Сценарии к?з мерекесі та?ырыбына К?з сыйы сценарии
Ақсу қаласы Үштерек ауылының орта мектебі
Мемлекеттік мекемесі
-185420164465«Күз сыйы»
00«Күз сыйы»
Күз мерекесіне арналған ертеңгілік
2013 оқу жылы
«Күз сыйы»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Мысалы: шиырма - құстың, ағаштың, жапырақтың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни - жемістер мен көкөністер салынған себеттер. Жүргізуші:Қуандырып біздерді,Мерекелі күз келді.Кел жемісті алтын күзКемелденсін халқымыз.Құрметті қонақтар, балалар, «күз сыйы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Хор: «Көңілсіз күз».Қызықтыру сәті: залға «күз ханшайымы» кіреді.Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар!- Мені таныдыңдар ма?- Не тойлап жатсыңдар?- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады.
Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?
Наз: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ернар: Алқаптағы бидайды
Қоймаға ел жинауды.
Тырналары тізілген
Ұнатамын күзді мен.
Бекзат: Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен.
Гүлшах: Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Аяулым:Жапырақтар сап-сары
Қонып жатыр жерге
Қызықтап бау-бақшаны
Шаттанды бал-бөбек.
Ернұр: Көрінеді шалғайдан
Бел-белестер сарғайған
Сары жапырақ төгілген
Торғайды да көрдім мен.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнап бір тосын сый жасап келген шығарсыз солайма?Күз ханшайымы: Ия дұрыс айтасың бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтанда «Жемістер мен көкөністерді жина» деген ойынды ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты бойынша балаларды 2 топқа бөлемін сендер «Алтын күз» ал сендер «Жомарт күз» боласыңдар келістік пе? Ал ендеше ойынды бастаймыз.Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністерді жина»
Ән: «Жапырақтар»Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық:Жұмбақтар:1. Қалың киім ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)2. Жер бетінде шашы бар, (сәбіз)3. Аспай піскен, қайнамай түскен. (жеміс)4. Ұзын мұртты сарылар, қойынында наны бар. (бидай)5. Іші толған шәрбатДәмі қандай әйбатҮзесің бірден жүзінОның аты-...(жүзім)
Жемістер жыры: Н.ЖанаевАлмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,Аузындамын бар жұрттың.Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,Моншақ болып тізілдім.Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,Табиғатқа көрікпін.Алма: Мен алмамын, алмамын,Таңдай жұлар бар дәмәм.Шие: Мен шиемін,шиемін,Күннің көзін сүйемін.Қышқыл шырын менде барТөмен басты иемін.Жүргізуші:Өңі қашқан бәрініңОңып кеткен атырапҚолдарындай кәрініңҚалтырайды жапырақСоңғы кезде жерге күнҚырын қарап алыптыҚара бұлттар жөргегінКептіре алмай қалыптыДемекші міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.