Публицистикалы? стильді? тіл ерекшеліктері
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 9
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІI
5.Мұғалім: Жумашова М.Ж
Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: публицистикалық мәтінді анықтай білу,оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету, публицистикалық мәтінді талдай білуге қалыптастыру;
3.Дамытушылық: газет, журнал, радио, теледидарды оқып, көруге, үйрету.
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
73-жаттығу
Бұл мәтіннің қай жанрға жататынын анықтап, стильдік ерекшелігін талдап түсіндіріңдер.
Публицистикалық мақаланың негізгі мазмұнын қысқаша өз сөздеріңмен жазып шығыңдар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.
Публицистикалық сөздің қоғамдағы мәні өте зор. Ол қоғам мүшелерін ұлы істерге жұмылдырады, ұлы идеяларды дәріптейді.
Сондықтан публицистикалық сөздердің ерекше тарихи оқиғаларға байланысты туғандары, ерекше мәнділері, көркемдері ел есінде мәңгі қалған. Оның авторлары, атақты шешендер ұмытылмайды. Антика заманындағы грек Демосфен бүгін де ауыздан түспейді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздерін әр қазақ біледі. Отан соғысы жылдары И.Эренбург, Б.Горбатов, Б.Бұлқышев сөздері жауынгерлерімізді шабуылға бастады.
Публицистикалық сөз зор талант, мол біліммен қатар, дайындықты да талап етеді.
«Афиндықтар, жасырмаймын, алдарыңа сөзімді дайындап келіп отырмын!» - дейді екен Демосфен.
ІV .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
74-жаттығу
75- жаттығу
76-жаттығу
Грамматикалық талдау
V. Үй тапсырмасын беру.
Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
77-жаттығу
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ. Сабақтың аяқталуы: