Дос болайы? б?ріміз! 1 класс
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Дос болайық бәріміз!
Мектеп: № 53 ОМ
Күні :09.11.2016 Мұғалімнің есімі: Жанина А.Н.
СЫНЫП: 1 «А» Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:оқушылардың санасында «достық» ұғымын қалыптастыруға көмектесу;
Оқушылардың басым бөлігі:өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;
Кейбір оқушылар:оқушыларды мейірімділікке, сыпайылыққа, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу
Тірек сөздер: достық – дружба – friendship; қызығушылық – интересы – interests; нағыз дос – настоящий друг – a real friend.
Ресурстар: А4 форматты қағаздар, жануарлардың суреттері, әріптер жазылған үлестірме парақшалар, мысалдар жазылған үлестірме парақшалар, ватман.
Сабақтың мақсаты: 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
Достық – бұл адамдар арасындағы өзара сыйластыққа, рухани жақындыққа, ортақ қызығушылыққа негізделген қарым-қатынас. Адамның нағыз достары болса, өзін сенімді сезінуіне әсер етеді. Өзіңді басқамен дос болуға немесе өзгені досың болуға мәжбүрлеуге болмайды. Достық өзара сыйластық пен сенімге құрылады. Достық қарым-қатынастар адамның тәртібіне және эмоциялық күйіне әсер етеді.Халықаралық достық күні 30 шілдеде аталып өтеді. 2011 жылғы 27 сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы Достық күнін өткізуге шешім қабылдады. Әлем мәдениеті шеңбіріндегі іс-қимылдар бағдарламасы мен декларациясы идеологиялық негіз болып табылады. Біріккен ұлттар ұйымы бұл күнді белгілі бір елдің мәдени дәстүрлеріне сәйкес атап өтуді ұсынды. Сонымен қатар 9 маусымда бүкіл әлемде Халықаралық Достық күні атап өтіледі.
«Достық» сөзінің мағынасын сұраңыз.
Жауабы: «Достық сөзі нені білдіреді?» деген сұраққа оқушылар әртүрлі жауаптар беруі мүмкін.
«Достық – екі достың бос уақытты бірге өткізуі». «Достық – бұл сыйластық, түсіністік және т.б.» Қане, бастайық!
Адам өміріндегі ең қымбатты жандар – бұл отбасы мүшелері. Отбасы – бұл ата мен әже, әке мен ана, аға мен әпке, іні мен сіңлі. Отбасында барлығы бірін- бірі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, көмектеседі. Сабақтан кейін өзіміздің жылы, жайлы үйімізге қайтамыз. Үйде бізді әрқашан қуана қарсы алады. Адам үшін нағыз достың болғаны да маңызды. Нағыз дос әрқашан жаныңнан табылады.
Ойланып көр!
Өз отбасыңның тарихын білесің бе?
«Нағыз дос» дегенді қалай түсінесің?
Отбасының қорғаны кім?
Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Достық туралы мақал-мәтелдер. Оқушылар мақал-мәтелдерді дауыстап оқиды. Олардың мағынасын бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын күнделікті өмірден алынған мысалдар негізінде түсіндіре алады.
Олардан достық туралы басқа да мақал-мәтелдерді естеріне түсіруін сұраңыз. Оқушылармен «Сөздер құра» ойынын жүргізіңіз. Оқушыларды 3-4 топқа бөліңіз, әріптер жазылған кесте қағаздар таратып беріңіз. Әр топқа барлық үш тірек сөз беріледі. Оқушылар аталған әріптерден «достық», «нағыз дос», «қызығушылық» сөздерін құрастыруы тиіс. Тапсырманы басқалардан жылдам орындаған және үш тілде барлық тірек сөздерді дұрыс құрастырған топ жеңімпаз болады.
Пәнаралық байланысҚосымша тапсырмаларЖаратылыстану. Жұмыс жұпта өткізіледі. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың – мысық, ит, кірпі, тоты, балық және т.б. суреттерін таратып беріңіз. Тапсырма: «Сенің үйіңде бар немесе сен асырағың келетін жануардың біреуін таңда. Неліктен сен жануарлардың дәл осы түрін таңдадың?». Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.
Математика. «Сөзді тап» ойыны. Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді.
70 – 20 = Қ
35 + 2 = О
20 – 1 = Д
55 + 4 = Т
80 – 80 = С
17 + 3 = Ы
Оқушылар мысалдарды шешіп, жасырынған сөзді табады.
19370592050
достық
Музыка. Бояуға арналған тапсырманы орындаған кезде С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін қосып қоюға болады. Әнді тыңдағаннан кейін оқушылардан әндегі достық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді естеріне түсіруді сұраңыз Оқушылардың ұйымшыл болуы үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргізуге болады. Әр топ ешнәрсе айтпай бірінің артына бірі жылдам тұра қалуы және команданың барлық оқушылары бірігіп, шаршы, үшбұрыш, ромб, әріп пішіндерін құруы тиіс. Жаттығуды орындағаннан кейін оқушылардан тапсырманы орындауда қандай қиындық болғанын және тапсырманы орындауда не көмектескенін сұраңыз.
Бағалау
Оқушылар
– достық қарым-қатынастың маңыздылығын;
– нағыз достың бойындағы жақсы қасиеттер туралы білді.
Оқушылар
– өз көзқарасын білдіруге;
– бір-біріне және қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйренді.
Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:
Достарыңа қандай сөздер айтпау қажет? (дөрекі, ренжітетін)
Достар не үшін қажет? (жалғыз қалмау, кеңесу, қиын жағдайларда бір-біріне қолдау көрсету үшін және т.б.)
Егер достары болмаса адам не істеуі қажет? (мінезін өзгерту қажет)
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?