Урок по казахскому языку Публицистикалы? стильді? тіл ерекшеліктері


Қазақ тілі 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.
ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.
Көрнекілігі: сызба тірек
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, үй тапсырмасын тексеру, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Публицистикалық стильдің сипаты.
2. Публицистикалық стильдің тақырыбы қандай болып келеді ?
3. Публицистикалық стильдің басты қалыптасқан сипатын атаңдар ?
ІІІ. Жаңа сабақ

Публицистикалық стильде жазылған шығарма:
Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады.
Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан
хабардар етеді.
Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
Логикалық жағынан қисынды да дәлелді, көңілге
қонымды болып, бұқараға ықпал етеді.
Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады.
Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады.
Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.


Оқушыларға ережені дауыстап оқыту;
Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру;
Өз түсінгендерін ортаға салғызу;
Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту
75-жаттығу
1. мәтінді мәнерлеп оқып шығу
2. мақала не туралы жазылған ? «мазмұнына тоқталып кету»
3. мақала қандай стильде жазылған ? Оның стильдік ерекшелігі неден көрініп тұр ?
4. Мақала авторы туралы ойларыңды жазу.
Тапсырма
Өзіңіз жайлы шағын мәлімет.

“Арман – адам қанаты” дейді, арманыңыз жайлы не айтар едіңіз?
Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырысыз?
Жақсы адамға берер мінездемеңіз (Бес сын есім)
Өзіңізден осы қасиеттер табыла ма?
5. Өзіңіздің алдағы жеңістеріңіз туралы не айтар едіңіз?
6. Құпия сырыңыз бар ма? Оны кіммен бөлісер едіңіз?
7. Сізден оқырмандарға әдемі тілек.
Үйге тапсырма:
77 – жаттығу.
“Аталы сөзді айта біл!” немесе “Мақал – сөздің мәйегі”
тақырыбына өз таңдауларыңмен шығарма жазыңдар.

Бағалау