Рефлексия: Туынды тарауы та?ырыбында?ы саба??а


10 фқ сыныбыменен өткізген «Туынды тарауына есептер шығару»  тақырыбындағы сабағыма рефлексия
Сабағымды Диалогтік оқыту, АКТ-ны пайдалана отырып, топтық жұмыстар арқылы өткізуді жоспарладым. Сабақтың жалпы мақсаты: Туындыны есептеу ережелері,күрделі, тригонометриялық функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету. Үйге берілген тапсырманы оқушылар постермен, слайдпен қорғады және қорытындылай отырып сабақтың тақырыбы ашылды, тақырыпқа байланысты сабақтың мақсаты анықталды. Әр топ бір-бірінің жұмысын екі жұлдыз бір тілек бойынша бағалады. Оқушыларды формулалар арқылы жаңадан 2 топқа бөлдім.1-топ-"Білімділер", 2-топ-"Зерттеушілер". Топтық ереже құруда оқушыларға ұйымшылдық, тәртіп сақтау, үнемі жетістікке жету,уақытты тиімді пайдалану,топ мүшелерімен бірге шешім қабылдау, берілген тапсырманы сапалы орындау сияқты ережелерді түсіндірдім.
Блум таксаномиясының ойлау деңгейлері бойынша сабақтың негізгі мақсаты: туындыны есептеу ережесінің мазмұнымен танысып,тақырыбы мен идеясын ашады, саралайды,жинақтау деңгейі бойынша өз ойлары мен пікірлерін жүйелі жеткізе білуге, өзіндік көзқарастарын дәлелдеуді қалыптастыру және бағалау деңгейі бойынша  алған білімін  қоршаған ортамен байланыстырып, өмірде қолдана білуге үйрету.
Ой қозғау мақсатында оқушыларыма  кестені толтыру тапсырмасы әр топқа берілді. Мұнда оқушылар топтық жұмыс жасап формулаларды еске түсіріп бірінің ұмытқанын екіншісі толықтырып, жылдамдыққа жұмыс жасады. Екі топ бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып диалогқа түсіп есептер шығаруға қажетті мәліметтер толық қамтылды.
Оқулықтағы есептер шығарылып қойғандықтан оқушылар 11 сыныптың пайдаланып жатқан Ұлттық тестілеу орталығының «Математика 2016» әдістемелік құралынан тақтаға есептер шығарды, барлық оқушы қамтылды және бөлінген көшбасшылық бойынша есептерді оқушылар деңгейіне қарай бөліп алды. Одан әр оқушыға жеке деңгейлік тапсырмалар берілді, уақытқа байланысты орындап болғаннан кейін жауабы бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысын өзара бағалады.
Жеке жұмыстан кейін сергіту сәті « математикалық термин бе?» жасалды бұған оқушылармен бірге қонақтарда ат салысты, көңілдері көтеріліп бір серпіліп қалды. Шығармашылық жұмыс АКТ-да оқушылар тақырып бойынша түсінгенін дамыту- талдау бойынша жұмыс жасады : туындысы бойынша алғашқы функцияны анықтап, 11 сынып тақырыбына қадам басты.10 сынып болсақ алда тұрған мектеп алған білімін көрсететін шың ҰБТ-ны естен шығармағанымыз абзал, соған байланысты Талапкер 2015 тест кітапшасынан туындыға байланысты есептер шығарылды , мұнда оқушылар есептің берілгенін көрмей келесі флипчарттан шығарды. Семантикалық карта сәйкестендіру тестінде топтық жұмыс жасалып оқушылар қиын есепті бірі-біріне түсіндіре отырып шығарды және тәрбиелік мақсатта есептер дұрыс шешімін тапқанда білім туралы нақыл сөйлем шықты.
"Туынды тарауында не үйрендік? " тақырыбы бойынша бірдей, ортақ көзқарас орын алған постерлер тақтаға ілініп, әр топ мүшелері толықтай өз ойын еркін жеткізе білгендерін дәлелдейтін жұмыстарын баяндамашы оқушылар қорғап, сабақты қорытындылады. Үй тапсырмасы топ бойынша талқыланып 1 тапсырманы өздері , қалған екі тапсырманы мұғалім таңдап, қосымша №18 тақырыптық тест ұсынылды. Кері байланыс парағына оқушылар өз пікір-ұсыныстарын жазды, әр кезең бойынша оқушылар өздерін бағалады және топ басшысымен салыстырды.
         Қорытындым: оқушыларым топтық жұмысқа төселіп, сабаққа қатысу белсенділіктері артты.Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларымның еркін және белсенділікпен жұмыс істегендерін байқадым.Сабақ барысында  оқушылар топта жұмыс істеуді, өзгелермен санасуды, бірлесіп ізденуді өзін-өзі реттеуді, оқуда АКТ-ны пайдалануды үйренді.Сабақ соңында сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға ілулерін сұрадым.