Разработка по химии Сера. Сероводород. 9-класс
Сынып: 9А Пәні : химия
Сабақтың тақырыбы Күкірт. Күкіртсутек.
Сілтеме Күнтізбелік – тақырыптық жоспар; Н.Нұрахметов «Химия» 9 - сынып
Жалпы мақсаты Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен, химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету.
Оқу нәтижелеріО Оқушылардың күкірт атомының құрылысы,табиғатта кездесуі,физикалық және химиялық қасиеттері,алынуы,қосылыстарының қолданылуы туралы жалпы мағлұмат алуы.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді.Күкірт оқ-дәрі, көксағыздан резеңке алуға және күкірт қышқылын өндіруге көп мөлшерде жұмсалады.
Күкіртсутек табиғатта арасан суларында,мұнай,жанартау газдары құрамында болады.
Көрнекіліктер Интерактивті тақта, слайдтар
Тапсырмалар 1.Үй тапсырмасын тексеру
2.Жигсо әдісі арқылы мәтінді талқылау
3.Сергіту сәті
4.Инсерт стратегиясы бойынша кесте толтыру
5.Бағалау
Ұйымдастыру: Оқушылардың оттек, күкірт, селен, теллур элементтерін таңдау арқылы топқа бөлінуі.
1.Үй тапсырмасын тексеру:
Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орнын көрсетіңдер?
Екі атомды жай затқа жататын бейметалдарды атаңдар.
Бейметалдарды алу жолдары?
Бейметалдардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
2.Мағынаны тану: Жигсо әдісі бойынша.
1- топ:Күкірт атомының құрылысы
2- топ :Табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері
3- топ:Химиялық қасиеттері
4- топ:Табиғатта кездесуі,қолданылуы
Жигсо әдісі бойынша топтарда талқылау.
3.Сергіту сәті:
Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң, алтынға ұқсайды. (Күкірт)
Екінші буыннан тұратын химиялық элемент,
Бірінші буыны атау септігінің сұрағы.
Екінші буыны сан есім,
Бұл қандай элемент? (Неон)
Бірінші буыны тасқын су,
Екінші буыны мал құлағындағы белгі.
Оқушы, ойлан,
Бұл қандай элемент? (Селен)
4.Қорытынды:
Инсерт стратегиясы бойынша кесте толтыруКестені толтырып, жұппен өзара бағалайды.
5.Бағалау:Өзара жұптық бағалау.
6.Үйге тапсырма:g 10; №6, 12 - есептер