Саба? жоспары ?нерк?сіпті? орналасу за?дылы?тары. Отын-энергетика кешені..


Бекітемін:
Күні: 2.12.2014ж
Сыныбы: 10.
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетика кешені.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар мен отын-энергетика құрылымындағы БЭК түрлерінің арасалмағын анықтау. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға көмектесу .
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: тест, постермен жұмыс, картамен, сызбанұсқалармен жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Өнеркәсіп пен отын-энергетика кешенінің құрылымы мен аумақтық айырмашылықтарын біледі.
Түсіну: Жалпы отын ресурстары мен электр энергиясын өндірудің арасалмағын түсінеді.
Қолдану: Кескін картаға басты мұнай және газ өндіретін елдерді белгілеп, сандық көрсеткішін сызбанұсқа түрінде белгілей алады. Оқушылар өздігінен білім алуды үйренеді , мәтін бойынша берілген тапсырмаларды ой електерінен өткізіп, талдай алатын болады, өзіндік ой қалыптасады .
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
5 мин Кіріспе 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды. Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі
2.Үй тапсырмасы бойынша мұғалім,
1) ЖІӨ мен оның жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Қазақстанның қандай ел типіне жататынын сұрайды.
2) тест алады. 1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасы бойынша оқушылар
1) Қазақстанның қандай ел екенін дәлелдемелер арқылы анықтайды
2). Дүниежүзілік шаруашылық және ҒТР тақырыбы бойынша тест тапсырады.
20 мин Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысып, әр топқа берілген тақырып бойынша, постер жасап қорғауға тапсырма береді. 1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, әркім өз тақырыбын постер жасап, қорғап шығады.
15
мин Негізгі
бөлім
1.Мәтінде берілген сызбанұсқаларды талдауға тапсырма беріледі.
2.Кескін картамен жұмыс 1.20-кесте мен 36-40 сызбанұсқа- ларды талдау.
2.Кескін картаға мұнай және газ өндіретін елдерді белгілеп, сандық көрсеткішін сызбанұсқаға түсіреді.
5
мин Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2. Үйге тапсырма: Отын ресурстары мен электр энергиясын өндіру мен тұтынудың аумақтық айырмашылығын анықтау. 1.Екі жұлдыз, бір тілек; оқушылардың бірін-бірі бағалауы. 2. Оқушылар кері байланыс жасайды
Қосымша
Тест. Дүниежүзілік шаруашылық және ҒТР.
1.Дүниежүзілік шаруашылықтың түбегейлі қалыптасқан кезі.
А) ХІХ ғасырда
Б) ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.
С) ХХ ғасырда
Д) ХХ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басы.
2. Лондондағы алғашқы метро пайдалануғақашан берілді.
А) 1870ж б) 1863ж с) 1869ж д) 1914ж.
3. ҒТР-ң басты белгісі,
А) өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіру
Б) өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі
С) ғылымның аса қарқынды дамуы нәтижесінде тікелей өндіргіш күшке айналуы
Д) адамныңөмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру және жою

4.Елдердің аса ірі ғылыми қалаларын сәйкестендір:
А) Цукуба 1.АҚШ
Б) София 2.Ресей
С) Рейли 3.Франция
Д) Иль-де-Франс 4. Жапония
Е) Новосибирск 5.Болгария
5. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел.
А) Жапония Б) АҚШ С) Корея Д) Аустралия
6. Шаруашылықтың салалық құрылымын сәйкестендір.
А) Құрылыс 3-сектор
Б) Тау-кен өнеркәсібі 2-сектор
С) Ақпараттық қызмет 1-сектор
Д) Көлік 4-сектор
7. Дамушы елдердің топшаларын сәйкестендір
А) Жетекші дамушы ел 1.Бразилия
Б) Жаңа индустриялық ел 2. Венесуэла
С) Плантациялық шаруашылық елі 3. Сомали
Д) Мұнай экспорттаушы ел 4. Қытай
Е) Жалға пәтер беруші ел 5. Корея
Ж) Даму деңгейі төмен ел 6. Либерия