырып.
Етіс түрлері


Ортақ етіс
Өздік етіс
Ырықсыз етіс
Өзгелік етіс

V. Карточкалармен жұмыс:
Сөйлемдерді көшіріп, етіс жұрнақтарын белгілендер.
1-топ.
Сен тез ки...н, театрға барамыз.
Сіз көп ойла...дыңыз.
Сұрақтар да қой...ды, жауаптар да бер...ді.
Ол қонақтарға ән айт...ды.
Балалар өлең айт...ты, өнер көрсет...ті.
2-топ.
Марал жұмыстан сұра...ды.
Олар ұзақ уақыт әңгімеле...ті.
Мұғалім оқушыларға жаттығу жаз...ды.
Жұмыстың нәтижесі анықта...ды.
Кинотеатрға орындықтар қой...ды.
VI. Ауызша жұмыс
Мақал-мәтелдер


«Отан»
«Өнер-білім»

«Ынтымақ, бірлік»

«Еңбек, кәсіп»
«Батырлық, ерлік»

Тапсырма: Мақал-мәтелдерді орыс тіліне аударындар
1. Балықшы балықшыны алыстан көреді.
2. Көз қорқақ, қол батыр.
3. Жеті рет пішіп, бір рет кес.
4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
5. Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
6. Темірді қызған кезде соқ.
7. Өлгеніңше үйрен.
8. Отан - оттан да ыстық.
9. Не ексең, соны орасың.
10. Еңбек етсең, емерсің.
VII. Қорытындылау.
Балалар бүгін сабақта біз не өттік, қандай жұмыстар жүргіздік.
VIII. Үйге тапсырма беру.
Отан, өнер-білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттап келуIX. Бағалау.
Оқушыларға баға қою
I-топ.Білім, оқусыз, жоқ, білімсіз, жоқ, күнің.
Еңбек, ердің атын, шығарады.
II-топ.Туған жердей, болмас, жер, елдей, туған, болмас, ел.
Білмегенінді, өз, сұра, кісіден.
Марал жұмыстан сұра...ды.
Олар ұзақ уақыт әңгімеле...ті.
Мұғалім оқушыларға жаттығу жаз.....ды.
Жұмыстың нәтижесі анықта....ды.
Кинотеатрға орындықтар қой....ды.
Сен тез ки...н, театрға барамыз.
Сіз көп ойла...дыңыз.
Сұрақтар да қой....ды, жауаптар да бер....ді.
Ол қонақтарға ән айт.....ды.
Балалар өлең айт....ты, өнер көрсет....ті