??жатта сілтемелерді ?йымдастыру. Атауы. Иллюстрация тізімі. ?иылыс сілтемелер. Мазм?нды баптау
Сабақтың тақырыбы: Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атауы. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау
Сабақтың мақсаты:
1. Cілтеме деген не? Қайда қолданылатынын түсіндіру.
2. Оқушыларға сілтеме құрып, мазмұндарды баптап үйрету.
3. Оқушыларды бір-бірлеріне көмектесуге үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: Сілтеменің қай жерде керек екенін білу қажет.
Оқушылар меңгеруі тиіс: Құжатқа мазмұндарды орнатуды және баптауды.
Көрнекіліктер: ДК, проектор
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау
III Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген бақылау сұрақтарын тексеру. Оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қояды, оқушы жауап бере алмаса, сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Құжатты құрды ма? Әлде жоқ па, тексеру.
IV Білімді өзектендіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру
Біз әртүрлі үлкен құжаттармен жұмыс жасағанда, мысалы, кітап жазғанда журналдарға мақала жазсақ, есеп беру кезінде, кезекті конференцияларға қатысқанда әдебиеттер тізімін енгізу міндетті түрде қажет болады.
Ол үшін: Сілтемелер менюіне өтіп, Сілтемелер және әдебиеттер тізімі батырмаларын пайдалануға болады.
Жаңа сілтеме құру үшін мына әрекеттерді орындаймыз:
Сілтеме құру батырмасын басыңдар – Жаңа сілтеме құру бұйрығын таңдаймыз;
Сілтеме құру диалогтік терезесі пайда болады:
5-сурет. Сілтеме құру терезесі
Деректеме құру терезесінде деректеме түрі өрісін таңдаймыз. Ол: кітап, кітаптың бөлімі, журнал мақаласы, есеп берулер, конференция мақаласы болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі өрісін толтырыңдар: атауы, авторы, жылы және шығарылған қаласы, баспасын көрсетеміз (5-сурет). Сілтеменің түрін таңдауға байланысты бұл өрістер өзгеріп кетуі мүмкін екеніне назар аударыңдар. Сонымен қатар әдебиеттер тізімінің қандай стилі таңдалғанына да мән беру керек. Үнсіз келісім бойынша APA FIFTH EDITION таңдалады, бірақ сендер басқаларын таңдай аласыңдар (ISO 690, Turabian, MLA, APA, Chicago, GB7714, SIST02 және басқалар. Егер бұл стиль ұнамаса, Стиль (6-сурет) батырмасына шерту арқылы керекті стильді таңдап алуымызға болады. Егер керек өрістер жетіспесе, онда Әдебиеттер тізімінің барлық өрісін көрсету жалаушасын шертеміз (7-сурет).
6-сурет. Әдебиеттер тізімінің стилін таңдау
7-сурет. Толық тізім көрсетілген сілтеме құру терезесі
Керекті өрістерді толтырғаннан кейін ОК батырмасын шертсе, сілтеме курсор орнатылған жерде пайда болады (8-сурет).
8-сурет. Сілтемелер басқару терезесі
Құжатқа әдебиеттер тізімін автоматты түрде қосу үшін Әдебиеттер тізімі батырмасын басыңдар және сілтемелерді безендіру нұсқаларының бірін таңдаңдар.
VI Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік тапсырманы орындау арқылы және сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеміз.
VII Үйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына ауызша дайындалып келу.