Сайыс: Мы? бір ма?ал-ж?з бір ж?мба?. (ересек тобы)


lefttopАхметова Сұлушаш Заркешқызы
Павлодар облысы Ақсу қаласы
« № 2 орта мектеп, мектепке дейінгі шағын
орталығымен» мемлекеттік мекемесінің
тәрбиешісі


«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы
Топ: даярлық
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысыМақсаты:1.Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең, қымбат қазына мақал-мәтелдерді, балаларға үйретіп, ұғындыру.2. Ой белсенділігін, сөздік қорын молайту.3. Шағын орталықтағы балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасы дәстүрін сақтауға, ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Жоспары:• Ойынды ашу• Ойыншыларды таныстыру• Әділқазылармен таныстыру• Ойын тәртібін түсіндіру• Мақалшылар сайысы• «Ұйқасын тап» сайысы• Жұмбақшылар сайысы• ҚорытындыҚұрметті әріптестер, ата-аналар, балалар. Бүгіншағын орталықтағы мектепалды даярлық топтарында тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.Данеля:Жанұямыз – сәніміз,Отбасымыз – әнімізБіз бастадық сайысты,Қош келіпсіз бәріңіз.Мансұр:Арым да, ардағым да анам екен,Ана деген мен үшін атамекен.Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті,Жүрегімде жыр болып жатады екен.Нурсултан:Атам- әжем мен үшін,Ең үлкен және қымбат жан.Тәрбие беріп өсірген,Алақанымен нұр шашқан.Қаусар:Өзің барда еш қатер де төнбейді,Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.Асыл әкем, мейіріміңді ойласам,Жыр оралып, шабыт мені тербейді. «Мақал-сөздің мәйегі » демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелді жиірек қолданған жөн. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың қатысушыларын шақырайық.Сайысқа қатысушыларды ортаға шақыру.Әр топ өздерін таныстырады.Әділқазылармен таныстыруҚазылар орнықтырар әділдікті,Кай топтың жауаптары кәдік шықты.«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында.Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- Олай болса іске сәт.1. Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады. (3мақал)2. Мақалдың алғашқы жолын жүргізуші оқиды, ал тәрбиешілер жалғастырады. Жалғастыра алмаса, қарсы топтың тәрбиешісі жалғастырады. Әр топта белгі болады. Сол белгіні көтеру арқылы берілген тапсырмаларға кезегімен жауап береді. 1.Оқу – білім бұлағы,Білім – өмір шырағы2.Оқу білім азығы,Білім ырыс – қазығы.3.Білім ер азығыЕ р – ел азығы.4.Ақыл тозбайтын тон,Білім – таусылмайтын кен.5.Ойна да күл,Оқы да біл.6.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.7.Оқу түбі – тоқу.8.Білім – қымбат, білу – қиын.9.Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ.Ән «Елтаңба» . - Келесі кезекті «Ұйқасын тап» сайысына берелік.1.Екі көзін қысыпПеш үстінде отыр... (мысық)2.Қысқа ғана құлақты,Шақырамын ...... (лақты)3.Желбіреген тұлымды,Шақырамын ...(құлынды)4.Білмейтұғын тұсаудыШақырамын....(бұзауды)5.Қонды барып талға, Ала қанат .......(қарға)6.Жұмыртқасын тауып,Қыт-қыттайд...(тауық)7.Таппай тағатТықылдайды......(сағат)8.Үсті толы түрпіДомалайды..... (кірпі)9.Айбат шеккен алыстан,Аң патшасы .....(арыстан)3-айналымда жұмбақ шешу сайысы. 1. Жұмбақты жүргізуші оқиды, ал ойыншылар шешуін табады. Таба алмаса, шешуін тапқан қарсы топқа ұпай беріледі. Бетін адам ашады,Білім нұрын шашады. (кітап)Тақылдатып таңдайды,Уақыттан бір қалмайды. (сағат)Түсі қызыл, құйрығы ұзын,Өзі қу, жүрген жері у-шу. (түлкі)Тікен-тікен тік пісте,Қысы жазы бір түсте. (шырша)Тиіскенді түйреген,Киімі бар инеден. (кірпі)Жолбарысқа ұқсайды,Тышқанды ғана ұстайды.(мысық)Бірде орақпын,Бірде доппын,Бірде бармын, бірде жоқпын. (ай)Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (күн)Аяғы жоқ жүреді,Ауызы жоқ сөйлейді (хат)-Ал енді құрметті көрермендер әділқазы алқасы өздерінің әділ шешімін шығарғанша «Отан» әнін қабыл алыныздар.Әділқазыларға сөз берейік- Аталар сөзіменен өсіп өнген,Бабалар бұлағынан нәр алған.Даналар өсиетінен тәрбие алғанҰлылар тәрбиесіне тағзым еткенҰрпағымыз халықтың ғибрат еткен – деп сөзімді аяқтап біздің балаларға үлкен рахметімізді айтамыз. Бүгінгі бастамамыз әрі қарай жалғасын таба берсін. Рахмет.
Шағын орталық
«Мың бір мақал,
жүз бір жұмбақ» сайысы.
Балдырған,Балбөбек,
Балапан топтары.
2015 жылы