Параллель т?зулер 6 сынып


Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Параллель түзулердің анықтамасын білу, параллель түзулер ұғымын кеңейте түсу.
Дамытушылық: Параллель түзулердің өзара байланысын түсіне білуге, параллельдік белгісін пайдаланып есептер шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік: Параллель түзулердің сызбаларын дұрыс түсініп, сауатты сала білуге дағдыландыру.Тақырыптың нақтылығына көз жеткізу.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
І- кезең. Ұйымдастыру
ІІ- кезең.Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептің шешімін ауызша айтқызып, тексеру.
ІІІ- кезең. Жаңа сабақты түсіндіру.
Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі.
Мысалы:түзу жолдағы машинаның дөңгелектерінің іздері, түзу жолдағы темір жолдың, шаршының қарама-қарсы қырлары т.б. Бір жазықтықта жатқан екі түзудің ортақ нүктелері болмаса, олар қиылыспайды.
Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады.
«Параллель» сөзі гректің сөзі, қазақша баламасы «қатар жүруші» деген сөзінен алынған.
ав klACBD
Суреттегі берілген a,b,k,l -параллель түзулер. Белгіленуі: a//b немесе b//а. Оқылуы: а түзуі в түзуіне параллель.
Параллель ьүзулерде жатқан кесінділер де өзара параллель.
Параллель түзулерді жүргізу үшін:
Үшбұрышты сызғыштың бір жағын сызғышқа тіреп, оның екінші жағының бойымен а түзуін жүргіземіз;
Сызғыштың бойымен үшбұрты сызғышты жылжытып, екінші в түзуін жүргіземіз.
Алынған а және в түзулері өзара параллель болады.
Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.
Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады.
IV. Білім көзі –кітапта. (оқулықпен жұмыс)
1103. 135-суреттегі фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне параллель(ауызша)?
ВAСD FKEL NTPS
135-сурет
Жауабы: ВС//AD, FK//EL, FE//KL, NT//PS.
1104. а түзуін сызыңдар:
1) а түзуінде жатпайтын Е нүктесін 136-суреттегідей етіп таңдап алыңдар;
2) Е нүктесі арқылы а түзуіне параллель түзу жүргізіңдер.
Жауабы:
1)
aE aE aE
а) ә) б)
2)
aE aE aE
а) ә) б)
1105. s түзуін сызыңдар:
s түзуінде жатпайтын А және В нүктелерін 137-суреттегідей етіп таңдап алыңдар.
А нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр k түзуін сызыңдар. В нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр l түзуін сызыңдар.
k және l түзулері өзара параллель бола ма?
sAB sAB sAB
а) ә) б)
137-сурет
Жауабы:
sABkl sABkl klsAB
а) ә) б)
1108. Уақыт өлшем бірліктерін сағат есебімен (бөлшек түрінде) жазып, кестені толтырыңдар:
Минут
есебімен 1 5 10 15 20 30 45 60
Сағат
есебімен 1601121614131291211109. Теңсіздікті шешіңдер:


1112. k ,l және n түзулері - параллель түзулер. s-қиюшы түзу(139-сурет).
және -тың градустық өлшемдерін табыңдар. 47079444279927skln123456139-сурет
Жауабы:
44132505423535ABC
1117. АВС үшбұрышының А төбесінен ВС қабырғасына, В төбесінен АС қабырғасына, С төбесінен АВ қабырғасына параллель түзу жүргізіңдер. Шыққан фигурада неше үшбұрыш бар?
Жауабы: 9 үшбұрыш бар
1122. Есептеңдер:V. Жаңа сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар:
«Параллель» сөзі қандай мағына береді?
Параллель түзу дегеніміз не?
Қиылыспайтын түзулер қалай аталады?
Қиылсатын түзулер қалай аталады?
VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Ережелерді қайталау. №1106, №1107, №1109(3,4), №1111, №1122(2)