Шыны?са? шымыр боласы? іс шара


Шынықсаң шымыр боласың
Мақсаты:
Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс Өтілетін орны: Спорт зал Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қалақтар, шығыршықтар, кіші сөмкелер.
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда. Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.


II. Негізгі бөлім
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Оқыса білім бұлағы, білімді елдің ұланы» атты жазғы лагерге қатысушы оқушылар арасында ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа МЛ-12 топ оқушылары қатысады.

Жүргізуші: Жарысқа қатысатындарды шақырамыз, Әр таңды бақытпенен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға, Жылдам да шапшаң, Спортшыларымызды ортаға шақырамыз. (әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы, Әділ баға беріңдер! Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Жүргізуші:Таза ауа, спорт болсын дәріміз, Еңбек етіп келгенінше әліміз. «Алға» - деген бір – ақ мақсат ұстанып, Сайысқа аттанайық бәріміз! Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі:

1-тур: «Таныстыру» 2-тур: «Кенгуру» 3-тур: «Таяқша» ойыны 4-тур: «Фут-зал» ойыны 5-тур: «Доппен жарыс» ойыны 6-тур: «Секірме» ойыны 7-тур: «Қаңбақ» 8-тур: «Ептілік – жылдамдық» ойыны. 9-тур: «Навигатор»
Жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! «Рахмет» (хормен) Сайысымызды бастаймыз. Өнер қуып топ өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп, Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Жүргізуші:

1-тур: «Таныстыру»
Олай болса, ортаға «Жалын», «Қыран» топтарын ортаға шақырамыз.
«Жалын» тобы
Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз, Біз спортшы боламыз!
«Қыран» тобы
Топтың ұраны: Біз биіктен самғаймыз, Қарсыластан қалмаймыз.
Жүргізуші: Әділ-қазыларға сөз береміз! Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен-тек жоймайық! Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
2-тур: «Кенгуру» Ойынның шарты: Топ мүшелері допты екі аяқтың арасына қысып ала отырып кедергі арасымен айнала өтіп, белгіленген жерден кері айналып қайту.

3-тур: «Таяқша» ойыны
Ойынның шарты: Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, жүгіріп барып, таяқшаны қойып, межені айналып жүгіріп келесі балаға қолын береді.
4-тур: «Фут-зал» ойыны Ойынның шарты: Топ мүшелері допты жерге ұрып жүріп, белгіленген жерді кері айнала допты жерге қайта ұрып орнына келу.

5-тур: «Доппен жарыс» ойыны
Ойынның шарты: Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.
 
6-тур: «Секірме» ойыны Ойынның шарты: Топ мүшелері скакалканы алып шеңберге дейін секіріп барып, шеңберді айналып кері қайтарда тағы да скакалкамен секіріп келу.

7-тур: «Қаңбақ» Ойынның шарты: Топ басшыларын ортаға шақырып логикалық сұрақтар қойылады қай топ басшысы көп сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
Топ басшылардың сұрақтарыІ топ басшысына
20:5=2) 54:6=3) 56:8=4) 72:9=5) 63:7=6) 36:9=7) 48:8=8) 27:9=9) 28:4=10) 32:4=11) Ауаның қозғалысы (жел)12) Жердің серігі (ай ) 13) Қойдың төлі (қозы)14) Қосылғыштардың мәні (қосынды) 15) Заттың санын білдіретін сөз табы (сан есім) 16) Қыста су неге айналады (мұзға)17) 1сағатта қанша минут бар (60минут)18) 12айды бір сөзбен айт (жыл)19) Наурыз көжеге қосылатын дән (бидай)20) Ата-анасының бірінші баласы (тұңғыш баласы)
ІІ топ басшысына1)20:5=2) 54:6=3) 56:8=4) 72:9=5) 63:7=6) 36:9=7) 48:8=8) 27:9=9) 28:4=10) 32:4=11) Бес тышқанның құлағы қанша (10)12) Жеті сиырдың мүиізі неше (14)13) Төрт үстелдің аяғы неше (16)14) Екі қолыңдағы саусақ қанша (10) 15) Оң қолыңдағы саусақ саны (5)16) Айырмаға азайтқышты қосқанда не шығады ( азайғаш)17) Екіге бөлінетін сандар ( жұп)18) Түтін шығатын қондырғы (мұржа)19) Қыста болатын ызғарлы суық (аяз)20) Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады (орман)
8-тур: «Ептілік – жылдамдық» ойыны.
Ойынның шарты: Тәрелкеге су құйылады. Қасықты қолмен ұстап суды стаканға тасып толтыру керек. Ойынға 60 секунд уақыт беріледі. Қай топ стаканға көп су жинайды сол жеңеді.
9-тур: «Навигатор» Ойынның шарты: Топ мүшелері арқан тарту
III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол - Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Жеңілгендер ренжімей, Тараса бізге жарады, - демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.