Доклад на тему: О?ыту-т?рбиелеу ?рдiсiнде интерактивтi о?ыту ??ралдарын тиiмдi ?олдану жолдары ж?не оны? пайдасы


left11176000
Абаева К.М.
Қарағанды облысы Нұра ауданы
А.Асылбеков атындағы ЖОББ мектебінің
Математика және информатика мұғалімі
Оқыту-тәрбиелеу үрдiсiнде интерактивтi оқыту құралдарын тиiмдi қолдану жолдары және оның пайдасы
Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетiстiктерiн бiлiм беру саласында жүзеге асыру бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi. Жаңа заманғы бiлiм беру жүйесi жаңа мiндеттердi жүктейдi. Сондықтан қазiргi бiлiм берудiң жаңа ақпараттық технологияларын игермейiнше, сауатты, жан-жақты, бiлiмдi маман болу мүмкiн емес.
ХХI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлiк сауаттылық қажет. Бiлiм берудiң негiзгi мақсаты – бiлiм мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдiс-тәсiлдерi мен әр түрлi құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн арттыруды талап етедi. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдiсi зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдiсiнде ақпараттық технологияларды бiлiм беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзiн басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуiмiз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негiзгi мақсаты: Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыру болып табылады. Бiлiм берудiң негiзгi мақсаты – бiлiм мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлi әдiс-тәсiлдердi қолдана отырып,  белсендiлiгiн арттыру мақсатында интерактивтi тақтаны пайдаланып сабақ өткiзудiң көптеген мүмкiншiлiктерi бар:
бiрiншiден, интерактивтi тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшiрiп алып, белсендi жұмыс iстеуге болады;
екiншiден, қосымша материалдарды да көшiрiп енгiзiп, онымен белсендi жұмыс iстеуге болады;
үшiншiден, тақта ретiнде жазуға, сызуға, өшiруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезiнде қолдануға т.с.с. көптеген iс-әрекеттердi жасауда уақытты үнемдi пайдалануға болады.
Оқыту үрдiсiн компьютерлендiру мақсатында  интерактивтi тақтамен жұмыс жасау тиiмдi.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездерi информатика пәнi  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиi қолданылуда.
Осыған байланысты  күнделiктi сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлiк бағдарламалар, интерактивтi тақта-интернет және т.б. көрнекi материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже бередi.
Ақпараттық технологиялардың бiрi – интерактивтiк тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдiсiн компьютерлендiру мақсатында интерактивтi тақтамен жұмыс жасау тиiмдi.
Мысалы:   информатика пәнiн оқытуда интерактивтi тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабiлеттерiн дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкiндiк беремiз. Сабақта интерактивтi тақтаның элементтерiн пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерiмен көрiп, оны жетiк түсiнуге, дағдыланады.
Жалпы  оқушылардың  ақпараттық технология негiздерiнен алған бiлiмi арқылы:
1.Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабiлеттерi артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, бiлiм сапасы артады.
4. Ққушы өз бетiмен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлiк сауатты болуға үйренедi.
Интерактивтiк тақтасын қолдану барысында мұғалiмдер уақытты қалай үнемдейдi?
Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтiк тақта сабақ мазмұнын кеңiнен ашуына мүмкiншiлiгi өте зор. Интерактивтiк тақтаны пайдалану кезiнде үлкен жетiстiкке қол жеткiзу үшiн, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керектi материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалiм интерактивтiк тақтаны бiр емес бiрнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивтi тақта пайдалануға ыңғайлы, әрi уақыт үнемдейдi.
Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?
Интерактивтi тақта оқытудың басқа тәсiлдерiне қарағанда (салыстырғанда),  көптеген жетiстiктерi бар.
Бұл жетiстiктер туралы өз сабағында интерактивтiк тақтаны падаланатын мұғалiмдер ғана айта алады. Басқа мұғалiмдермен мен бiрiге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткiзуге болады, бұл тек қана мiндеттердi бөлiп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берiлген материалдардың сапасын да арттырады.
Интерактивтiк тақтаны дұрыс түсiну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелердi өзi шешiп және сабақты елiктендiретiн болған.
Тағы да ойлау қажет емес. Интерактивтi тақта барлық сабақта қолдану мүмкiн, жоқ болмаса сабақтың әрбiр сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивтi тақтаны пайдаланудан ең көп тиiмдiлiкке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.
Интерактивтiк тақтамен бiрге жүретiн бағдарламалық нұсқаулықты жақсы бiлiп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.
Интерактивтi тақтаның үш режимiнде де жұмыс жасауға болады. Сол режимдердiң әр қайсысына тоқталайық.
Ақ тақта режимi– ең қарапайым режим, бұл режимдi семинар сабақтарын жүргiзгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимiн қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағанда және тақырыпқа қажеттi жерiн бегiлеудермен, негiзгi ұғымдарын ерекшелеу үшiн түрлi түстi қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиетiн мысалы географиядан, тарихтан, физика және т.б пандерден сабақ жүргiзгенде ынғайлы. Фон ретiнде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суретiн алуға болады  және сабақ барысында қажет болса картаға белгi салуға, жазуга мүмкiншiлiк  бар.
Екiншi режим- Office режимi. Бұл режим сабаққа қажеттi дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтiндiк редакторының, Excel электрондық  кестесiнiң құжаттары, Power Point–презентациясы болуы мүмкiн. Практикалық сабақты жүргiзуде қайталаудың рөлi ескерледi. Қайталауды жүргiзудiң нұсқалары блиц – тестер, стандартты есептердi шығару екенi белгiлi. Практикалық сабақтың бұл бөлiгiн жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық  материалдарын жақсы даярлау қажет, ол үшiн интерактивтiк тақтаны қолдану мүмкiншiлiктерiне тоқталамыз.
Мысалы, Microsoft World құралдарымен төрт түрлi мәтiндiк тапсырмаларды қамтитын құжатта тапсырмаларда қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларының немесе амалдарының дұрыс тiзбегiнiң көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды  сурет  салу панелiнiң ‘төртбұрыш’ ”овал” обьектiлерiмен жасырамыз. Сондай мүмкiншiлiктерiнiң бiрi құрылған құжатқа мәтiндi қосуға болады, яғни экраннан түсiрiлген суретпен емес құжатпен тiкелей жұмыс жасаймыз.
Үшiншi режим –тақтаның интерактивтi режимдегi жұмысы. Семинар сабақтарын жүгiзуге өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивтi тақтаның сiлтеме жасауға арналған компонентiн қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылықұралдары құрылған құжатарға, графиктiк редакторлардың немесе программалау ортасының көмегiмен құрылған файлдарға, интернет бетерiнен сiлтемелердi ұйымдастыруға бередi. Объектiдегi сiлтеме  белгiсi арқылы белгiленедi.
Сабақтың бұл формасын өткiзуде сол сияқты әртүрлi пәндерге арналған галерея қорларын  пайдаланған тиiмдi. Қордан алынған материалдарды оқытушы өзiне ыңғайлап өзгерте алады.