Жоспар, физикадан ?олданбалы курс (10 сынып)
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
№ орта мектебінің 10-сыныбына арналған физика пәні бойынша қолданбалы курстың жоспары
Қолданбалы курстың тақырыбы: «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері»
Пән мұғалімі:
2015-2016 оқу жылы
Таңдау курсының тақырыбы: «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері».
Бағдарламаның түсінік хаты: Қолданбалы физика жаратылыстану жөніндегі білімдердің қоршаған дүниені түсіндіру үшін ғана емес, сонымен бірге табиғат күштерін адамның еркіне бағындырып, оны практикалық іс-әрекетінде пайдалану үшін де қажет екендігін білдіреді.
Сондықтан, бұл курста табиғат құбылыстары мен олар бағынатын заңдылықтар ғана қарастырылмайды. Сонымен бірге, физикалық білімдердің басқа ғылымдарда, өндірісте, тұрмыста қолданылуының көптеген мысалдары қарастырылады.
Өндіріс пен ғылымның, техниканың әр саласында (ауыл шаруашылығы, энергетика, медицина, металлургия) өзіндік маңызы бар физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық іс-әрекетте қолданылуын жүйелі түрде қарастыру арқылы ғана қолданбалы физиканың мазмұнын анықтауға болады және де баланы ғылымға бейімдеу амалының төрт жолы осы болмақ.
Курстың мақсаты:
Оқушыларды әр түрлі физикалық заңдардың өндірісте, техникада, басқа да ғылымдарда, өсімдік пен жануарлар дүниесінде, тұрмыста байқалуымен таныстыру.
Физикалық білімді сапалы игерту, оқушыларды жаратылыстану ғылымдарының өзара байланыстылығына сендіру.
Көзқарасы, дүниетанымы кең тұлға қалыптастыру.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар (күтілетін нәтиже)
Оқушы нені біледі:
Физикалық есептерді қиындық дәрежесіне сәйкес топқа бөлу: а) жаттығу есептерін шығара алу; ә)шығармашылық есептерге нақты жауап таба білу.
Негізінен шығармашылық есептерді практикада қолдана білуге үйрену, яғни неліктен және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап іздену.
Есептердің құрылымы мен құрылысын және ондағы физикалық шамалардың таңбасы мен өлшем бірліктерін білу.
Оқушы нені жасай алады:
Жауаптары еркін түрде берілетін есептерге теориялық білімін қолдануға мүмкіндік алады және шешен тілмен сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Әр тарауды қорытындылауда планшеттер құрастыра алады.
Пәнаралық байланыс: Химия, биология, астрономия, география, математика, сызу, әдебиет.
Кәсіптік бағдар: Агроном, жүргізуші, физика пәні мұғалімі, ұшқыш, су шаруашылығы маманы, ауа-райын зерттеуші, агротехник, биолог, техника маманы.
Бөлінетін уақыт мөлшері: барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.
Курсты ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, практикалық жұмыс, лекция, реферат, конференция сабақ, ойын сабақ.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: шығармашылық есептер жинақтау (жауабымен), ғылыми ізденіс, тест, билет сұрақтары. Эссе жазу, өлең құрастыру, планшет құрастыру (тарау бойынша).
Реферат тақырыптары:
Физиканы күнделікті тұрмыста пайдалану.
Физика ауыл шаруашылығында.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау
Есептер жинақтау (шығармашылық есептер)
Қорытынды сынақ алу (жауаптары еркін түрде берілетін есептерден)
Билет сұрақтарына жауап беру
Тарау бойынша планшет қорғау
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін:
Фриш А.И. Физика.
Б.А.Кронгарт, В.И.Кем. Физика-10. Әдістемелік нұсқау. Алматы: Мектеп, 2006.
«Физика және Астрономия» журналы, №2, 2007.
Г.Байжасарова, У.Тоқбергенова. Дидактикалық материалдар. 10 сынып.
Ж.К. Серікбаева. Қолданбалы және таңдау курстарының бағдарламалары. Қызылорда, 2009.
О.Мұсабеков. Қолданбалы физика есептері. Алматы, «Математика және физика» журналдарының жинағы 1997.
Оқушылар үшін
Физика пәні бойынша 7-11 сыныптарға арналған оқулықтар.
2010-2015 жылдарғы тест жинақтары.
Интернет материалдары.
И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы. 9-11 сыныптар – 1995.
Баспасөз материалдары.
№ орта мектебінің 10-сыныбына арналған физика пәні бойынша қолданбалы курстың жоспары
2015-2016 оқу жылы
р/c Тақырыптың мазмұны Сағат саны Өтілетін күні Көрнекілігі. Пайдаланылатын ойын түрлері, орындалатын тапсырмадар
I Механика
(Қорда 200 есеп бар) 11 1 Теориялық бөлім 2 1.09.15ж - 3.09.15ж Оқулықтан.
2 Шығармашылық есептер шығару 2 8.09.15ж - 10.09.15ж И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы.
3 Жаттығу есептері 2 15.09.15ж -17.09.15ж Оқулықтан
4 Шығармашылық есептер жинақтау 2 22.09.15ж -24.09.15ж 5 Жауаптары еркін түрде берілетін есептерден сынақ жұмысы 2 29.09.15ж - 1.10.15ж Тест жинақтары
6 Қорытынды сабақ 1 6.10.15ж II Динамика
(Қорда 200 есеп бар) 11 8.10.15ж - 13.10.15ж 1 Теориялық бөлім 2 15.10.15ж -20.10.15ж Оқулықтан
2 Шығармашылық есептер шығару 2 22.10.15ж -27.10.15ж И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы.
3 Жаттығу есептері 2 29.10.15ж - 3.11.15ж Оқулықтан
4 Шығармашылық есептер жинақтау 2 12.11.15ж -17.11.15ж 5 Жауаптары еркін түрде берілетін есептерден сынақ жұмысы 2 19.11.15ж -24.11.15ж Тест жинақтары
6 Қорытынды сабақ 1 26.11.15ж III Молекулалық физика
(Қорда 200 есеп бар) 11 1 Теориялық бөлім 2 3.12.15ж - 8.12.15ж Оқулықтан
2 Шығармашылық есептер шығару 2 10.12.15ж -15.12.15ж И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы.
3 Жаттығу есептері 2 22.12.15ж -24.12.15ж Оқулықтан
4 Шығармашылық есептер жинақтау 2 29.12.15ж -12.01.16ж 5 Жауаптары еркін түрде берілетін есептерден сынақ жұмысы 2 14.01.16ж -19.01.16ж Тест жинақтары
6 Қорытынды сабақ 1 21.01.16ж IV Термодинамика негіздері
(Қорда 200 есеп бар) 11 Оқулықтан
1 Теориялық бөлім 2 26.01.16ж -28.01.16ж 2 Шығармашылық есептер шығару 2 2.02.16ж - 4.02.16ж И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы.
3 Жаттығу есептері 2 9.02.16ж - 11.02.16ж Оқулықтан
4 Шығармашылық есептер жинақтау 2 16.02.16ж -18.02.16ж 5 Жауаптары еркін түрде берілетін есептерден сынақ жұмысы 2 23.02.16ж -25.02.16ж Тест жинақтары
6 Қорытынды сабақ 1 1.03.16ж V Электродинамика
(Қорда 200 есеп бар) 11 1 Теориялық бөлім 2 3.03.16ж - 10.03.16ж Оқулықтан
2 Шығармашылық есептер шығару 2 15.03.16ж -17.03.16ж И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы.
3 Жаттығу есептері 2 5.04.16ж - 7.04.16ж Оқулықтан
4 Шығармашылық есептер жинақтау 2 12.04.16ж -14.04.16ж 5 Жауаптары еркін түрде берілетін есептерден сынақ жұмысы 2 19.04.16ж -21.04.16ж Тест жинақтары
6 Қорытынды сабақ 1 26.04.16ж VI Тұрақты электр тогы
(Қорда 100 есеп бар) 8 1 Теориялық бөлім 2 28.04.16ж - 3.05.16ж Оқулықтан
2 Шығармашылық есептер шығару 2 5.05.16ж - 10.05.16ж И.В. Рымкевич. Физика есептерінің жинағы.
3 Жаттығу есептері 2 12.05.16ж -17.05.16ж Оқулықтан
4 Қорытынды қайталау 2 19.05.16ж -24.05.16ж Пән мұғалімі: