Саба?ты? та?ырыбы: Презентацияларды ??ру. Безендіру шаблондары. (6 сынып)


Информатика мұғалімі Қ.А.Жакупованың
қысқа мерзімді жоспары
Күні: Пәні: информатика
Сыныбы: 6 ә
Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
Жалпы мақсаты: Презентациялардың әртүрлі үлгілерімен, шаблондармен танысады, таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып презентация құрады, безендіреді.
Сілтеме: Microsoft PowerPoint, электронды оқулық
Оқу нәтижесі: Оқушылар әртүрлі шаблон, дизайн үлгілерін қолданып презентация құруды, сақтап, ашуды үйренеді.
Негізгі идеялар: Презентация, слайд, шаблон, дизайн үлгілері
Қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Жеке жұмыс, топтық жұмыс, топпен жұмыс, (АВС тобының оқушыларын бақылау), Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық Шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтқызып, жағымды ахуал орнату. Топқа фишкалармен бөлу Шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтып, көңіл күйлерін көтеріп, жағымды ахуал орнатады. Топқа өздеріне ұнаған фишкаларын алып, алған бірдей фишкалар бойынша жинақталып, топқа бірігеді.
І. Білу Қайталау сұрақтарын қою.
Презентация дегеніміз?
Слайд ұғымына анықтама?
Қандай бағдарламаның көмегімен презентация құрамыз?
Бағдарламаны іске қосу?
Файл мәзірінің командалары?
Қою мәзірі нелерден тұрады?
Слайд қосу үшін?
Құжатты қалай сақтаймыз?
Сақталған құжатты ашу үшін?
MS PowerPoint-та құрылған құжаттың кеңейтілімі? Оқушылар топпен ақылдаса отырып жауап береді. Бір-бірін толықтырады.
ІІ.Түсіну Интерактивті тақтада, электронды оқулықтан жаңа тақырып түсіндіріледі. Түсініп тыңдап, қажеттісін жазыл дәптерге жазып алып отырады.
ІІІ. Қолдану Жекелей тапсырма. Әрбір оқушы «Таныстырылым» өз презентациясын құрады.
Болу керек мәліметтер:
Өзі жайлы
Отбасы
Мектебі, сыныбы
Достары
Жетістіктері
Арманы , т.с.с.
Шарттары:
Дизайн, шаблонды пайдалану
Макет түрлері
Слайдтар ауысуы
Мазмұндылығы
Эстетикалық безендірілуі. Әрбір оқушы «Таныстырылым» өз презентациясын құрады.
Сергіту сәті. Әуен ырғағымен би билеу.
«Шоқ қыздар» Би билейді.
ІҮ. Талдау
Жұптасып жұмыстарын талқылап, бағалайды. Топ болып бағалап, шарттардың орындалуын тексеріп, үздік деген жұмыстарды анықтайды. Оқушылар жұптарының жұмысын талқылайды, бағалайды.
Топпен үздік жұмысты анықтайды.
Ү.Жинақтау
Тақтада үздік деп танылған жұмысты сынып болып бірге тамашалап, оқушылар өз пікірлерін айтады.
«Үздік безендіруші», «Шығармашылығы», «Мазмұндылығы» бойынша марапаттаймыз. Оқушылар жұмыстарын интерактивті тақтадан қорғайды.
ҮІ.Бағалау
Жұптық бағалау және топбасшысының бағалауы болады. Жұптарын бағалайды.
Топбасшысы бағалайды.
V. Үйге тапсырмасын беру «Менің арманым» тақырыбында презентация құрып келу.
Презентация мүмкіндіктерін оқып келеді. Оқушылар «Менің арманым» тақырыбында презентация құрып келеді.
VII. Рефлексия
«Бүгінгі сабақтан менің алғаным...» стикерге өз ойларын жазып, тілек ағашына жабыстырады. Стикерге ойларын жазып тілек ағашына іледі.
Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.