?сімдік ?ркендеріні? ??рылысы мен ма?ызыта?ырыбына арнал?ан саба? жоспары


Сабақ жоспары
Сынып: 6
Пән: Биология
Тақырыбы: Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы
Сабақтың мақсаты: Өркендер мен бүршіктердің құрылысына және қызметіне түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Оқушыларға бүршіктің түрлері мен олардың ішкі құрылысы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тірі табиғат туралы ақыл - ой, білім - біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: : Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру
Көрнекілік: кесте, сызба нұсқа
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.
II. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин.
IV. Білімді бекіту. 6 мин.
V. Үйге тапсырма беру. 1 мин.
VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.
VII. Қорытынды сөз. 1 мин.
Сабақтың барысы:
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1.“Адасқан өсімдіктер”
1.Жемтамырлар Үнді фикусы
2.Емізік тамырларМангр ағашы, орхидея
3.Тіреу тамырларСәбіз,қызылша4.Түйнекті тамырларСұңғыла, арамсояу5.Тыныс алу қызметін атқаратын тамырларБатат,картоп2.Тез ойлан стратегиясы
Түрөзгеріс деген не,оның қандай маңызы бар?
2.Түрін өзгерткен тамыр түрлерін ата.
3.Емізік тамырдың нағыз тамырдан айырмашылығы4.Түйнектердің жемтамырдан айырмашылығы қандай?
5.Жемтамырлар қандай өсімдіктерде болады?
6.Ауа тамырлары өсімдікке не үшін керек?
7.Түйнекті тамырлары бар өсімдіктерді ата .8.Ауа тамырлары бар өсімдіктерді ата.
9.Жемтамырлар нешеге бөлінеді?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.
Өркенннің негізгі орталық тірек бөлімі сабақ дейді
Тамырдан өркеннің айырмашылығы- жапырағы болады, буын және буын аралығы болады.
Сабақтың жапырақ өстін жерін буын деп атаймыз
Ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейміз
Буынаралығы ұзын болса ұзарған өркенБуынаралығы қысқа болса қысқарған өркенЖапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейдіIV. Білімді бекіту.
Біліміңді тексерТөбе Қолтық Қосалқы Бұйыққан
Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді.
Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседіЖанама бүршік жапырақ қолтығында орналасады, жан-жаққа бұтақтар өседіҚосалқы бүршіктің ерекшелігі, ол өсімдіктің кез келген жерінен шығады.
Бұйыққан бүршік көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер және қосалқы бүршіктер тыныштық күйге ауысады.
Білгіш өркендерБүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?
Буын,буынаралық дегенді қалай түсінесің?
Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы.
Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығы..Қосалқы бршіктер қайдан дамиды?
Бүршіктер нешеге бөлінеді?
V. Үйге тапсырма беру:
VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VII. Қорытынды сөз.