Дауысты дыбыстарды пысы?тау. ?оян.
Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Буранбаева Айгүл Алдабергенқызы
Ана тілі (1 класс)
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстарды пысықтау. Қоян.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік – дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету;
дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін
меңгерту, оқушылардың тұтас оқу,көркем және сауатты жазу
дағдыларын қалыптастыру, мәтін мазмұнын баяндауға машықтандыру;
Тәрбиелік – оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, табиғатты қорғай білуге
үйрету, шопан еңбегін айта отырып еңбексүйгіштікке,әдептілікке
тәрбиелеу
Дамытушылық – оқушыларды логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Сабақта қолданылатын әдістер:
а) интерактивті тақта;
ә) түсіндіру;
б) сұрақ – жауап;
в) талдау – жинақтау;
г) практикалық жұмыс
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер мен құралдар: оқулық, интерактивті тақта,суреттер, «Қарлы кесек» ойыны, ойындар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық. (Оқушылардың сабаққа зейінін тоқтату).
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонаққа апайлар келіп отыр, олар біздің ана тілі сабағымыз қалай өтеді, сіздер осы уақытқа дейін не үйреніп, не білетіндеріңізді, мәтінді оқи аласыздар ма соны қарайды. Сондықтан сабағымызға жақсы қатысайық. Ал, біздің бүгінгі сабағымызда дауысты дыбыстарды пысықтау мақсатында тапсырмалар орындаймыз және оқулықтағы келесі мәтінмен танысамыз .
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
а) «Шопан еңбегі» мәтінінің мазмұнын айтқызу
- Не себепті Шопан атаны нағыз батыр деп атаймыз?
(оқушылар ой қорытындысын жасайды)
ә) «Саққұлақ» өлеңін жатқа сұрау.
-Саққұлақ өскен кезде қандай болады деп ойлайсыздар?
ІҮ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Сабағымызға тағы да бір қонақтар келіп отыр.Оларды танисыздар ма?
Дұрыс, саяхатшы Дара мен Боти екен.Дара бізге хабарлама жіберіпті.
-Құрметті балалар, «Алаяқ» түлкі қоянның көжектерін алып кетіп тығып қойыпты, сендер қоянға өз көжектерін қайтаруға көмектесесіздер ме?
-Иә
-Ал Алаяқ түлкі не деп ойлайды екен?
-Мен көжектерді өте алысқа тығып қойдым . Оларды сендер таба амайсыңдар. Сендердің күштерің де ,білімдерің де оған жетпейді.
-Біз онымен келісеміз бе?
-Жоқ
-Ендеше жолға шығуға дайындалайық.Ол үшін нені шақырамыз?
-«Жолдорбаны»
-Дұрыс,бізге не керек? Кітап,дәптер,қалам. Ендеше кеттік.Алдымен дайындық жұмыстарын жүргізейік.Күннің жадын жазамыз.
а)көркем жазу сәті
Ққ Ққ Ққ
Лл Лл Лл
ә)сұрақтарға жауап алу
1.Дыбыстарды біз не істейміз?
2.Әріптерді не істейміз?
3.Дыбыс нешеге бөлінеді?
4.Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
5.Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
6.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
7.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Жолды көрсету үшін нені шақырамыз?
-«Картаны».(сурет бойынша көпірден,қамалдан,таудан өтуіміз керек екен)
Ү.1-тапсырма.Көпірден өту үшін «Сөзжұмбақты» шешейік
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Қыста қар жауып,қатты жел болса не болады?
3.Температура -30С-қа дейін төмендесе не болады?
4.Адамдар қыста тоңбау үшін не киеді?
-Қандай сөз шықты? «Қоян» бұл біздің бүгінгі тақырыбымыз.Енді осы мәтінмен жұмыс істейміз.
а) мазмұнын айтып беру
ә) оқып беру
б) хормен оқытқызу
(1-тапсырма ,көпірден өттік)
Сергіту сәті
2-тапсырма.Қамалдан өту үшін дәптермен жұмыс істейміз.
1 2 3 4 5
а) Қыста аңдарға жем табу қиын.(сөйлем ережесін сұрау)
ә) суреттер бойынша жұмыс
қасқыр-6ә.,6д. аю-2ә.,3д. тиін-4ә.,4д.
б) ауызша дыбыстық талдау жасату
(2-тапсырма, қамалдан өттік)
3-тапсырма.Таудан өту үшін дауысты дыбыстарды қайталау керек.
а) слайттан дауысты дыбыстарды көрсетіп, жуан дауысты дыбыстарды көрсеткенде қолдарын шапалақтату.
ә) «Қары кесек» ойыны бойынша дауысты дыбыстардан басталатын сөздерді қайталату.
б) «Қоян» сөзіне жазбаша дыбыстық тадау жасату
(3-тапсырма, таудан өттік)
-Алаяқ түлкінің тапсырмаларының бәрін орындадық ,көжектерімізді де қайтарып алатын кез келді.
ҮІ.Қорытындылау.
Тақта артындағы көжектердің суретін көрсетіп,тапсырмасын орындау.
1. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Неше жуан дауысты дыбыс бар?
4.Бүгін қандай мәтінмен таныстық?
-Ненің суреті құрастырылды?
-Ақ қоянның.
-Мінекей көжектердің анасы да келіп жетті.
Дара мен Боти сендерге рахметін айтып, қоштасып жатыр.
ҮІІ.Үйге тапсырма беру.
«Қоян» мәтінін оқу, мазмұндау.
Жұмбақты жазып келу
ҮІІІ.Бағалау.