Бізді ?орша?ан ?лемдегі ?шб?рыштар


Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар Үшбұрыш формасындағы музыкалық аспап. Оркестрмен орындалатын әуендерде қосалқы дыбыс беретін аспап ретінде қолданылады. Биллиард ойынын бастар алдында 15 шарды үшбұрыш формасында қояды. Ол үшін суреттегі үшбұрыш қалыпты қолданады. Көптеген жол белгілерінің формалары үшбұрыш болып келеді. Үшбұрыш формасындағы белгілер ескерту мақсатында қойылады. Көпірдің құрамалары көптеген үшбұрыштан тұрады. Үшбұрыш форма көпірге беріктік және қатты желдерге төтеп беру қасиетін береді. Әлемдегі ең сырлы жерлерінің бірі Бермуд үшбұрышы. Бермуд аралдары, Пуерто Рико аралдары және Мелборн қаласы Бермуд үшбұрышының ұштары болып саналады. Үй шатырларының негізгі пішіні үшбұрыш болып келеді. Себебі, үшбұрыш пішіні шатырда судың жиналмай, жерге ағып кетуіне ықпал етеді. Бұл таблица Паскаль үшбұрышы деп аталады. Мұнда «бүйір қабырғалары» ылғи бірліктерден құралған, басқа сандар өзінің екі «иығындағы» сандарды қосудан (мысалы, 10=4+6, 6=3+3.....) шыққан. Әр жол (а+b)= нің белгілі бір дәрежесіне сәйкес. Таблицаны көрсетілген ереже бойынша одан әрі құрастыра беруге болады. Нью-йорктегі ең атақты ғимараттардың бірі “Флатирон”. Оның формасы үстінен қарағанда үшбұрыш болып келеді. Пенроуз үшбұрышы. Бұл үшбұрышты тек қана қағаз бетінде көрсетуге болады. Шын өмірде мұндай фигураны жасап жығу мүмкін емес.