Ж?рекке жол тап?ан – мейірімді Сара Алпыс?ызы!


Тақырыбы:  Жүрекке жол тапқан – мейірімді Сара Алпысқызы!
Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру.
Көрнекіліктері: нақылсөздер, интерактивтіктақта, слайдтар,
Өтілу барысы:Кіріспе:
Мұғалім: Армысыздар қымбатты ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Өзін- өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның туған күніне арналған «Жүрекке жол тапқан мейірімді Сара Алпысқызы!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», — деп  Сара  Алпысқызы айтқан екен. Енді мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі  Ж.Абдисаламовқа сөз беріледі.
 1.Назарбаева Сара Алпысқызының өмірбаяны мен таныстыру.7 сынып сынып оқушысы Әбілтаев Мүсілім
2.Видеоролик. С.А. Назарбаева «Жылы жүрек».
Мұғалім: Бар жақсылық бір өзіңнен табыларҰстазға тән қасиеті бәрі бар
Сара Алпысқызы бір өзіңе арналған
Шәкіртіңнің жыр — пейілін қабыл ал дегендей 7 сынып оқушысы  Балтабекұлы Айсұлтан орындауында «Ана» туралы ән.
 3.«Өзін-өзі тану –өмірді тану» слайд презентация 7 сынып оқушысы Меңдіқұл Айдана
Қайырымды, мейірімді жанБұл дүниедегі
Әдемі әрі нәзік жанБұл өмірдегі
Жанашыр, балалардың тірегіКім десеңіз
Бұл — Сара Алпысқызы
4.Өзбек биі 5 сынып оқушылары
 5-7 сынып оқушылары Сара Алпысқызына арнап шығарған жүрек жарды өлеңдері мен тілектерін арнайды.
7 сынып оқушысы Аружан
Өзің дара тұлғасың,
Мен үшін өзің данасың!
Мейірімді көзбен қарайсың,
Айналайын Сара ана!
Ұқсайды дархан көңілің,
Ұлан байтақ далаға.
Ұсындың бізге мейіріммен!
Өзін-өзі тану сабағы,
Берері мол бұл пәннің
Мың алғыс саған айтамын.
7 сынып оқушысы Жақсылықов Айдарбек
Жанарыңыз мөлдір судай тұңғиық,
Тірі жанға жылы шырай нұр құйып.
Сіз шықсаңыз арқаланып қалушы ек,
Алдымыздан көрінгендей бір биік.
Таңатар деп әлі алдан арайлы,
Аманат тап қалдырады талайды.
Өзін-өзітану сан ұрпақтың санасы,
Жаңғыртуға ғибратты жарайды.
7 сынып оқушысы Жұмабекқызы Аружан
Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз,
Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз,
Сіздің әр бір ісіңізден өнеге алып,
Әр қашанда алдыңызда бас иеміз.
Әр бір айтқан ақылыңыз шуақ бізгеБойыма күш бергендей қуат табам,
Шын көңілмен мен бүгін өзіңе арнап,
Жүрегімнің түбінен жырақ тарам.
Қиындықты көрсем де жасы маған,
Қамқоршым да өзіңсің, Сара апам.
Қуанышқа кенеліп әр күн сайын,
Жүре бер деп тілеймін есен- аман5 сынып оқушысы Назерке
Жанарынан жылылық сезіледі,
Жүрегінен мейірім төгіледі.
Сара апаны ойласам өмірімнің,
Төріндегі қиялы сөгіледі.
Сізді көрсем бақыт та көрінеді.
Сіз арқылы бақытым өріледі,
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттымақ- қараны өмірдегі
 5 сынып оқушысы АяжанАяулы да, алтын жүзді анашым.
Жүрегіммен мәңгібірге боласың,
Сен-асқарсың, сен- аспансың, биіксің!
Сен-дарқансың, сен- жомартсың, данасың!
Сізге деген менің көңілі мұшан теңіз.Сіз әр бір бүлдіршіннің шуақты шаңырақ астында, жайлы сыйласуға, балаларды адамгершілікке баулу үлкен мән бердіңіз.Жаныңыздың жылуын балаларға бердіңіз.Аяулы ана! Көңіліңіз шат, жүзіңіз жарқын, деніңіз сау болсын деп әрқашан тілеймін.
6.Рефлексия. «Тілекшоқтары».. 7.Қорытынды.
Мұғалім:
Бүгін, менің туған күнім
Ой, пәлі-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламайБанкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай- ақ қойған-ай, — деп МұқағалиМақатаев ағамыз
жырлағандай, бүгінгі С .А. Назарбаеваның туған күн мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Хор :7 сынып оқушылары. ЕскендірХасенғалиевтің «Айналайын» әні орындалды.


Сұлукөл орта мектебі
Тақырыбы:

(ашық тәрбие сағаты)
Өткізген : Изекешева А. өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
2016-2017 оқу жылы