Саба?ты? та?ырыбы: «Химияны? т?рмыста?ы адам ?міріндегі ма?ызы»
Сундетова Умсынай Анетқызы №18 орта мектебінің химия пәні мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы
Сабақтың тақырыбы: «Химияның тұрмыстағы адам өміріндегі маңызы»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамытуТәрбиелік: Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеуСабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың типі : Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағыСабақтың әдісі: Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Сабақтың көрнекілігі: кестелер, таблица, интерактивті тақта, слайдтар, реактивтер. Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, қазақ тілі, география Өтілу әдістері: сұрақ – жауап, миға шабуыл, проблемалық ізденіс, тәжірибелік жұмыс, бірін - бірі бағалау, топты бағалау, жеке оқушыны бағалау.І. Ұйымдастыру Сабақ басында сынып оқушылары үш топқа бөлініп, топтың атын және ұранын айтады. ІІ. Үй жұмысын тексеру «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады. І топ тапсырмасы. Металдардың ашылу тарихы мен табиғатта таралуы. .Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)ІІ топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т. б метал үлгілері) ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы. А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.
І - топ1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)ІІ - топ.1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардыңпайыздық мөлшері. (80%)4. Темірдің маңызды құймалары / шойын, болат/5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)
«Кім жылдам» Реакцияны теңестіріп, жалпы коэффициенттер санын есепте:
А) Mg + HCl →
B) MgO + HCl →
C) Na2O + H2O →
D) H2 + O2 →
E) MgCO3 →
Сергіту сәті: «Жасырған элементті табу» Шарты: әр қайсың бір элемент нөмірін жасырыңдар, сол санды екіге көбейтіңдер енді алыңған санға 5-ті қосыңдар, қосындыны 5-ке көбейтіңдер. V. “Химиялық эстафета” Әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп отырады. 1 - топ. Ca→CaO→Ca(OH) 2→CaCO32 - топ. Fe 2SO4 →Fe(OH) 2→FeO →FeCl2
VI. «Ойлан тап» Топ оқушылары орындарында отырып, берілген есепті шығарып, бір оқушы тақтаға жазады. 1- топ. 20 грамм натрий гидроксидін тұз қышқылымен араластырғанда неше грамм тұз түзіледі.2 - топ. Массасы 48 грамм алюминийді оттекпен әрекеттестіріп, алюминий оксидінің массасын табыңдар.
VII. Топ басшыларына тапсырма: Электрондық деңгейде электронның орналасуын, атом құрамын жазыңдар. 1 - топ. Кальций2 - топ. Магний
VІII. Шығармашылық тапсырма Үстел үстіндегі өрнектелген «Сыр сандықтың» ішінде әр түрлі білезіктер, сырғалар, сақиналар бой тұмар, күміс белбеулер бар. Әр бұйымдарға сұрақ жазылған карточкалар байланған. Бір оқушы сандықтағы барлық бұйымдарды алып көрсетеді. Оның әрқайсысындағы сұрақтарға оқушылардан тез жауап алады. Карточкада сұрақтар негізінен мынадай мазмұнда беріледі:Қолыңдағы қандай зат?Ол қандай металдан жасалған?Не үшін пайдаланады? Қарсы ілгек қандай металдардың қоспасы?Металдардың кернеу қатарында қай элементтің активтілігі жоғары?Натрий гидроксидінің формуласы қандай?
Бағалау Рефлексия Маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті.
Сабақ маған ұнады, әлі де ізденуім керек.
Сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын.