Жс ?аза? ?айдасы?! ?ле?і (6 сынып)


Сабақтың тақырыбы:М.Дулатұлы«Жас қазақтар қайдасың?» өлеңі Сабақтың мақсаты: а) Ақын өмірі мен шығармашылығына қысқаша мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын түсіндіру. ә) Оқушылардың ойлау қабілетін ,дамыту арқылы сөйлем құрастырып,өлеңді сатылай талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу. б) Балаларды туған жерін,қазақ халқын,өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сатылай деңгейлеп оқыту Сабақтың әдісі: Ой шақыру стратегиясы, сатылай кешенді талдау. Көрнекілігі: Деңгей сызбасы, Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі, тірек сөздер, көктемгі ағаш суреті (слайд), ту, кешенді талдау сатысы сызбасы, «Топтастыру», «Бес жолды өлең» стратегиясы. Сабақтың барысы: І Ұйымдасытыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,сабаққа зейіндерін аудару. Сабақтың өтілу мақсатын түсіндіру.
ІҮ Асу Шығармашылық жұмыс
ІІІ Ойлан, тап Эвристикалық саты
ІІ Ой толғау Алгоритмдік саты
І Сұраймын, жауап бер Оқушы деңгейі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. І саты. Оқушы деңгейі. Сұраймын, жауап бер. 1.М.Дулатұлының «Жастарға» өлеңін жатқа сұрау. 2.Басқа да ақындарымыздың жастарға арналған өлеңдері бар ма? Еске түсірейік. 3.«Топтастыру» стратегиясы. Ақын жастарға қандай ой тастап отыр? Жастар қандай болуы керек?
еңбекқор Жастар
ақылды ізденімпаз
қайырымды шебер


саналы төзімді адал
4. Жастар қандай болуы керек? сұрағына байланысты мақал – мәтел айту. ІІ. Алгоритмдік саты. Ой толғау. ІІІ. Жаңа сабақ « Қызығушылығын ояту». Сергіту. Ақын Ж.Молдағалиевтың өлеңі «Мен – қазақпын» Мен қазақпын байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім, - деп жырлағандай, қазақ елінің кеңдігі, теңдігі және ұл қыздарының батыл, дініне, тіліне берік, өз ұлтын сүйетін нағыз патриот екендіктерін мақтанышпен жырласа, бүгінгі сабағымызда ақын танысатын М.Дулатұлының «Жас қазақтар қайдасың?» өлеңінің жалғасы іспеттес.( мұғалім өлеңді мәнерлеп оқу)
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау. Өлеңді талдау.

Тақырыбы Жас қазақтар қайдасың?
Идеясы ел тірегі жастар
Шумақ 16 шумақ
Әр шумақ 4 тармақ
Бунақ саны 2
Буын саны 7, 8
Ұйқас түрі а, б, а ,б шалыс ұйқас
Көркемдегіш сөздерді табу. Теңеу – бұлбұл боп, жай т.б. Эпитет – дұшман қаһарлы т.б. «Бес жолды өлең» талдау стратегиясы арқылы қазақ тілі мен пән аралық байланыс ( сөз таптары)
1 қатар 2 қатар
Зат есім. Ақын Өлең
Сын есім. Ойшыл Әсерлі
Етісік. Күреседі, көрсетеді, бейнелейді. Үн қосады, тебірентеді, толғантады
Сезіну. Қазақ халқының бейғамдығына Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы
қайғырды.
Синоним. Жазушы Туынды
ІІІ саты. Эвристикалық саты. Ойлан, тап!
1.Болашақ тірегі – жастар дегенді қалай түсінесіңдер? Тәуелсіз еліміздің болашағы – қазақ жастар. Осы уақытқа дейін атқарған істердің жалғастырушы қоғамның тіршілігін алға айналдыратын жас ұрпақ. 2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының болу себебі неде?
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар қазақ жастары келгенін әйгіледі. .1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп «Тәуелсіздік керек,қазақ халқының өз көсемі сайлансын»деген ұранмен бейресми бейбіт шеруге шықты. 3.Жазықсыз жала құрбандары кімдер еді? Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді.Көптеген қазақ жастары түрмеге қамалды.Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар », «Нашақорлар» деген кінә тағылды. 4.Бабалар арманы орындалды ма? Бабалар арманы ,балалар үміті үзілген жоқ, бірлігі,берекесі мол ел болуды армандаған кешегі Ахмет,Мағжан,Шәкәрім ,Міржақып ,Сәкен,Ілияс,Бейімбет арманы орындалды.Азаттықтың әр таңы атты.Тәуелсіздігімізді баянды етіп,Отанға адал қызмет ету әрбір жас қазақ ұланының қасиетті парызы ,міндеті. IV.Шығармашылық жұмыс.Асу.Берілген тірек сөздерді қатыстырып өлеңнен кейінгі ой тақырыбына ЭССЕ жазу. Жастар, жасқанба,халық,дұшпан, ұран. Өздерің жазып оқығандай қазақ жастары-еліміздің, отанымыздың келешегі, сенімді тірегі.XX ғасыр ақыны драматург,публицист,әрі аудармашы, жазушы М.Дулатұлы жас қазақтардың алға ұмтылуына осылай ұран тастады. «Жас қазақтар» кімдер сұрағына жауап беріп, топтастырайық.
Білімді Жас қазақ
жастар ел қорғаны
қайырымды өнерлі


саналы төзімді спорт
1.Балалар жас қазақ кім? Жастар.
2. Жастар еліміздің сенімді тірегі болу үшін қандай болу керек? Білімді.
3.Жастар отанымызды қорғау үшін не істеу керек? Қиындыққа қарсы тұра білу керек.
4.Қиындыққа қарсы тұра білу үшін жастар не істеу керек? Өнерлі,спортпен шұғылдана білу керек.
5.Өнерлі, күшті спортпен шұғылданатын жастардан қандай жастар шығады? Ел қорғаны.
Сабағымыздың соңында біз жас қазақ осындай болу керек десек Қ.Мырзалиев ақын ағамыздың «Шетелдік қонақтарға қазақтарды таныстыру» өлеңінде қалай таныстырғанын тыңдап,сабағымызды қорытындылаймыз (ән орындалады ) V. Еңбегін бағалау . Оқушыларды ту арқылы бағалау. VI .Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.Ой толғау жазу