Мектепке дейінгі ?йымда?ы ?йымдастырыл?ан Ал?аш?ы компьютерлік сауаттылы??а ?йрету п?нінен о?у іс-?рекеті


Алғашқы компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінен
ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Балалар компьютерлік сыныпқа түзу кіреді.
Сәлеметсіздер ме,балалар?
Здравствуйте,дети!
Hello,children!
Балалар, бүгін бізге алыстан қонақтар келіп отыр екен. Қазір бірге танысамыз.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, көздерім,
Қайырлы таң, құлақтарым,
Қайырлы таң, қолдарым,
Қайырлы таң, аяқтарым,
Сендер ояндыңдарма?
Көздер көреді,
Құлақтар тыңдайды,
Қолдар шапалақтайды,
Аяқтар топырлайды, « Ояндық!» - дейді
Балалар қолдарының кимыл- қозғалысымен көрсетеді. Бірге қайталап жасап шығады.
-Өте жақсы,балалар!Рахмет!
Сәлеметсіз бе, сыйлы қонақ!
Здравствуйте!
Hello!
1).Компьютерлік сыныпқа кірген кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік!
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Әр заттың өз қасиеттері болады: атауы, түсі, түрі.
Көп заттардың арасынан түр – түсіне қарай қабылдау, елестету, назар аударуды қалыптастырамыз. Бұл тапсырмада пішіндердің арасынан ұқсас түстерді, түрлерді атауларды тауып, сызықпен қосамыз.
Балалар тақтадан суреттермен танысады.
Берілген суреттер арқылы бейнелерін салады.
Тапсырмаларды бірге орындайды.
2). Сурет салу үшін қандай құралдары бар, неден тұрады. Редактордың терезесі – меню жолынан, құралдардан тұрады.
«Түр» тобы
Тақтаға қарындашпен суретті салады.
«Түс» тобы:
Суретті қажетті түске бояйды.
«Атау» тобы:
Қатесі болса кетіріп, дайын суретке атау береді.
Тапсырма: «Жеміс – жидектерді түрлі – түске бояйық!»
Ноутбукте дамыту тапсырмаларын орындайды.
Сергіту сәті:
Балалар, алдымен оң қолымызды көтерейкші! Жарайсыңдар! Енді сол колдарымызды!
Шынығамыз, жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі,үш, бір, екі, үш.
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз!
Рахмет, жарайсыңдар!
Компьютердегі дамыту ойыны 5 – 7 минут. Ноутбукте тапсырма орындайды.
Балалар интерактивті тақтадан заттармен жұмыстардан көрініс қарап отырады.
Интерактивті тақтада қаламымен жұмыстанады
Қолдарын оңға, солға жайып, қозғалады.
Содан соң өрнекті салып, қажетті түске бояйды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бағалау кезеңі
Салған әдемі суреттерін принтерде басып шығаруды ұсынамын, оздеріне жұмыстарын көрсетемін. Қорытындысында «Paint графикалық редакторы» бүлдіршіндерге алғыстарын білдіріп, «Ғажайып суреттер» алып келген екен. Интерактивті тақтадан тамашалайды.
Тақтадан шыққан суретпен танысып, жеке – жеке талдаймыз.
Өздері атап көрсетеді.
Сұрақтарын қояды.
Интерактивті тақтадан тамашалайды.
Балалар, бүгін біздер не үйрендік?
Рахмет, балалар!
Сау болыңыздар!
Бала нені біледі: - Балаларға заттардың атау, түстері туралы түсінік қалыптастыру; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қандай түсініктерді игерді: шығармашылық жұмыстарға бейімдеп, ой – қиялдарын дамыту, білуді игертеді, ұғымдарды саналарына қалыптастырады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері :Түстер мен түрлердің атауларын атап, ажыратуғаб шығармашылық жұмыстарға бейімдеп, ой – қиялдарын дамыту, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.