Т?сау кесу р?сімі салт-д?ст?р



Жаңаөзен қаласы.№21 «Назерке» балабақшасы
Тәрбиеші:Қадырбаева Б
« Тұсау кесу » дәстүрі
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларды қазақ халқының дәстүрлерінің бірі – «Тұсау кесу» дәстүрімен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, мерекелік көңілдерін көтеру.
Тәрбиелік: туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт – дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар. Жер әлемді жайнатып әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді. Жыл басы, жаңа жыл құтты болсын, тек жақсылығын ала келсін. Төрт түлігіміз төлдеп, ақ мол болсын, егін мол шығып, ел тоқ болсын.
Қазағым Наурызың құтты болсын!
Көтерген шаңырағын биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын
Наурыз тойы ақ батаның бастауы
Береке мен бірліктің жалғауы
Жетті түрлі қасиетті дәмменен
Байтақ елдің бір толады астауы,
Жүргізуші: Балалар,айтыңдаршы Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде болады?
Балалар;көктемде
Жүргізуші:дұрыс көктемде.Ал көктемді қалай сипаттауға болады?
Балалар:Жер көгереді,ағаштар бүршік атады.
Жүргізуші:Иә,табиғат құлпырып бізді бір әдемі ,әлемге алып барады.Наурыз мерекесінде қандай көже әзірлейді?
Балалар:Наурыз көже.
Жүргізуші:Наурыз көжеге неше дәм қосылады?
Балалар:Жеті дәм.
Жүргізуші:Өте тамаша
Жүргізуші:Ұлыс күні кәрі-жас,құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай,жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп,сай-салалар толады.
Көк шөбі шығып желкілдеп,дүние біткен күлімдеп.
Ұлыс күні кәрі-жас ,құшақтасып көріскен
(ортаға екі бала шығып амандасады)
Мансур:Ассалаумағалейкум!
Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!
Аманбек:Уағалейкумассалам!
Ұлыс оң болсын,пәле-жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман-саулық сұрасады.
Кун мен түн ортаға шығады.
Күн:Сәулесі мол Күнмін.
Түн:Жұлдызы көп Түнмін.
Күн мен Түн:Бүгін біздер бірдей боп,теңелеміз бүгін біз.
Түн:Ал ертең күн ұзақ.
Күн:Түн қысқарар бірақ.
Күн мен Түн:ұйқы қанбай қалып ,жүрмеңіздер бірақ.
Жүргізуші:Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы болып саналады.Бұл күні күнмен түн теңеледі. «Наурыз»деген сөз «нау»-жаңа, «рыз»-күн деген сөздерден алынып, «жаңа күн»деген ұғымды білдіреді.Наурыз-бақыттың
Бастамасы,ұлылықтың ұйытқысы,жақсылықтың жаршысы,ынтымақтың белгісі,өмірге нұр сыйлаған,сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін мереке.
Ежелгі шығыс елінің,
Аңсаған арман ойы бар.
Тарқайтын шер жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар,-деп кезекті Наурыз туралы тақпақтарға берейік.
Аружан:Армысыздар аңсаған дана халқым
Сәлем беру ежелгі ата салтым
Ұлыстың ұлы күні Наурызбенен
Сіздерді құттықтаймыз шын жүрекпен
Аманбек:Құтты болсын айтамыз
Халқымның Наурыз тойына
Шық тық біздер жырлауға
Қазағымның салт-дәстүрін
Анар:Бірдей кәрі,жасқа да
Наурыз күні жақсы-ақ
Қой жылы той болсын
Барлық балабақшада
Мансур: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық
Думандатып бақшамда
Наурыз тойын тойлайық!
Кәусар: Көктем келді,Наурыз келді
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан.
Мейірбек:Наурыз келді алақай
Кел, билейік балақай
Бізде қарап тұрмайық
Тойға шашу шашайық
Жүргізуші:Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Ән мен күйді,жыр мен биді шалқытып
Өнерден інжу маржан шашайық деп
Ән: « Қош келдің төрлет Наурызым!»
Жүргізуші:Оу халайық,халайық!
Әсем әнге салайық,
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық,-деп ортаға айтыскер ақындарымызды шақырайық.
Айтыс:Балуанияз Айман
Абдулла:Ағайындар,бауырлар
Наурыз келді,алақай!
Көже пісті әр үйде,
Бір тоямыз,балақай!
Ақдидар:Ата-бабам, тойлаған,
Наурызым,армысың
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала,қарлы шың.
Қанағат:Наурыз тойы-елдің тойы
Көктем тойы-елдің тойы,
Ән айтылды күні бойы,
Жақсы көрем наурыз тойын.
Ғауһар:Наурыз құтты болсын ағаларға,
. наурыз құтты болсын аналарға!
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурыз құтты болсын баршамызға!
Көрініс:»Алдар мен бай»
Жүргізуші:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке деп ортаға биші жігіттерімізді шақырайық .
Би:»Боз жорға»
Жүргізуші:қазақ халқының әр түрлі дәстүрлері бар,бұл халықтық мерекенің үлкен мәні бар.Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «тұсау кесу»дәстүрімен танысамыз.
-Сүйінші!Сүйінші!Ауылда той болады!Сүйінші!Сүйінші!Сүйінші!
(атпен шауып бала залды айналып шығып кетеді)
Әже мен келін келеді.
Әже:Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, балалар !Қош келдіңіздер!бүгін менің кішкентай немеремнің тұсау кесу тойын тойлаймыз! Баланың ең алғашқы қадам басқан тойы-тұсаукесер деп аталады.Тұсауды ата-бабамыз баланың аяқ-алысы жақсы,нық болуы үшін кеседі.,Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғанан кейін,жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым.
Жүргізуші:Еркебұлан тез жүрсін ниетпен,кезекті тақпаққа берейік.
Асар:Бір жастағы бүлдіршін,
Апыл-тапыл басқанда.
Ең алғашқы бұл бір сын,
Дейсің «Бөпем жасқанба!»
Жансұлу:Көңілді әжем ерекше,
Жасарғанға ұқсайды,
Жібіменен бәбектің,
Екі аяғын тұсайды.
Жүргізуші:Тұсауды көбіне тез,шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді.Ол үшін алдын ала жіп дайындалады.Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері ,жолдары бар.Олар:
-Көбейіп,көгере берсін деп шөптен есіп жасаған:
-Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді:
-Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.
(ортаға әже немересімен шығады)
Жерге ұзын ақ мата төсеп,тұсау кесу рәсіміне дайындалады.Немеренің екі қолынан ұстап әжеге келеді.
Әже:Қаз-қаз балам,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін-деп әже немересінің тұсауын кеседі.Қаз-қаз басқан сәбиді жүргізіп жіберіп,тілек айтады.
Жүргізуші:Тұсауың кесілді құлама,
Тізеңді жаралап жылама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Қәнекей,өзіңді сына да.
Әже:Ұзақ болсын иншалла,өмірің
Тасысын шаттықтан көңілің,
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің-деп әже шашу шашады.
Жүргізуші:Тәй-тәй басқан ,таудай асқан баламыздың тұсауы кесіліп,болашағына жол ашқандай күй кешудеміз.Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі нұрға,көңілі жырға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын,білегі қуатты болсын!-деп,балалардың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
Ән:Дастархан
Жүргізуші:Енді балалар, «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер»демекші қолдарыңды жайып әженің батасын алайық.
Әже: Сұрасаң бата берейін
Үстем болсын мерейің
Балам, балам батыр бол!
Жауға шабар батыл бол!
Жамандықтан аулақ қаш,
Жақсыларға жақын бол!
Әумин !
Жүргізуші:Ән қосылып әніңе
Сән қосылып сәніңе.
Ырысты боп Жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылсын бойыңа,
Аман-есен жетейік,
Келесі Наурызтойына!-деп келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет! Қош сау болңыздар!