Тренинг Сенім мені? серігім
«Сенім менің серігім» атты психологиялық тренинг
Мақсаты: Сынып оқушыларын ҰБТ ға байланысты сенімділікке үйрету,стрестік қалыптан арылту, бір - біріне деген қарым - қатынасын нығайту
Қажетті құрал жабдықтар: ақ парақ,қаламсап,интерактивті тақта, «тілек ағашы»тақырыбындағы үлкен ағашы салынған плакат,жапсырма қағаздар үнтаспа.
«Досым,қалың қалай ?» жаттығуы.
Жаттығудың мақсаты:Оқушылардың көңіл- күйін көтеру,бір - бірімен қарым- қатынасын нығайту.
Шарты балалар дөңгелене тұрып,жұп - жұп болып,бір- біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды.Яғни,сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді.
«Сенімділік » жаттығуы.
Мақсаты: оқушыны стрестік жағдайдан арылтып,сенімділікке үйрету.
Шарты:Оқушыларға бос ақ парақ таратылады.Сол парақты қаламсаппен теңдей екі бөлікке бөлу ұсынылады.Ол бөліктерді деп белгілеп,бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те,ортасы қырқылып алынады.Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып,жағымсыздарын қатты мыжып,қоқыс жәшігіне салады.
«Жарайсың » жаттығуы.
Мақсаты: стрес кезіндегі сенімді мінез құлықты қалыптастыру.
Шарты:сіздерге топты мына ұстаным бойынша екіге бөлу қажет:сыртқы,ішкі Енді сіздердің не істейтіндеріңізді айтамын. Екі сыртқы және ішкі шеңбер жасаңыздар.Ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруімен кезектеп өз жетістіктері жайлы айтып,бір біріңнен саусақтарымен есептеп, жетістік айтқан сайын « Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсың ! Екі!» деп ары қарай жалғастырады. Сіз өзіңіз жайлы жаман ойласаңызда , жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Егер де кімде кім өзін ыңғайсыз сезінсе , онда осы жаттығуды орындау барысында былай десін « Мен өзім ді жақсы көремін, мен қайталанбас дарамын! »
Сіздің ойыңызға өзіңіз туралы жағымсыз ойлар келгенде , өзіңізді дамыту қажет екеніңізді есте ұстаңыз.
Менің белгім бойынша шеңбердің қатысушылары орында қалып, сырты шеңбердегілер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді. ойын осы тәртіппен жалғасады.
Талдау
Өзіңіз туралы көп есіңізге түсті ме?
Өзіңізге кейде « Мен жақсы жасадым» деп айтасыз ба?
Қателік жіберсеңіз, өзіңізге не дейсіз?
Көңіл - күйімізді жаттықтыру.
Қабағы түйілген,ашулы адамның кейпі.
Қасқырдан қорыққан қоянның,ұядан түсіп қалған балапанның,иттен қорыққан баланың бет әлпеті.
Жылап тұрған баланың адамды көрсету.
Жай күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсеу.
Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу.
Қорытынды: Қатысушыларға суреттер таратылады. Тренингтен алған әсерлерін,тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады да ағаштың бұтағына қыстырады.Жасыл түс - тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені. Қызыл түс- алған әсері төмен.
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу.
Мақсаты: балаларға өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмектесу,оларды дамытып