Ш?к?рім «?ал?аман — Мамыр» поэмасы



Сабақ жүргізетін мұғалімнің аты - жөні
Шулгаубаева Гулнур Ікурс (10 класс) Атырау көлік және коммуникация колледжі
Сабақтың атауы Тақырыбы: Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Сілтеме Сабақ жоспары ,слайдтар
Жалпы мақсаты Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру. Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Міндеттер Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңд
Күтілетін нәтиже «Қалқаман - Мамыр» поэмасының өзекті мәселесі cол заманның шындығы, қатал үкімі, құрбандары туралы мәлімет алады
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, қосымша материалдар.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың барысы. І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.ІІ. Ой қозғау стратегиясы.1. Абай мен Шәкәрім арасында қандай туыстық қатынас бар?1. Абай шығармашылығы туралы қандай ой түйдіңдер?2. Абай мен Шәкәрім сабақтастығы неде?3. Шәкәрімнің қандай шығармаларын білесіңдер?4. Біздің мектепте аудандық Шәкәрім оқуларының жүлдегері кім?ІІІ. Жаңа тақырыптың өзекті мәселесін жүйелеу:1. «Қалқаман - Мамыр» поэмасының өзекті мәселе.2. Сол заманның шындығы, қатал үкімі, құрбандары.3. Кейіпкерлердің іс - әрекетін бағалау (өзіндік пікірін тыңдау).ІҮ. Поэманың композициялық құрылымы.1. Оқиғаның басталуы: Туыстық байланыс2. Оқиғаның байланысы: 1. Мамырдың бой жетуі2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі3. Қос ғашықтың қашып кетуі3. Оқиғаның дамуы: Мәмбетей мен Көкенайдың Әнет баба сөзіне құлақ аспауы4. Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі5. Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім2. Қалқаманның елден кетуі6. Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы.Ү. Оқулықпен жұмыс. І. Ізде, тап.1. Мамырдың соңғы сөзі2. Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі3. Қалқаманның елімен қоштасқандағы сөзіІІ. Сөздік жұмысы: Еркек – шора, Бастаңғы, оғат, халал, асық, шаһит болу деген сөздердің мән - мазмұнын ашу.ҮІ. «Білім мен дәстүр» сыны.І. Поэмадағы салт - дәстүр көрінісін атайық.1. Жақыннан қыз алмау2. Уәдеге беріктік3. қалың мал беру.4. құда түсу5. бастаңғы жасау6. бата беруІІ. Заман шындығын сұрыптау:1. теңсіздік2. жастардың бас бостандығы3. қалың мал4. оққа байлау5. жесір дауыІІІ. Поэмадағы жер - су атауларын теріп жазыңдарҮІІ. Сабақты бекіту. Сұрақтарға жауап алу.1. Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы? (1722 жыл).2. Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім? (Әнет баба)3. Қалқаманның әкесі кім? (Олжай).4. Мамыр Қалқаманды қай жерге, қашан келуге шақырды? (Бүрсігүні, қалың қамыс)5. Мамыр қыздың киімін кигеніне неге қуанбады? (Әкесі құда түсірмекші болды).6. Екі жастың қосылуына не кедергі болды? (Туыс, аталас болуы).7. Қалқаман неліктен өз елінен кетіп қалды? (Оққа байлағаны үшін)8. Қалқаманды елі неге іздемеді? (Қазақ - қалмақ соғысының кесірінен)9. Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр? (Ұлы жүз).ҮІІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.ІХ. Үйге тапсырма: «Салтыңды қадір тұт» толғау жазу. Өз таңдауы бойынша үзінді жатта