Математикадан ашы? саба? Та?ырыбы: Екі та?балы сандарды ?осу ж?не азайту (2 сынып)
Тақырыбы:Екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту. Мақсаты: 1.Екі таңбалы сандарды ауызша қосуды және азайтуды тапсырмалар орындай отырып, пысықтай түсу. 2.Жылдам әрі дұрыс есептеуге дағдыландыру. 3.Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі:Саяхат-сабақ Сабақтың көрнекілігі:магнитофон,дауыс,кеменің суреті Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыры кезеңі ІІ.Жаңа сабақ: Тақырыбы:Екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту. Мақсаты: 1.Екі таңбалы сандарды ауызша қосуды және азайтуды тапсырмалар орындай отырып, пысықтай түсу. 2.Жылдам әрі дұрыс есептеуге дағдыландыру. 3.Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі:Саяхат-сабақ Сабақтың көрнекілігі:магнитофон,дауыс,кеменің суреті Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыры кезеңі ІІ.Жаңа сабақ: -Балалар бүгін бізде жай сабақ емес,бүгін біз сендермен кемеге отырып саяхатқа шығамыз.Ал сендер білесіңдер ме, әр кеменің өз капитаны болу керек.Қазір біз сендермен кім капитан болатынын анықтаймыз.Ол үшін мына тақтадағы мысалдарды шығарып, жасырулы тұрған сөзді табу керек. 7+7 Б 12 11 14 2 6 15-9 О С Р Б А О 5+6 Р 11-9 А 4+8 С -Тамаша!Біздің кемеміздің аты Борас екен. Ал капитанға мына бас киімді кигізіп қояйық.Егер де қиын жағдай болған кезде капитан бізге көмектеседі деп сенемін.Қанеки,жайғасып отырып алайық,кеттік. (кеменің жүзіп бара жатқан дыбысы естіледі,бір кезде кеме тоқтап қалады.) -Мынау қызық екен!Кемеміз неге тоқтап қалды? (Дауыс сөйлейді) - Мен пират Джорджбын.Мен сендердің кемелеріңді тұтқынға алдым.Енді сендер менің тұтқындарымсыңдар.Ха-ха-ха.Сендер маған алтын жинап берсеңдер ғана мен сендерді босатамын. Мұғалім: - Балалар,бізде пираттарға беретін ешқандай алтынымыз жоқ.Енді не істесек екен?Қанеки,біздің капитанымыз бар емес пе ,пиратпен сол сөйлесіп көрсін. Капитан: -Пират Джорж!Біздің сізге беретін ештеңеміз жоқ.Өйткені біз әлі оқушылармыз.Біз мектепте оқимыз. Пират: -Ә.Оқушыларсыңдар ма?Ендеше мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.Егер менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар ғана мен сендерді босатамын.Келістік пе? (Оқушылардың жауабы) Пират: -Сонымен І тапсырма.Оны сендер өздеріңнің сөмкелеріңнен іздесеңдер табасыңдар. (Оқушылар сөмкелерінен тапсырманы тауып орындайды) Әріпті өрнек құрып,мәнін табу (24+33)-12 85-(45-23) (100-35)+(13+45) Пират: -Иә,мына тапсырманы жақсы орындадыңдар.Келесі тапсырма да осы сыныпта жасырулы тұр,оны ұлдар іздеп тапсын. (Ұлдар тапсырманы тауып,орындайды.) Теңдеулерді шешу Пират: -Сендер біраз шаршаған сияқтысындар.Қазір менің көмекшім келіп сендерді біраз сергітеді. (Пираттың көмекшісі сыныпқа кіріп, музыкамен «пираттар биін »билетеді) Пират: - Келесі менің тапсырмам сендердің капитандарына арналады. Егер ол осы тапсырманы орындай алмаса,мен сендердің кемелеріңді суға батырып жіберемін.Тапсырманы менің көмекшім әкеліп береді.(Фигураның периметрін табу) Мұғалім: -Пират Джорж біз сіздің тапсырмаңызды орындадық,енді бізді босатасыз ба? Пират: - Жоқ,менің әлі соңғы тапсырмам бар.Соны орындасаңдар ғана мен сендерді босатамын.Сонымен менің соңғы тапсырмам:Оқулықтағы 115беттегі есеп Пират: -Иә. Мектепке босқа бармайды екенсіңдер.Сендер маған өздеріңнің білімдеріңді көрсете білдіңдер. Мен сендерге ризамын. Сондықтан менің сендерге беретін біраз сыйлықтарым бар.Ол-алтын теңгелер.Қазір менің көмекшім әкеліп,сендерге таратып береді. - Біз сендермен келіскендей,сендер менің тапсырмаларымды орындадыңдар.Сондықтан мен сендерді босатамын.Жолдарың болсын. (Кеме әрі қарай жүзіп кетеді) Қорытындылау: -Балалар ,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Несімен?(Балалар өз пікірлерін айтады.) Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарын үшін мен сендерге ризамын. Үйге тапсырма беру. Бағалау.-Балалар бүгін бізде жай сабақ емес,бүгін біз сендермен кемеге отырып саяхатқа шығамыз.Ал сендер білесіңдер ме, әр кеменің өз капитаны болу керек.Қазір біз сендермен кім капитан болатынын анықтаймыз.Ол үшін мына тақтадағы мысалдарды шығарып, жасырулы тұрған сөзді табу керек. 7+7 Б 12 11 14 2 6 15-9 О С Р Б А О 5+6 Р 11-9 А 4+8 С -Тамаша!Біздің кемеміздің аты Борас екен. Ал капитанға мына бас киімді кигізіп қояйық.Егер де қиын жағдай болған кезде капитан бізге көмектеседі деп сенемін.Қанеки,жайғасып отырып алайық,кеттік. (кеменің жүзіп бара жатқан дыбысы естіледі,бір кезде кеме тоқтап қалады.) -Мынау қызық екен!Кемеміз неге тоқтап қалды? (Дауыс сөйлейді) - Мен пират Джорджбын.Мен сендердің кемелеріңді тұтқынға алдым.Енді сендер менің тұтқындарымсыңдар.Ха-ха-ха.Сендер маған алтын жинап берсеңдер ғана мен сендерді босатамын. Мұғалім: - Балалар,бізде пираттарға беретін ешқандай алтынымыз жоқ.Енді не істесек екен?Қанеки,біздің капитанымыз бар емес пе ,пиратпен сол сөйлесіп көрсін. Капитан: -Пират Джорж!Біздің сізге беретін ештеңеміз жоқ.Өйткені біз әлі оқушылармыз.Біз мектепте оқимыз. Пират: -Ә.Оқушыларсыңдар ма?Ендеше мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.Егер менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар ғана мен сендерді босатамын.Келістік пе? (Оқушылардың жауабы) Пират: -Сонымен І тапсырма.Оны сендер өздеріңнің сөмкелеріңнен іздесеңдер табасыңдар. (Оқушылар сөмкелерінен тапсырманы тауып орындайды) Әріпті өрнек құрып,мәнін табу (24+33)-12 85-(45-23) (100-35)+(13+45) Пират: -Иә,мына тапсырманы жақсы орындадыңдар.Келесі тапсырма да осы сыныпта жасырулы тұр,оны ұлдар іздеп тапсын. (Ұлдар тапсырманы тауып,орындайды.) Теңдеулерді шешу Пират: -Сендер біраз шаршаған сияқтысындар.Қазір менің көмекшім келіп сендерді біраз сергітеді. (Пираттың көмекшісі сыныпқа кіріп, музыкамен «пираттар биін »билетеді) Пират: - Келесі менің тапсырмам сендердің капитандарына арналады. Егер ол осы тапсырманы орындай алмаса,мен сендердің кемелеріңді суға батырып жіберемін.Тапсырманы менің көмекшім әкеліп береді.(Фигураның периметрін табу) Мұғалім: -Пират Джорж біз сіздің тапсырмаңызды орындадық,енді бізді босатасыз ба? Пират: - Жоқ,менің әлі соңғы тапсырмам бар.Соны орындасаңдар ғана мен сендерді босатамын.Сонымен менің соңғы тапсырмам:Оқулықтағы 115беттегі есеп Пират: -Иә. Мектепке босқа бармайды екенсіңдер.Сендер маған өздеріңнің білімдеріңді көрсете білдіңдер. Мен сендерге ризамын. Сондықтан менің сендерге беретін біраз сыйлықтарым бар.Ол-алтын теңгелер.Қазір менің көмекшім әкеліп,сендерге таратып береді. - Біз сендермен келіскендей,сендер менің тапсырмаларымды орындадыңдар.Сондықтан мен сендерді босатамын.Жолдарың болсын. (Кеме әрі қарай жүзіп кетеді) Қорытындылау: -Балалар ,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Несімен?(Балалар өз пікірлерін айтады.) Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарын үшін мен сендерге ризамын. Үйге тапсырма беру. Бағалау.