Презентация ?аза? тілі Дауыссыз дыбыстарды? т?рлері
Қазақ тілі Тақырыбы:Дауыссыз дыбыстардың түрлері Құрастырған: Бектемирова З.С Арбиген ЖОББМ Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне ажырата білуге дағдыландыру Таза,әрі сауатты жазуға машықтантыру Қамқаорлыққа,әдептілікке тәрбиелеу Өткенді қайталау : Я-қандай дауысты дыбыс?Ю-қандай дауысты дыбыс?Дауысты дыбыстарды атаДауысты дыбыстар қандай болады? Жаңа тақырып:Дауыссыз дыбыстардың түрлері Дауыссыз дыбыстардыңтүрлері Қатаңдауыссыздар:к,қ,п,ф,с,т,х,ц,ч,ш,щ,һ; Ұяңдауыссыздар:б,в,г,ғ,д,ж,з; Үндідауыссыздар: р,л,м,н,ң,й,у 1-жаттығу Құстардың атын көшіріп жаз. Тырна,қырғауыл,бүркіт,бөдене,сұңқар,шүрегей,тауық,сауысқан.. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.. Осы құстардың қайсысы артық? Неліктен? 2-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. Ұя Ұя-құстың жұмыртқалап,балапан басатын орны.Ұяның түрі көп.Әр құс ұясын өзінше салады.Қарға ұясын ұсақ бұтақтарданжасайды.Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.. Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып,оларды бөлінуіне қарай топтап жаз. Қатаң:Ұяң:Үнді: 3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы: Аққулар Әй,аққулар,аққулар, Күз алыс па,жуық па? Неге қанат қақтыңдар, Көлдің суы суық па?. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Үлгі : күз –бір буын,үш әріп,үш дыбыс к-дауыссыз,қатаң ү-дауысты,жіңішке з-дауыссыз,ұяң Дыбыстық талдау жаса: Аққулар- а- қ- у- л- р- Қанат- қ- а- н- т- 4-жаттығу Жаңылтпашты оқы. Ақ қыс,қағаз,аққу ақ, Ақ тіс,ақ бу,ақ бұлақ. Аппақ дейін,ақ дейін ақ емес,бірақ ақтиін.. Жаңылтпаш сөздерінде кездесетін дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жаз.Қатаң:Ұяң:Үнді: Үй тапсырмасы: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау5-жаттығу 63-бет