Презентация семинара класных руководителей Сынып са?атын ?ткізуді? шы?армашылы? формалары
Сынып сағатын өткізудің шығармашылық формалары
Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. “СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ” Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы»,
Жалпы ереже Сынып сағаты – бұл сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі шығармашылық формасы. Ол оқушылардың қоршаған әлемге қарым – қатынас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Сынып сағаты – бұл құрамы және құрылымы бойынша тәрбие әрекеттестігінің икемді формасы; бұл сынып жетекші және тәрбиеленушілердің қатынас формасы. Ұйымда педагог басымдылық рөлді атқарады. Сынып сағаты оқу сабақтарының кестесіне қойылады. Сынып сағаты әрбір сыныпта апта сайын өткізіледі. Сынып сағаттың формасын сынып ұжымы сынып жетекшісінің басшылығымен таңдайды. Сынып жетекшісі сынып сағатын дайындау және өткізуде оның негізгі үйлестірушісі болып табылады және сынып сағаттың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыруға жауапты.
Сынып сағатының мақсаты және міндеттеріСаяси, экономика және әлеуметтік өмірдің, өзі туралы, жақындары туралы, нақты өмір туралы мәселелері бойынша білімді қалыптастыру.Азаматтық көзқарасты, адамгершілік – эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру. Достарын түсінуге үйрету, оларға мәселелерді шешу, қарым-қатынаста болу, ынтымақтастықта болу, әрекеттестікте болу ықыласты арттыру. Білім алушылардың субъевтиктілік және даралығының қалыптасуы мен білінуіне олардың шығармашылық мүмкіндіктеріне жағдай жасау. Эмоционалдық – нәзік орта мен құнды қарым-қатынас қалыптастыру.Танымдық және практикалық – жасампаз әрекеттің білім, білік, дағдыларын игеру.7. Мектеп оқушыларының дамуы және тіршілік әрекеті үшін қолайлы орта ретінде сынып ұжымын қалыптастыру.
Сынып сағатының қызметіАғартушылық қызметі – оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Болжамдылық қызметі – оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым – қатынасты қалыптастыру,оларды белгілі бір заттық және рухани құндылықтарды жасау. Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Қалыптастырушылық қызметі жоғарыда аталған қызметтің орындалуымен байланысты және оқушыларды ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.
Сынып сағаттың мазмұны Сынып сағаттың мазмұны, мақсаты, міндеттері оқушылардың жас ерекшеліктері және тәжірибесіне байланысты. 1 – 11 сыныптардың сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жаңа оқу жылына сынып сағаттарының өткізілуі барлық сыныптарға бірыңғай бір күнге бірінші сабақ болып белгіленеді. Келесі оқу жылына сынып сағатының тақырыптары әрбір оқу жылының аяғында сынып жиналысында сынып ұжымымен сынып жетекшісі оқушылары және ата – аналармен бірлесіп атқарумен анықталады. Сынып сағаттың мазмұнына қойылатын талаптар:Сынып сағаттардың мазмұны жеңілден күрделіге, ақпараттан бағалауға, бағалаудан өз пікірін жеткізуден құрылу керек.Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі өз ойын және өз пікірін міндеттемеу керек, бірақ сынып жетекшісі түзетулер енгізу және дұрыс шешім қабылдауға көмек береді.Сынып сағатын құруда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек.Сынып сағатын мазмұнында әрекетін түрлі динамикасы, мәселелер, ақпараттар болу керек.Сынып сағаты, өзінің әр түрлілігіне байланыссыз, оң эмоционалдық негізінде өткізіліп, оқушылардың сезімдерін, жағымды жай күйін дамытатын болу керек.Сынып сағаттың мазмұнында қорытынды бөліміне назар аудару қажет.Сынып сағатында оқушы сынып сағатына бөлінген уақытында, сынып сағатында өзіндік көз- қарасында бағалай алатындығын көрсете білу керек.
Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізуСынып сағаты бірнеше бөлімнен құралады:Қызығушылығын ояту. Кіріспе бөлім – мәселе қою.Мағынаны тану.Негізгі маңызды бөлім – мәселені шешу үшін материалдар Ой түйіні.Қорытынды бөлім – мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтауРефлексия.
Тәрбие сағатын өткізуде дайындық барысында Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын міндеттерін анықтау; Тәрбие сағатының мақсаты, міндеттеріне сай оның мазмұнына қатыста материалдар жинау;Тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр түрлі амал – тәсілдерді ойластыру;Көрнеккі құралдарын, музыкалық шығармалардың таңдау бөлмені дайындау;Оқушылар, олар ата – аналары; достары кіші және ересек жолдастары, мектеп қызметкерлері, тақырыпты талқылауға қатыста мамандардың қатысу мақсаттылығн айқындай;Оқушылар ұжымында ашық тәрбие әнгіме, жайма - шуақ жағдай туғызу.Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барсындағы рөлін, орынң анықтау.Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алынған мағұлматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.
Сынып сағаттарын дайындауда және өткізуде қолданылатын түрлі тәсілдер : – әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау, мезгілдік басылымдарға шолу жасау; – шақырылған мамандар өткізген дәрістер; – сауалнама және оның нәтижесін талдау; – дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау; – өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет салған кезде); – танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме жасау; – «ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс. Балалар үшін ұжымдық шығармашылық қызмет тәсілдері мен әдістердің элементтері анағұрлым тиімді және қызық екенін практика көрсетіп отыр. Балалардың алдында шақырылған қонақтар немесе ата-аналар өнер көрсеткен сынып сағаттарын ерекше атауға болады. Танымал адамдармен болған кездесулер тәрбиеде маңызды рөл атқарады, дегенмен олар балалардың қызығушылығы қанағаттандырылғанда және тәрбиешінің педагогикалық ойлары жүзеге асқанда ғана табысты болмақ.
Сынып сағаттарын өткізу формалары:Айтыс ретіндегі формалар:Диспут Талқылау Конференция Дөңгелек үстелСұрақ және жауап кештеріШақырылған адамдармен кездесуЛекториСайыс сипаттағы формалар:Конкурс байқау ВикторинаСаяхатКВНПайдалы істердің эстафетасыБайқау ПарадПрезентацияТурнир ОлимпиадаШығармашылық формалар:ФестивальКөрме Ауызша журналЖанды үн қағазШығармашылық еңбекЖобаларӘзіл – ысқақ Қойырылым Концерт Жәрмеңке Ортаға ойын формалары:Рөлдік – ойындарСюжеттік – ойындарЗияткерлікПсихологиялық ағарту формалары:ТренингЗерттеу Ортаға қозғалмалы формалар:Көңілді Кіші олимпиадаМектепшілік олимпиадаАтлетика күні денсаулық күніМектептен тыс жұмыстарының формалары:Экскурсия Жарық Концертке, циркке, театрға бару
Сынып сағатының сапасын бағалау Сынып сағатының сапасы ішкі және сыртқы тиімділігі критерилері бойынша бағаланады Оқушылардың ЭССЕ, пікір түрінде жазған жұмыстары сынып сағатының сыртқы тиімділігін бағалау құралы болып табылады.Ішкі тиімділігін директордың тәрбиес жұмысы жөніндегі орынбасары бағалайды.
ЖолбарысҚұсТасбақаТопқа бөлу
Жолбарыс - бейне: Сіз өте белсенді адамсыз, сонымен бірге ортада және басқа жерлерде сыйлысыз. Сізбен қатынаста болған адамдар сізді әрдайым жоғары бағалайды. Сіз айналаңыздағылар бір- бірімен дұрыс келісімге келсе және бір -бірін дұрыс түсінсе, сізге қолдау көрсетсе, бақытқа жетуге болады деген ойға келесіз. Және сіз әрқашан бақытты өмір сүруге талпынасыз. Сондықтан сізде сәттіліктер көп болады.Құс-бейне: Сіздің мінез - құлқыңыз айналаңыздағы адамдарға тәуелді. Өйткені, сізге өз ортаңыз қатты әсер етеді. Сіз эмоционалды жансыз, себебі сіз көңіліңізге тікелей қабылдайсыз. Өз көңіл - күйіңізді тиімді пайдалануға ұмтылыңыз. Және сізде өзімшілдік қасиет бар. Сіз өзіңіздің бұл қасиетіңізді жоюға тырыссаңыз жақсыға ұмтылуға мол мүмкіндігіңіз бар.Тасбақа - бейне: Сіз өзіңізге, ішкі сезіміңізге үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Сіз өмірде, әртүрлі жағдайда өзіңіздің пікірлеріңіз бен көзқарастарыңызға дұрыс баға бересіз және әрқашан қатынаста тиімді жол таба білесіз. Егер сіз қиындыққа тап болсаңыз, ол үшін көп іс - әрекеттенесіз, яғни жағымсыздықтан тез арылуға тырысасыз. Өйткені, сіз жағымсыздық әсерінен өз көңіл күйіңізді реттей алмай қаласыз. Алға шынайы ниетпен талпынсаңыз, сіз жақсы нәтижеге жетесіз.
1 топ: Менің Отаным - Қазақстан 2 топ: Тіршіліктің негізі –салауатты болашақ3 топ: Халқымның баға жетпес құндылығыТоптық жұмыс
Өтілген шара бойынша алған әсеріңіз?Өте жақсы!Жақсы!Бір қалыпты!Онша емес!