?орша?ан д?ниемен танысу “Таби?ат – бізді? орта? ?йіміз”


Жетекші жалпы орта білім беру мектебі
Қоршаған дүниемен танысу “Табиғат – біздің ортақ үйіміз”

Тәрбиеші: Қанинва.Б.Д.

2015-2016
Қоршаған дүниемен танысу Тақырыбы:Табиғат – біздің ортақ үйіміз Мақсаты: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» туралы білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту ой ұшқырлығын арттыра отырып зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау,өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін жетілдіру, жинақы болуға ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Көрнекілігі:суреттер, мнемо кесте,топтасқан суретте,.тақпақ,мақал -мәтел,жұмбақ, сахналық көрніс“Табиғат” сөзіне ассоциация құру Қостілдік компонент: табиғат – природа Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.Шаттық шеңбер:Армысың қайырымды Жер - Ана, Армысың, мөлдір таза су Армысың мейірімді Аспан – Ата Армысың шұғылалы Алтын – Күн Т:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?Б: - КүнгеОл бізге не береді?Б: Күн бізге жарық, жылу береді Т:- Иә балалар жер бетіндегі тіршілік атауының қайнар көзі – күн.Ұйымдастырушылық - ізденушілікКіріспе: Ой шақыруБалалар терезеден далаға қараңдаршы?- Қай мезгіл? - Көктем мезгілі- Қазір қай ай?- Сәуір айы Мнемокесте бойынша көктем мезгілінің ерекшелігін айту Мнемокесте Көктем туралы қандай тақпақ білеміз- Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?- Әке, ана ата, әже- Далада мектепке келе жатқанда нені көресіңдер?- Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, шөп- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз?- Табиғат табиғат – природа(буында) Т: Табиғат дегеніміз не?Таб дегеніміз -бізді қоршаған орта,оған(аспан,су,ағаш,гүлдер,өсімдіктер,күн, жан жануарлар) жатады Табиғат нешеге бөлінеді ? Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.Табиғат туралы мақал – мәтел Таза болса табиғат,Аман болар адамзат.Сондықтан біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек. -Балалар бүгін бізде Қоршаған ортамен таныстыру сабағы ,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай ,не туралы айттық? Балалардың жауабы Неге олай ойлайсыңдар? Табиғатқа байланысты Не біліп,не үйренгенімізді топпен жарыса отырып көрсетейік 3 топқа бөлу Білгірлер.Алғырлар. Тапқырлар. 1т «Білгірлер» Көліктер «Алғырлар»Жануарлар «Тапқырлар» Құстар 2т Жұмбақ жасыру(Жауабы айтылған соң ,суретін ілу) а)Ызыңдап ән салады Тәттіге тамсанып Қоқысқа қонады Ол не? Шыбынә)Гүлдерге қонады Шырынын сорадыТүр – түсі сары – ала Бұл не?: Араб)Қылдай белі бүгілген Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Құмырсқа- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?- Жәндіктер Басында ж/е аяғында қандай дыбыс естіп түрсың3т орындап, қорғау а)«Білгірлер» Табиғат жасайтын, адам қолмен жасайтын ә)«Алғырлар»Қыста ұйықтайтын, ұйықтамайтын б)«Тапқырлар» Жылы жаққа ұшып кететін , қалатын құстарСергіту сәті Ойын :Құм,тас,су.Құм дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыра қалуТас дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалуСу дегенде толқын жасап қозғалу. 4т Cуретті ортадағы әріппен қосып жасырын сөзді тапсаң,сонда табиғат бөлшегі шығады Күн, су, ауа, гүл, адам айтысыКүн Д-Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!Су Е-Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмінГүлН-Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.АуаМ-Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.АдамА-Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де, киесі де менмін.- Дұрыс айтасыңдар!Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамызАуа болмаса қалай тыныс аламызГүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды Сендердің барлықтарың, маған керексіңдер Ақлез. Адам осы қоршаған ортаға , өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Табиғатты қорғау - өз өміріңді қорғау. 5т Ой шақыру.Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салыңдар.(Әр топтан суреттерін қорғайды, табиғат туралы ойларын айтады).Қортынды ..Бүгін біз не туралы айттық ? Табиғат туралы қандай тақпақ білеміз? Табиғат ол анамыз,Табиғатқа баламыз.Құшағында ойнаймыз.Шаттық әнге саламыз. Нелерді топтастырдық? “Табиғат” сөзіне ассоциация құру.Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай,тас, топырақ, жануарлар ,өсімдіктер т/б. Балалар табиғатты қорғау жақсы іс пе,әлде жаман іс пе? Балалардың жауабы.Бүгін сабаққа жақсы қатыстым деген бала күннің астына ,жақсы жауап бермедім деген бала бұлттың астына келіп тұрады Ақ көгершіннің хаты Сәлеметсіңдер ме біздің жас достарымыз!Сендердің біз туралы көп білетіндеріңе біз өте қуаныштымыз,сендерге әбден риза болдық.Жақсы оқып, білімпаз бала болыңдар.Ізгі тілекпен барлық орман тұрғындары
- Кәне, балалар барлығымыз қонақтармен қоштасайық.Кәне барлығымыз тұрайық,Үлкен шеңбер құрайықКөріскенше күн жақсы,Сау - саламат болайық Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:Нені білуі керек Тірі және өлі табиғатты ажырата білуді Нені игереді: Табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтудыНені біледі: Табиғатты аялап, қорғауды біледі