План Дауыссыз дыбыстарды? т?рлері 2 класс


Пәннің аты: қазақ тілі Уақыты: Кабинет:231 Мұғалімі: Утегенова А.Т.
Сабақтың атауы Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Мақсаты Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу ерекшеліктерін байқату. Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге төсілдіру, сауатты, көркем жазуды жетілдіру.Мәдениетті сөйлеуге, шыдамды болуға, іздемпаздыққа тәрбиелеуСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндір, сто техСабақтың көрнекілігі: суреттер.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа назарын аудару, керекті құралдарын алдыру.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!  Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Ереже сұрау. - Мен сендермен дыбыс туралы қаншалықты білетіндеріңді байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.- Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?42 әріп, 40 дыбыс.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс.
Дәптермен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма:
Ойын«Дыбысқа саяхат»ПартадәптеркемеІV. Венн диаграммасыДауысты Дауыссыз;V. Өлеңнің ұйқасын тап:Білім ал да ____________________ досқа бер көмек.Отанды сүй,_____________________ адам бол.
Сергіту сәті Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік! Ой толғаныс Дыбыс түрлері:Дауысты ДауыссызЖуан Жіңішке Қатаң Ұяң ҮндіДауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді.Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа1) кедергіге ұшырайды2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады3) созып айтуға келмейді.Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буынК - дауыссыз, қатаңІ - дауысты, жіңішкеТ - дауыссыз, қатаңА - дауысты, жуанП - дауыссыз, қатаң
Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс,ереже жаттау Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс 153007779407 Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады