Та?ырып: 100м ?ашы?ты??а ж?гіру


Тақырып: 100м қашықтыққа жүгіруСапқа тұрғызу.Сап түзеп, тік тұрСәлеметсіздер ме, оқушылар!Кезекшінің рапорты.- Оңға бұрыл, алаңда айналып жүр.- қол белімізде, аяқтың сыртымен жүру.- Қол жоғарыда, аяқтың сыртымен жүру.- Екі қол белде ішкі қырмен жүру.- Қолымыз артта, өкшемізді қолымызға тигізіп жүру- Жылдамдықты өзгертіп жүгіру.- Қолымыз алда, тізені көтеріп жүгіру.- Екі жаққа кезекпен - кезек жүгіру.Бір орында қадам бас-- Тоқта-- Рет бойынша 1 - 2 – ге санал.Жалпы дамыту жаттығулары.а) Бастапқы қалып, аяқ иық көлемінде. Қолымыз белімізде, мойнымызды оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдырамыз (мойынға )б) Б. қ. Қолымыз иығымызда оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдырамыз.( иыққа) в) Б. қ.. Қолымыз белімізде 1 – 2 – 3 - 4 оңбағытқа айналдырамыз.( қолға)г) Б. қ. Қолымызды алға созамыз қолдың басын 4 рет ішке, 4 - рет сыртқа айналдырамыз. ( тізеге)д) Б. қ. Қолымыз тіземізде 1 – 2 – 3 - 4 ішке айналдырамыз, 1 – 2 – 3 - 4 сыртқа айналдырамыз (тізеге)е) Б. қ. Секіру жаттығулары 1 сол аяқпен 5 рет секіреміз, 2 оң аяқпен секіреміз. 3 қос аяқпен секіреміз, 3 қос аяқпен 10 рет секіреміз. ( аяққа)з) Б. қ. 1 қолымызды алға созамыз, 2 жоғары көтереміз, қолымызды аяқтың ұшына тигіземіз, 4 қолымызды созып отырамыз, б. қ.100 м. қашықтыққа жүгіруді үйренеміз.1. Қысқа қашықтыққа жүгіру төменгі сөре қалпынан басталады. Ол жүгіруді жылдам бастауға және қашықтықтың қысқа қиындыларына ( бөліктерінде)жоғары шапшаңдылықты дамытуға мүмкіндік береді. Сөреден жылдам шығу үшін сөре қалаптарын (стартовые колодки ) пайдаланады.Алдыңғы қалып сөре сызығынан 1, 5 табан қашықтыққа, ал артқы қалып алдынғы қалыптан 1 - 1, 5 табан қашықтыққа (немесе алдыңғы қалыптан сирақ ұзындығындай қашықтыққа ) қойылады (үйренгенше ).2. Старт сызығынан тұрып, қолды қойып үйрену ( бірнеше рет ).3. Старт сызығынан 25 см қашықтыққа алдыңғы аяқты итеру және артқы аяқты сермеуді үйрену.4. «Дайындал!» Сызыққа келіп, жамбасты иық деңгейінен шамалы көтеріп, иықты қолдар орналасқан сызықтан дәл - пәл ұмсындырып шығару қажет. Бұл жағдайда дененің салмағы екі қолы мен аяққа, яғни төрт нүктеге тең бөлінеді.5. « Жүгіру!», « Марш!» пәрмені бойынша алғашқы қозғалыс қимылға бар күшті салуға тура келеді. Сөре қалыптарынан екі аяқпен серпілу бір мезгілде қатар орындалады. Алғашқы қадамды жасайтын арттағы аяқ дене қозғалысын шапшаңдату үшін қысқа ғана адым жасауы керек ал алдағы аяқты сілтеуі нәтижесінде және алдыңғы қалыптан күшті серпілу арқылы күш салуды аяқтау отырып, қозғалысты «Іліп алу» жалғастыра жүгіріп кету. жүгірушінің көзі шамалы алға алға, жүгіру жолына бағытталған. Тек 6 - 8 адам жасағаннан кейін ғана дене тіктеле бастайды.Тақырыбы: Кермеге тартылу. Пресс жасату.Мақсаты:Сауықтыру: оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғи күш - қуатын арттыру, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен қимыл - қозғалыс қабілеті мүмкіндіктерін білу;Білімдік: өзін - өзі үнемі дұрыс ұстап, көңілді жүруге баулу;Тәрбиелік: денені үйлесімді қалыптастырумен біргеоқушыларды адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесіне баулу.Керекті құралдар: керме.Сабақтың барысы:1. Кіріспе - дайындық бөлімі: 8 - 10 минут.а) Оқушыларды бастапқы ұйымдастыру сапқа тұру, сабаққа сыныптың дайын екендігі жөнінде рапорт беру, бір орындағы саптық жаттығулар.ә) Сабақтың міндетін хабарлау.б) Рухани және жағымды қызуқандылықты қамтамасыз ету (ойын әдістерін пайдалана отырып жаттығу жаппай орындау).в) Жалпы қыздырыну, дене функцияларын біртіндеп кірістіру және бірқалыпты белсенділікке қол жеткізу (шапшаң меңгеруге келетін, қарапайым дене жаттығуларын және бұрын игерілген жаттығуларды, жүру, жүгірудің әр түрлі байланыстарын, т. б. орындау.)г) Сабақтың негізгі бөлімнің міндеттерін шешуді қамту.2. Негізгі бөлімі: 30 – 32 минут.Кермеге тартылу бұлшық еттің дамуына ықпал етеді. Сынақ кермені қолмен түзу ұстап немесе асылып тұрғанда орындалады (аяқ жерге тимеу керек).Тартылғанда адамның иегі кермеден жоғары көтерілуі тиіс. Кермеде 5 сек.- тан артық асылып тұруға не тербеліп тартылуға рұқсат етілмейді. Нәтиже тартылу саны арқылы есептеледі (10, 15 рет және т. б.)а) Өз денесінің қимыл қозғалыстарын басқару қабілетін дамыту мақсатында жаттығулар техникасына үйрету.б) Арнаулы білімдерді қалыптастыру.г) Адамгершілік, интеллектуалдық және ерік - жігерін қамтамасыз ету.Биік белтемірде бір аяқты сілтей, екінші аяқпен итеріле, асылып тұрған жағдайдан көтеріліп, аударыла тірелу. Түзу тұрған аяқпен сілтеуді жоғары, артқа қарай орындау керек. Сілтеудің басталуында жамбасты артқа алып кетуге болмайды. Тірелуге көшкенге дейін қол бүгілген жағдайда болады. Аяқты артқа жібергеннен (шалқайғаннан) және иықты алға ұмсындырғаннан кейін қолдар бір мезгілде жазылады.3. Сабақтың қорытынды бөлімі: 3 – 5 минут.а) Физиологиялық қызуды және еттің жеке топтарының артық жиырылуын төмендету;б) Эмоционалдық жағдайды реттеу (қалыпқа келтіретін қозғалыс ойындары)в) Бағалау. г) Үйге тапсырма: пресс жасау.Арқанға өрмелеу техникасын жетілдіруСабақтың тақырыбы: Арқанға өрмелеу, техникасын жетілдіруСыныбы: 8Сабақтың мақсаты:Сауықтыру: арқанға өрмелеу әдісін үйрету;Білімдік: дене тәрбиесі білімін меңгеру және оның негізін құрайтын қимыл - қозғалыс дағдыларын мен қалыптастыруТәрбиелік: баланың күш қуатын, қимыл үйлесімін, төзімділігін тәрбиелеу;Көрнекі құрал: Арқан, гимнастикалық төсеніш, ысқырықСабақтың барысы:I. Кіріспе бөлімі: 10 - 12 минут.1. Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.3. Даярлық жаттығуларды жасату:- бұлшық етті жетілдіруге арналған барлық жаттығулар.- иық буындарын қозғалысқа түсіретін қол қимылдары;- жүру, жүгіру жаттығуларыII. Негізгі бөлім: 28 - 30 минут.Арқанмен өрмелегенде қолмен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Әдетте аяқтың күші аз пайдаланылады.Арқанмен өрмелеудің негізгі үш тәсілі қолданылады. Біріншісі – арқанды орап алып, қолды жоғарыдан ұстап өрмелеу, екіншісі - арқанды екі тіземен қысып тұрып, қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу және аяқ күшінің көмегінсіз екі қолмен өрмелеуНегізгі жаттығуды орындамас бұрын мынандай дайындық жаттығулары орындалады:1. арқанға асылып тұрып тербелу;2. арқанға асылып тұрып аяқты алдына соза жоғары көтеру;3. асылып тұрған қалыпта аяқтың ұшын (алдына соза жоғары көтеру) қолға тигізу.Өрмелеу осы жаттығуларды орындап болғаннан кейін басталады.III. Қорытынды бөлім: 3 - 5 минут.1. Бағалау.2. Үйге тапсырма: жалпы жаттығуларды орындау.3. Денеге түскен салмақтың күшін жоюға арналған жаттығуларды жасату