Презентация по географии на темуеуразия жер бедері мен пайдалы ?азбалары


Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясы АШЫҚ САБАҚТақырыбы: Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларыПрактикант: Сайлаубаева Ақжан Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушыларды Американың халқы мен қалаларымен таныстыру, елдің экономикалық жағдайымен алатын орнына, ірі мемлекеттеріне тоқталу.Дамытушылық:Оқушылардың баяндай білу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, картамен жұмысты дамыту.Тәрбиелік:Оқушыларды басқа мемлекеттер- мен таныса отырып, олардың туған жер- ге, елге деген сүйіс- пеншілігін ояту арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Үй тапсырмасын сұрау:1.Еуразия жағалауларын қандай мұхиттар шайып жатыр? Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік мұзды мұхит сулары шайып жатыр2.Атлант мұхиты материктің қай жағын шайып жатыр? батысы мен оңтүстік батыс жағалауларын3.Атлант мұхитының ең таяз жері? Солтүстік теңіздегі Доггер-Банка қайраңы, тереңдігі 13 м.4.Жанартаулық аралдардың ішіндегі ірісі? Исландия аралы5.Тұздылығы 37 ‰ болатын теңіз? Жерорта теңізі




6.Дж.ауланатын балықтардың неше пайызы Атлант мұхитына тиесілі? 39 %7.Солтүстік Мұзды мұхиттағы ең үлкен және кіші теңіздер?Норвег,Ақ теңіз8.Мұхиттағы су массалары батыстан шығысқа қарай қозғалып нені қалыптастырады? Трансарктикалық ағысты9.12-12 метрге жететін нелер пайда болады? Мұз құрсаулары10.Солтүстік Мұзды мұхиттың жылдық жауын - шашын мөлшері? 100-200 мм




11.Скандинавия халықтары қандай кәсіпшілікпен айналысқан? құс мамығын жинау12.Экватордан солтүстікке қарай орналасқан бөлігіндегі ағыстар жүйесіне кіреді? Солтүстік Пассат, Куросио ағыстары13.Куриль суық ағысы қалай әсер етеді?Ағыс әсер ететін солтүстіктегі жағалық аудандарда климат біршама салқындап, қыста қалың қар жамылғысы қалыптасады14.Тайфундар дегеніміз не? Оңтүстікке қарай мұхит үстіндегі атмосфералық қысымның кенет төмендеуінен пайда болатын құйын тәріздес дауылдар



15. Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатқан мұхит? Үнді мұхиты16.Үнді мұхитының ең шалғай теңізі? Қызыл теңіз,тұздылығы 41‰17.Суының беткі температурасы қанша? +25º, +30ºС18.Парсы шығанағында не байқалады? ең жоғарғы температура +34ºС19.Парсы шығанағында не өндіріледі? мұнай және газ қоры20.Қайраңдардағы шөгінділер құрамында нелер кездеседі? қалайы, фосфорит, алтын





Теңіз деңгейінен орташа биіктігі - 840 м.14 шыңның абсолют.биіктігі - 8000 м-ден жоғары. 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері – Джомолунгма (Эверест), 8848м. Жер бедерінің тағы бір ерекшелігі – биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251м-ге жетеді. Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуіЕуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік - шығысына дейін созылып жатыр. Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуЕуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау - Ключи Шоқысы (4750 м) мен 1883 ж. Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралындағы Кракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан Еуразияның пайдалы қазбаларыМагмалық:Темір кен орындары: Үндістан, Ресей, Қытай (Курск магнит аномалиясы),Скандинавия;Сирек кездесетін металдар: Еуразияның шығыс бөлігі.Алтын мен алмас: Саха жерінде.Сапфир,Рубин: Үндістан түбегі , Шри-Ланка аралыШөгінді:Мұнай-газ: Парсы шығанағы, Солтүстік және Жерорта теңізі, Батыс-Сібір, Каспий маңы ойпаты, Ұлы Қытай жазығыТаскөмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донец, Кузнец, Қарағанды.Фосфорит: Қаратау.Боксит: Қазақстанда, Қытай, Альпіде. Жер бедері мен пайдалы қазбаларыЖер бедерінің дамуы мен ерекшеліктеріЖер сілкіну мен жанартаулық аймақтарЖер бедерінің негізгі түрлеріПайдалы қазбалар Теңіз деңгейінен орташа биіктігі және ең биік жері? Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м және ең биік жері Джомолунгма (Эверест) 8848 м Материктің ежелгі платформалары? Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай – Корей және Оңтүстік Қытай платформалары Құрылымы күрделі тау жүйелері? Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары Қандай сейсмикалық белдеулер өтеді? 2 сейсмикалық белдеу өтеді. Олар: Альпі- Гималай және Тынық мұхиттық геосинклиналдық Цунами дегеніміз не? Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындарды айтамыз. Цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. “Отты шеңбер” деп неліктен атаған? Жапония жағалауында 2011 жылдың 11 наурызындағы күшті 8,9 балдық апатты жер сілкіну мен цунами әсерінен 15 мыңға жуық адам қаза тауып, мыңдаған үйлер мен ғимараттар қираған. Жанартау атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан да “Отты шеңбер” деп атаған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі қандай ірі жазықтар алып жатыр? Шығыс Еуропа жазығы және Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Азияның ¾ бөлігін нелер алып жатыр? Азияның ¾ бөлігін таулы үстірттер мен қыраттар және тау жоталары алып жатыр. Жер қыртысының жарылыстар бойымен төмен түсуінен қандай тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған? Такла-Макан, Жоңғар, Ферғана, Балқаш-Алакөл Пайдалы қазбалар түзілу жағына қарай қандай топтарға бөлінеді? Магмалық және шөгінді Шөгінді жыныстар құрамында нелер кездеседі? Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар Тас көмір қай жерлерде өндіріледі? Еуропаның орта бөлігіндегі Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур және Донец, Кузнец, Қарағанды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Үйге тапсырма: § 16-17. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.