?аза? тілінен Етістік.Осы ша?ты? т?рлері та?ырыбыны? ?ыс?а мерзімді жоспары


Сабақ жоспарыПән: қазақ тіліСынып: 7”Б”
Күні: 18.10.12
Сабақтың тақырыбы: Етістік.Осы шақтың түрлеріСабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға етістіктің,осы шақтың түрлерінің маңызы туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,зейінін,пәнге деген қызығушылығын,етістіктің,осы шақтың түрлерін ажырата білуін дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілік,еңбексүйгіштік қасиеттерін нығайту,дұрыс сөйлем құрауға үйрету.
Сабақтың түрлері: Дәстүрлі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ- жауап,түсіндіру,жаттығу жұмыстарын жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба нұсқа
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а)сәлемдесу; ә)оқушыларды түгендеу; б)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; в)оқушылардың назарын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1) Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі, сөйлемде қандай қызмет атқара алады? (Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен,сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.1)Есімдіктер,әсіресе жіктеу есімдіктері,атау септікте тұрып бастауыш болады;2)Есімдіктер барыс,табыс, жатыс,шығыс,көмектес септіктерінің бірінде тұрып толықтауыш болады;3)Есімдіктер ілік септікте немесе сын есіммен сан есімнің орнына қолданылып,анықтауыш болады;4)Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады;5)Есімдіктер жіктеліп қолданылса,баяндауыш болады.)
2)Есімдіктер мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?(7 топқа бөлінеді: а)жіктеу есімдігі;
ә)сілтеу есімдігі;
б)сұрау есімдігі;
в)өздік есімдігі;
г)жалпылауесімдігі;
д)болымсыздық есімдігі;
е)белгісіздік есімдігі.)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 1)Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Етістік – заттың қимылын,іс – әрекетін білдіретін сөз табы.Етістік не істеді? Не қылды?қайтты? деген сұрақтарға жауап береді.)
2)Басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістік қалай аталады?(Туынды түбір немесе Туынды етістік)
3)Құрамына қарай нешеге бөлінеді?(Дара және Күрделі етістік болып 2-ге бөлінеді.)
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Етістіктің шақтары есімше,көсемше тұлғалы етістік түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті, және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.Шақтық мағынадағы осы тұлғалар дара етістікте де,күрделі етістікте де қолданылады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі болады.Соған сәйкес етістіктің шақтары да үш түрге бөлінеді.Сөйлеп тұрған сәтке байланысты,яғни сол сәтте болып жатқан қимылды Осы шақ,әлі болмаған,бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды Өткен шақ білдіреді.
ОСЫ ШАҚ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: 1) сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдірді; 2) Әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.
Нақ осы шақ Ауыспалы осы шақ1)Қимылдың,іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.
2)Етістіктің құрамына қарай Жалаң және күрделі болып бөлінеді.
3)Жалаң түрі отыр,тұр,жатыр,жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады.
4)Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады.
5)Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
6) Күрделі түрі негізгі етістіктің -ып, -іп,-п;-а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр,тұр,жүр,жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады.Мысалы: Мен оқып отырмын.Сен ойнап жүрсің.Оқушы кітап оқып тұр. 1)Қимыл,іс-ірекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді.
2)-а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
3)Тұлғасы (көсемшенің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады:бірде дағдылы қимылды білдіріп,осы шақ мағынасын берсе,енді бірде алда болатын қимылды білдіріп,келер шақ мағынасын береді.Мысалы:мен кел + е + мін.Сен ойна + й + сың.Ол бар + а ды,т.б.

ІV. Сабақты бекіту:123-жаттығу(оқып шығып,нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктері табыңыздар.Қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.)
Ү л г і: опырайып тұр – негізгі етістк пен тұр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалған.
Ер ана Қалың орманның өрт шалған тұстары түскен тістің орнындай кетіліп,қап – қара болып опырайып тұр.Әр жерде намазға жиналғандай топ құзғындар отыр,қуанғанынан құйрығына дейін қыпық қағып сауысқандар жүр.Ерсілі – қарсылы көсіле құлаған ақ теректердің күміс жапырақтары әлі дір қағып жатыр.Көрінген бұтаны бой таса жасап,қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр.Жауған оқты елемей,өлім қаупін ескермей келк жатқан ана ді ол.Өмір үшін сынға түссе,ана жүрегі бүлк еткен бе!?Әйе бұршақтай бораға оқ астына қарай келе жатыр.Бұл – аңыраған ана Наталья.
(Ғ.Мүсірепов)
1)Отыр – неізгі етістік,жүр – негізгі етістік.2)Қағып жатыр – негізгі етісік пен жатыр көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалған.3)келе жатыр – негізгі етістік пен жатыр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалға.
Тапсырма:Тақырыптың неліктен “Ер ана” аталғанын әңгімелеңіздер.
124 – жаттығу,Сөйлемдерді көшіріп жазып,нақ осы шақтың күрделі түрлерінің астын сызыңдар, қалай жасалып тұрғанына көңіл бөліңіздер.
Қыстаудың сыртындағы мал қораға үйілген бір мая шөптің төңірегі қобырап жатыр.Бес – алты бала тағы бір мая тұрғызып, төңірегін мұнтаздай етіп,жиыстырып жүр.Өгіз жеккен сүйретпемен екі бала сонау көрінген белден үйме шқпті тартып келе жатыр. Қарт көзін көлегейлеп соларға қарап қалыпты. Әжімді жүзінде пішен тартып жүрген қолқанаттарына ырза болған сезім көрініп тұр. (М. Сүндетов)V. Сабақты қорытындылау: Сонымен, оқушылар бүгінгі сабақтанне білдіңіздер, не үйрендіңіздер, не түсініксіз болды?VI. Үй тапсырмасы: 126-жаттығуVII. Бағалау: