Ашы? саба? Ж?мыс.?уат.Энергия тарауын ?айталау
Ерқасымова Айгерім Қызықбайқызы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің физика және математика пәні мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
7 «Ә», «Б», «В» сыныптар Физика 16.05.2016 ж Ерқасымова Айгерім Қызықбайқызы
Тақырыбы «Жұмыс. Қуат. Энергия» тарауын қайталау. (Ең қуатты машиналар. Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс.)*
Мақсаты Жұмыс, қуат,энергия ұғымдарын қайталау, есептер шығару
Түйінді идея Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Мұндағы: А-жұмыс;
Ғ-күш;
s – жүрілген жол.
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Механикалық энергия – потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысына тең.
W= Eк + Еn
Денеің құлаған кездегі ауырлық күшінің істейтін жұмысы:
Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы :
Күтілетін нәтиже Жұмыс, қуат, энергия ұғымдарын қайталайды, есептер шығарады, физиканың өмірмен байланыстылығын түсінеді.
Модульдер Оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогтық оқыту), АКТ, Сыни тұрғыдан ойлау Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Венн диаграммасы, Plickers бағдарламасы Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақ кезеңдері
Білім Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Модуль Ресурс
Білу
(5 мин) Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
1. Механиканың алтын ережесі?
2. Толық жұмыс?
3. Пайдалы жұмыс?
4. Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті?
Сәлемдеседі, назарларын сабаққа аударады. Бағалау парақтарын таратады.
Формулалар бойынша топқа бөлу.
Топ аттары:
1. Жұмыс
2. Қуат.
3. Энергия Сәлемдесіп, оқу құралдарын дайындайды, топқа бөлінеді. Берілген сұраққа жауап береді. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер Слайдтар,
7-сынып физика оқулығы,
Р. Башарұлы,
У. Тоқбергенова
Д. Қазақбаева
Сайт материалдары.
Түсіну
(5 мин) Жеке жұмыс
Семантикалық карта
Тапсырмаларды береді және оқушыларды бақылайды.
. Өз бетімен жұмыс жасайды, жұбын тексереді. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер Интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Қолдану
(28 мин) 1) Есептер шығару
(әр топқа 2 есеп)
2) Жұмыс –эксперименттік тапсырма
Қуат – постер қорғау
Энергия – Венн диаграммасы
Сергіту сәті Тапсырма береді, бақылайды, көмектеседі
3 топқа бөлініп беріледі. Топтық жұмыс жасайды, талдайды. Сыни тұрғыдан ойлау ББҮ кесте бетшелері, топ ережесі, динамометр, сызғыш, дене, түрлі-түсті маркерлер
Талдау
(5 мин) Plickers
бағдарламасымен шағын тест Сұраққа жауап алады. Ауызша жауап береді,
талдайды. Сыни тұрғыдан ойлау Интерактивті тақта, интернет, ұялы телефон, Plickers кеспелері
Жинақтау
(1 мин) Сабақ туралы өз ойларын жаздыру Рефлекция жаздырады Рефлекция жазады, мұғалімге береді Жаңа әдіс-тәсілдер Стикерлер, түрлі-түсті маркерлер
Бағалау
(1 мин) Өзін-өзі бағалау Оқушылардың бағалауларын жинайды, қорытынды бағасын қояды Бағалау бетшелерін тапсырады Жаңа әдіс-тәсілдер Бағалау бетшелері, стикерлер
Кейінгі тапсырма «Жұмыс. Қуат. Энергия» тарауын қайталау.
Ең қуатты машиналар. Тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс* жоба қорғау
1-топ «Жұмыс»
2-топ «Қуат»
3-топ «Энергия»
II. Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
1. Механиканың алтын ережесі?
2. Толық жұмыс?
3. Пайдалы жұмыс?
4. Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті?
IІІ. Жеке жұмыс
1-тапсырма: Семантикалық карта
Аталуы Белгіленуі Формуласы Өлшем
бірлігі Анықтамасы
Жұмыс А A=FS Дж Дененің орын ауыстырғанда, күштің атқарған жұмысы
Қуат N N= A/t Вт Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық шама
Кинетикалық энергия EK ЕК= mϑ²2Дж Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия
Потенциалдық энергия Еп Еп = mghДж Денелердің өзара орналасуы б-ша анықталатын энергия
Механикалық энергия W W= ЕК+ Еп = mϑ²2+ mgh Дж Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы
IV. Есеп шығару. Әр топқа 2 есептен.
.
І топ
№1. Еденде массасы 20 кг жәшік тұр. Оны автомашинаның биіктігі 1,5 м болатын кузовына көтерді. Потенциалдық энергияны табыңдар
Берілгені: Формула: Шешуі:
m= 20 кг Еп=mgh Еп= 20кг*1,5м*9,8Н/кг=294 Дж
h= 1,5 м
g= 9,8 Н/кг
Еп=? Жауабы: Еп =294 Дж
№2. Қатаңдығы серіппе серпімділік күшінің әрекетінен 3 см-ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы?
Берілгені: ХБЖ: Формула: Шешуі:
0,03м
Жауабы:
ІІ топ
№1. Желдеткіш 10 минутта 1800 Дж жұмыс істейді. Желдеткіштің қуаты қандай?
Берілгені: ХБЖ: Формула: Шешуі:
t= 10мин 600 сек N= Аt N= 1800Дж600сек = 3 Вт
A= 1800 Дж
N=? Жауабы: N=3 Вт
№2. Массасы 100 кг дене 3 м биіктіктен құлап түсті. Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар.
Берілгені: Формула: Шешуі:
m= 100 кг 2)A= F*S 1) F=100кг*9,8 Н/кг=980 Н
h= 3 м S=h 2) А=980Н*3м=2940 Дж
g=9,8 Н/кг 1)F= m*g
А=? Жауабы: А=2940 Дж
ІІІ топ
№1. Моторының тарту күші ұшақ 720 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшып келеді. Оның қуаты қандай?
Берілгені: ХБЖ: Формула: Шешуі:
N= Аt
200м/с A= F*S
N =? Жауабы:
№2. Массасы 4 кг және қозғалыс жалдамдығы 4 м/с дененің кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
Берілгені: Формула: Шешуі:
m= 4 кг Ек= mϑ²2 Ек= = 32 Дж
ϑ= 4 м/с
Ек=? Жауабы: Ек =32 Дж
V. Сергіту сәті. Интерьактивті тақта арқылы жұмыс, қуат, энергия, күш, жол, масса ұғымдарын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту.
Күш – сила - strength
Жұмыс – работа - work
Қуат – мощность - power
Энергия – энергия - energy
Кинетикалық энергия – кинетическая энергия – kinetic energyПотенциалдық энергия – потенциальная энергия – potential energy
VI. Топпен жұмыс
1-топқа: «Жұмыс» Динамометрді, сызғышты және денені пайдалана отырып, дененің 0, 5 м аралығында орын ауыстыруы бойынша механикалық жұмысты анықтаңдар. (эксперименттік тапсырма)
2-топқа: «Қуат» постер қорғау
3-топқа: «Энергия» Венн диаграммасына салу
VII. Тест. Plickers бағдарламасымен
1. Механикалық жұмыстың белгіленуі?
А) Р В) N С) F Д) A
2. Механикалық жұмыс формуласы?
А)A= FS B)A=m*g C)A=k*x D)A=mgh
3. Қуаттың өлшем бірлігі:
А)Дж B)Н C)Вт D)м/с
4. Дененің потенциалдық энергиясы мына шамаларға тәуелді:
А)тек дененің массасына B)тек дененің биіктігіне C)дененің массасына және биіктігіне D)A,B,C
5. «Кинетикос» грек тілінде:
А) мүмкіншілік В) қозғалыс С) күш D) ұзындық
Кілттері:
1.Д 2.А 3.C 4.D 5. B