Ж. Жабаев Зілді б?йры?
Сынып 9"а" сынып
Мерзімі 20.02.2016 жыл
Тақырыбы Ж. Жабаев "Зілді бұйрық"
Мақсаты Оқушыға Жамбылдың өмірімен таныстыру
Күтілетін нәтиже Оқушылар ақынның өмірімен танысады
Оқыту құралдары Интерактивті тақта, элект. оқулық
Қажетті әдіс – тәсілдер "Кубизм " әдісі
Сабақтың барысы: Сұрақтар мен тапсырмалар(түрткі) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
(нәтиже) Уақыты Бағалау
Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар сандар бойынша топқа бөлінеді. Берілген қима қағаздар арқылы топқа бөліну керек. Тапсырмаларды дұрыс орындап, топқа бөлінеді. 2 мин Үй тапсырмасын тексеру: Жиырмасыншы ғасыр әдебиеті Берілген сұрақтар бойынша оқушылардың өз ойларын анық, ашық жеткізуге тырысу. Оқушылар ой қозғайды. Сұраққа жауап берер кезде жеке,жұптық,топтық жұмыстар жасайды. 5 мин Өзара бағалау, өзін өзі бағалау
2-кезең: Мағынаны ажырату: Жамбыл 1846 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келеді.Бала кезінен өлең-жырға үйір болады.1930 жылдарға дейінгі өлеңдері ел аузынан және есінде қалғандарын өзінің айтуымен жазылып алынған - елудей. Оқулықтағы мәліметтен бөлек оқушыға өз ойларын айтқызу Берілген мәліметтерді толық игереді.
15 мин
Оқушыларды бағалау бетшелері арқылы бағалау.
3-кезең: Ой-толғаныс:
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді; Әр топ "Зілді бұйрық" өлеңінің тарихи негізін айту Мұғалім қойылған сұрақтың жауабын жеке оқушыдан емес жұппен айтқызады. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, әр оқушының пікірі құнды екенін ұғынады. 3 мин Формативті бағалау
Синтездеу: Жамбыл өлеңдерінің тарихпен байланысы Мұғалім сабақ басындағы айтылған материалды оқушылар қаншалықты меңгергендігін аңғару және есте сақтау қабілеттерін тексеру. Оқушылар өз ойларын еркін, нақты, дәлелді жауап береді 5 мин Суммативті бағалау
Қорытынды
Өлеңіне талдау жасау Сабақты кеспе қағаздары арқылы қорытындылау. Оқушылар жаңа тақырыпты өздері қорытындылайды. 6 мин Топтық бағалау
Үйге тапсырма: Өлеңін жаттау Тапсырма берген кезде оқушының бейімділігін,ескеру.
Оқушылар тапсырманы мұқият тыңдап, күнделіктеріне жазып алады. 5 мин Жұптық бағалау
Бағалау Мұғалім бағалауды мұқияттылықпен тексеріп қарайды. Оқушылар толық бағаланады 1 мин Бағаларды жинақтап әр топ басшысы қорытындысын шығару.
Рефлексия Кері байланыс жасау Стикерлер таратылады
Стикерлерге пікірлерін жазады 3 мин Бағалау парақша-лары арқылы бағалау. мадақтау.