Т?рбие са?аты Отбасы-?неге айнасы
Отбасы- өнеге айнасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыруКөрнекілігі: карточка, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар қағаз ,қалам.
ЖоспарІ. Кіріспе сөз: Ата –ана мен мектеп арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі ІІ. Негізгі бөлім . а) Ата аналамен тренинг өткізуӘ) оқушылар лебізі
Б) Ойын «Отбасылық махаббат үйі »
ІІІ. Қорытынды.
І. Кіріспе Сәлеметсіздер ме, құрметті ата- аналар, қонақтар,ұстаздар!
«Қазақстан -2030» даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі ұлт мұраты , ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады » деленген.
Осы орайда бүгін біз оқушыларымызбен бірге ата –аналарымыз де кездесіп отырмыз.
Тренинг: (Шаттық шеңбері )Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, Әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы:Жайдары Жасмин , еңбекқор Еламан, байсалды Баубек , әдемі Әсел, т.бІІ.Негізгі бөлім
Ата –ана мен мектеп арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі . Отбасы –қоғамның алғашқы ұясы . Жаңа адам сол ұяда дүниге келеді , бұл шағын әлуметтік топ бала үшін алғашқы өмір мектебі .
Ата-ананың үйдегі іс –әректі балаларының көз алдында өтеді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы ,өз үйіндегі ата –ана тәрбиесі , өнегісі .
Әрбір бала –дара тұлға. Бала тәрбиесіне ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден ,жат қылықтар көрсетуден аулақ болып,үлгі болуы керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді.
Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.
Қоғамға көңіл бөлетін болсақ , баланың болашағына кері әсер ететін жағдайлар бар .Олар ортамызда сәтсіз отбасылардың болуы, некесіз туылған балалар, отбасындағы ұрыс-керіс, ата-ана тарапынан ішімдікке салыну ,біреулерді сыртынан балағаттап сөгу, өсектеу т.б
Әрине ,бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.Осы балалар біздің бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз, өміріміздің жалғасы, ізбасарымыз, мұрагеріміз деп келіп отырған ата –аналар сіздердің де пікірлеріңізді ортаға салсақ .
Балаңызға деген сүйіспеншілік
Әрбір бала үшін сіздердің алатын орындарыңыз бөлек.Әр қайсыңыз бір биік төбесіз. Жапырағын тереңге жайған мәуелі бәйтерексіз.Ал сіздің ұрпағыңыз жайқалып ,жайнаған жасыл жапырағыңыз.Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жапырақтар бар. Сол жапырақтың ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, жазған сөздеріңізді оқи олтырып бәйтерекке жапсырасыздар . Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер деп ойлаймын.
Білімді де тәртіпті , ақылды да ибалы өздеріңіздің балаларыңыздың жылы лебіздерін тыңдаңыздар .Ортаға 4- сынып оқушыларын шақырамыз.
1-оқушы Әкем менің асқар тауым тірегім
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім
2-оқушы Сізсіз әке ең ақылды ең сыншыл
Сізсіз әке ең жаңашыл ең сынршыл
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің
Жанымдасың ,қамқоршымсың білемін.
3-оқушы Ана сен –алтын күн шуағы
Ана сен –өмірдің бұлағы
Жүрекке ақ жарқын сол бейнең
Сөнбейтін асыл нұр құяды.
4-оқушы Атамның ән –күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мерейі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып
Ән. Ана Орындайтындар : Әсел, Жасмин Еламан
Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.
Олар: Мейірімділік, күлкі,түсінушілік,шыдамдылық,көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1. «Мейірімділік » кірпішіБала білімді әрі тәрбиелі болуы үшін ата –ана тарапынан қандай жағдай жасалу керек деп ойлайсыз ? Балаыңызды кезінде ата –әжесі бауырына басып алып қалған,соңғы кездері сабағы , тәртібі нашарлап кеткендіктен өздеріңізге әкеліп тастады .Сіздің әрекетіңіз?
2. «Достық» кірпіші Балаңыздың досы кім? Партада кім баламен отырады ? Балаңыздың білімі мен тәртібіне оның достарының қандай әсері болуы мүмкін?
3. «Махаббат» кірпіші Мимика арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізіңіз.Балаңызға ашуланған жағдайда аузыңызға бірінші қандай сөз түседі?
4. «Тапқырлық» кірпішіМектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.
5«Түсінушілік»
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.
Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығына жолын ашады.
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Сіздердей мейірімді ,ұйымшыл, қамқор ата –аналар бар кезде балаларымыз бақытты болары сөзсіз.
Олай болса , Максутқызы Нұршаттың орындауында «Бақытты балалық шақ» әні
Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!