Жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан о?ыту.


Тақырыбы:Жеке тұлғаға бағытталған оқыту негізінде оқушының білім сапасын көтеру.
Мақсаты: Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына қолайлы орта құру.
Міндеттері:
-оқушының рухани-адамгершілік ,жоғары адами қасиеттерін дамыту;
-жеке тұлға ретінде дамуына қолайлы жағдай жасау;
-оқушының жеке өзіне тән қасиеттерін ашу, дамыту;
-оқушының тереңдете білім алуына жағдай жасау, әлемтану, білімнің әр саласынан хабардар болуына ыңғайлы орта құру;
-білім сапасын арттыру.
Эпиграф:
Жас бала-жас шыбық.Жас күнінде қалай исең, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың.
М.Жұмабаев.
12 жылдық білімге өту жағдайындағы басты мақсат:Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыру болып табылады.
1-сатыдағы негізгі бағдар- оқушының өзін-өзі тану мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танмдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетінің қалыптасуына ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын , оның қаблеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектемке қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің болуына әсер ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Жеке тұлғаға бағыттап оқыту жүйесі педагогикада гуманитарлық салаға қарайды.
Бұл жүйенің негізгі принципі: басты тұлға «оқушы » болып саналады, ал мұғалім білім көзі емес, оқушы танымын оятушы болып есептеледі.
Жаңа оқу парадигмасы- “оқушы - оқулық –мұғалім ”
(Б.С.Гербушинский)
Әлемдік тәжірибеде жеке тұлғаға бағыттай отырып оқыту жүйесінің проблемаларын шешудің неше түрлі жолы бар екендігін анықтаған.
ЖТБО жүйесі американдық педагогтардың үш тобымен егжей-тегжейлі зерттелген: Р.Славин мен Р.Джонсон , Джон Хопкин университетінен, Д.Джонсон Минисота штатындағы университеттен , А:Арсон Калифорния штатындағы университеттен.
Вариативті оқу компонентінің жалпы мазмұны бойынша төрт түрлі стратегия қолданылады:
1.Жеделдету. Бұл стратегия өте тез дамып, білімді жете менгеретін оқушыларға қолданылады.(мектепке ерте берілген, сыныптан сыныпқа аттап көшіп отыратын оқушылыр) Бұл әредік кездесетін жағдай. Біздің мектептерде көбіне оқу бағдарламасын жедел меңгерту жазғы демалыс лагерінің жұмыстарында, мастер-кластар өткізгенде, таңдау пәндеріде жүргізіледі.
2.Тереңдету. Бұл дарынды, жеке пәндерге қызығушылығы жоғары оқушыларға қолданылады. Таңдау пәндерінде , үйірме жұмыстарында жүргізіледі.
3.Сапаландыру. Бұл терендетіп оқыту емес, одан да терең мазмұнға ие, бұл әртүрлі технологияларды қолданумен қатар, оқушыларды ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға баулу, түрлі тренингтер қолдану да жатады.
4.Мәселендіру.(Проблематизация ) Оқушының жеке білімділігін ынталандыру қолданылады. Олардың алтернативті (баламалы) сұрақтарға талдау жасай білуге, өзіндік ерекше жауап таба алу , кез-келген мәселелерден жол таба білу тұлғаға тән адами қасиеттерді бойына сіңіруіне жол ашады. Олар; берік мақсат, табандылық, жауапкершілік, достық, жанашырлық, өзіндік бағалау, өзіне деген сенімділік.
Жеке тұлғаға бағыттай отырып оқыту жүйесі базалық (инвариативті) оқу үрдісінде, ал басым көпшілігінде вариативті құрамдас бөлігінде жүргізілуі тиіс.Бұл парадигма даму деңгейі жоғары оқушлар үшін маңызды.
ЖТБО жүйесінің негізгі міндеті оқушының өзіне тән жеке өмірлік қажеттілігіне, болашақ өмірлік ұстанымның қалыптасуына бағытталған.
Оқушылардың білім деңгейлері, мінездері әртүрлі. Бір оқушы айтқанды тез қабылдап алса,кейбір оқушылар керісінше тіпті өз ойлағанын, берілген сұраққа да жауап бере алмайды.Сол үшін оқушыларды шағын 3-4 баладан тұратын топтарға жіктеп, ондағы оқушылардың әрдеңгейлі болуын мұғалім өз тарапынан бақылауы керек.Бірігіп оқудың кейбір нұсқалары:
1.Топпен оқу.Бұл жұмыста қабілетті оқушы қабілеті төмен оқушыға міндетті түрде көмек беруі қажет.Осындай тағыда
а) жекелеме-топтық;
б) командалық ойын;
Мұғалім аптасына 1 реттоптардан тест жұмысын алып отырады.
2. «Ара» тәсілі: 1978 жылы Э.Арсоннның тәжірибесінен.4-6 баладан тұратын топ құрылады,әр топ алдын ала өзіне берілген тақырып бойынша мәліметтер жинап, басқа топтармен бөліседі, талдайды. Бұл жұмыс «эксперттер кездесуі» деп те аталады.Кездесуден кейін тыңдаған оқушы , алынған мәліметтерді өз тобына жеткізеді.Қортынды сабақта мұғалім осы тақырып бойынша не білгенін әр оқушыдан сұрап шығады. «Ара-2» нұсқасында бір тақырып бір топқа беріледі, топ мүшелері бірге ізденеді.Топтың әр мүшесі жеке эксперт бола алады.
3. «Бірге оқимыз» .Сынып 3-4 оқушыдан топқа бөлінеді.Әр топқа тақырыпты бөліктер бойынша жеке жұмыс ретінде береді. Бұл тіл пәндерінде аса тиімді.
1. Жұптық жұмыс, себебі өзара кқмек, өзара бағалау тәсілі жүзеге асады.Картішкелер ауызша, жазбаша түрде де берілуі мүмкін.
2.Жұптағы өзара сөздік жұмысы.Біреуі мәтінді оқиды, екіншісі қиын сөздерді теріп жазып отырады.Бірігіп әр сөздің мағынасын ашуға тырысады.
3.Жұп мүшелеріне әртүрлі тапсырма беріледі, олар тапсырманы орындаған соң, өз жұбымен бөлісіп, оны түсіндіреді.
4.А.Г Ривиннің өдісі бойынша әр оқушы 2 сөйлемді ғана оқып, ондағы айтылған ойды жеткізуге тырысады.Осылайшы сөздік жұмысын жүргізіп, мәтіндерді де талдауға болады.
5.Өлең жолдарын да шумақтарға бөліп жаттап, топпен бөлісіуге болады.
6.Шығарманы жұппен бірігіп жазу жұмысын да тиімді орындауға болады.Жаппай жұмыс жүргізуде кәртішкеледің көмегі ерекше, бұл арқылы жеке оқушылардың білімін бағалай аласың.

«Теміртау қаласы №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы :
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту негізінде оқушының білім сапасын көтеру.
(баяндама)
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Манапова Ж.П
Теміртау қаласы